Шаруашылық жүргізуші субъектлер қаржысы

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектлер қаржысы – қаржылық жүйенің жетекші звеносы.
  2. Шаруашылық жүргізуші субъектлер қаржысының қызметтері мен негізгі қасиеттері.
  3. Шаруашылық жүргізуші субъектлер қаржысын әртүрлі белгілер бойынша жіктеу.
  4. Меншікті қайта құрудың қаржылық аспектлері: мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, қайта құру.

 

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды. Елдегі ақша қатынсатарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты алғашқы бөлуді қамтитындықтан және кәсіпорындар деңгейінде мемлекеттің қаржы ресурстарының басым ауқымы қалыптасқандықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы қаржының біртұтас жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қаржының негізгі бастапқы бөлігін білдіреді, өйткені ол елдегі ақша қатынастарының маңызды сферасын қамтиды.

Қаржы бірінші реткі ортада – материалдық құндылықтарды өндіру кезінде пайда болады.

Кәсіпорын қаржысы ұлғайтылған ұдайы өндірістің негізгі жақтарын ақша-лай түрде көрсетеді және экономикалық заңдар талаптарына сай оны жүзеге асыруға жағдай жасайды. Олар халық шаруашылығын ары қарай дамытуға қа-жет ақшалай табыстар мен жинақтарды ары қарай бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Өндіріс сферасында туындай отырып, қаржы ары қарай жалпы мемлекеттік қаржы тәуелді болатын ресурстармен қамтамасыз ете отырып, кәсіпорынды дамытады.

Кәсіпорын және ұйымдар қаржысына кәсіпорындар, фирмалар, қоғамдар, концерндер, ассоциациялар, салалық министрліктер мен басқадай шаруашылық органдарының (ауылшаруашылық, құрылыс, көлік, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамға пайдалы қызметтің әртүрлі сфераларында әртүрлі қаржылық, несие, сақтандыру, ғылыми, маркетингтік және басқадай қызметтер ұсыну) қаржысы кіреді.

Қазақстанда меншік формаларының дамуы кәсіпорындардың мынадай жа-ңа түрлерінің туындауына ықпал етті: жеке, кооперативтік, акционерлік, аралас, шетелдердің кәсіпорындарымен бірлескен кәсіпорындар және фирмалар, шар-уашылық серіктестері. Әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындар жаңа заңдық негізде дами келе, қаржы категориясына тікелей қатысты болады, себебі, олар ақша қорларын құрып, табыс табады.

«Шаруашылық серіктестер туралы» Заңда шаруашылық серіктестікке мына-дай анықтама беріледі: шаруашылық серіктестік дегеніміз негізгі мақсаты пайда тауып, ары қарай ұдайы өндіріс процесінде оны қайта бөлу және пайдалану болып табылатын, жарғылық қоры құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарналарына (үлестеріне) бөлінетін заңды тұлға болып саналатын коммерциялық ұйым.

Акционерлік қоғамдардың қаржылық қатынастарының ерекшеліктері ак-цияны өндірістік және комерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру құралы ре-тінде акцияны пайдаланатындығында. Дамыған нарықтық жүйе акция есебінен қаржылық ресурстарды ұлғайтуды білдіреді.

Мемлекеттік секторда кәсіпорындардың төмендегідей түрлері қызмет ете-ді: шаруашылықты жүргізу құқығына негізделген; оперативтік басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорындар). Кәсіпкерлік қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық формасының бірі — шетелдік фирмалар қатысқан біріккен кәсіпорындар. Біріккен кәсіпорындар отандық кәсіпорындардың да, шетелдік серіктестердің де мүдделерін көздеуге тиіс.

Экономиканың кооперативтік секторы біртұтас халық шаруашылығы ке-шенінің звеноларының бірі болып табылады. Кооперация жүйесінде екі типтегі кооперативтер қызмет етеді: өндірістік және тұтыну. Өндірістік кооператив-тер кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелер мен азамаььарға ақылы қызмет көр-сетеді, тауар, өнім өндіреді, ал тұтыну кооперациясы сауда және көтерме сауда қызметінде өз мүшелері мен басқа азаматтардың қажеттілігін қанағаттандыра-ды. Қазақстан үшін ауылдық тұтыну кооперациясының маңызы зор.

Нарықтық экономика жағдайында меншік иелерінің көп болуы (мемлекет-тік, жеке меншік, акционерлік, кооперативтік, т.б.), олардың арасындағы бәсеке ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін және қоғамдық өндірістегі өзгеріс-терді тез қабылдай алатын, икемді, динамикалық экономика құруға мүмкіндік береді. Меншік формаларының, шаруашылық субъектлерінің көп болуының өзі өндіріске, бөлу процестеріне қатысатын, қаржылық қатынастарға түсетін ха-лықтың әртүрлі қатарының мүдделерін көрсете алады.

Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жолымен басқа формаларға ауыстыру оның формаларының көбеюін қамтамасыз етеді. Со-лардың негізінде материалдық өндіріс және қызмет сферасында нақты шаруашы-лықтарды қалыптастырудың объективті алғышарттарын құрайды, кәсіпкерлік пен бәсекелестікті ынталандырады, жұмысшылардың еңбек нәтижесін арттыруына жағдай жасайды.

Мемлекет иелігінен алу— бұл мемлекет меншігін басқа формаға ауыстыру. Егер мемлекеттік және муниципалдық кәспорынды азаматтар жеке меншікке сатып алса немесе акционерлік қоғамдарға айналдырылса, ол жекешелендіру болып табылады.

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және қайта құру бағдарламасында мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін сатудың екі түрі қарастырылған: аукциондық және тендерлік негізде сауда сату; алушыға тікелей сату.

Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы қаржының негізі және материалдық өндіріспен байланысқан біртұтас қаржылық жүйенің бөлігі болып саналады. Кәсіпорын қаржысы бөлу (онда қайта құрылған құн қайта бөлінеді) қатынас-тары негізіндегі экономикалық өсім көзі болып табылады.

Кәсіпорын қаржысының мәні – бұл оның ішкі мазмұны, онда құн, яғни өндірістік және бөлу қатынастарының өзара байланысында қайта құрылған құн жаңа ақша қорына айналады. Қаржының көріну формалары қаржыға қатысу-шылардың өзара қатынасына қарай өзгереді, бірақ мәні солай қалады, дегенмен, арнайы әдебиеттерде оған қатысты әртүрлі пікірлер айтылады.

Кәсіпорын қаржысы төмендегідей қызметтер атқарады: 1) ұдайы өндіру — өндірісті жаңарту үшін құн жасалады; 2) бөлу – мемлекет алдында басқа қаты-сушылар қаржылық міндеттемелерін атқара отырып, әртүрлі ақша қорларын құ-рады; 3) бақылау – ақша қорларының қалыптасуы, оны бөлу және бақылауға толық есеп және бақылау жүріледі.

Шаруашылық жүргізуші субъекті  қаржысының өзіндік ерекшелігі оның бөлгіштік сипатында, өйткені шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қатынастарының негізгі бөлігі ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу нәтижесінде пайда болады.

Бөлу функциясы екі жақты негізде жүзеге асырылады:

бухгалтерлік, статистикалық және жеделесептемедегіқаржылық көрсеткіштер арқылы;

қаржылық ықпал ету арықылы.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке дара толық айналымының үдерісінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс үдерісінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды және оның көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілерге бүкіл ақшалай табыстар мен қорлар қалыптасады және пайдаланылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды орын атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғары ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарды да жүзеге асырылады.

Кәсіпорын қаржысын ұйымдастырудың негізгі қағидалары төмендегідей:

— коммерциялық есеп қағидасы кәсіпорын тұрақты қолдануға, оның қызме-тіне қажет, оның жарғылық қорын құратын негізгі және айналымдық қаражат-тар (капитал) бөлетінін білдіреді және бұл қағида табыс (пайда) табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлік формасында жүзеге асырылады;

— өзін-өзі өтеу және қаржыландыру коммерциялық есептің негізгі белгісі болып табылады, ол заласыз қызметті және нормативтік пайда алуды білдіреді;

— жоспарлылық қағидасы кәсіпорынның қаржылық қызметі алдын-ала өн-діріс мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жету сатылары мен мерзімдеріне сай оның параметрлерін алдын-ала есептеу жолы-мен қарастырылатынын білдіреді;

кәіспорындар мен ұйымдардың барлық меншік формаларының теңдік қағи-дасы, қатынастардың тұрақтылығына және меншік формаларының (мемлекеттік, жеке меншік, шет мемлекеттері мен заңды және жеке тұлғалардың, халықаралық ұйымдардың меншігі) дамуына мемлекет кепілдігі арқылы жүзеге асырылады;

басқарудың барлық деңгейлерінде қаржылық резервтердің (резервтік қор, тәуекелділік қоры) болуы.

Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар табыс таба отырып, оны пайдалануға және бөлуге көшеді. Кәсіпорынның барлық жиынтық табысы кәсіп-орын шығындарының барлық көлеміне азаяды. Ережеге сай пайданы бөлу сызба-сы: салық мемлекет бюджетіне төленетін жалпы баланстық пайда (салық салына-тын пайда) есептеледі. Салық төлегеннен кейін қалған пайданы (таза пайданы) кәсіпорын әртүрлі қорларға бөледі: 1) өндірісті дамыту, 2) ұжымның әлеуметтік қажеттіліктері, 3) материалдық ынталандыру, 4) қаржылық резерв және т.б. құру.

Шаруашылық-қаржылық қызметі процесінде кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылық қорлар қалыптастырады және ұйымдастырады. Қаржылық қорлар дегеніміз белгілі мақсаттарға арналған ақша-қаражаттары. Олар жарғылық, ре-зервтік, жинақтау қоры, тұтыну қоры, еңбек ақы қоры, валюталық, жөндеу қор-ларына бөлінеді. Кәсіпорынның дербестік жағдайында басқа да мақсатты қорлар құрылуы мүмкін. Мысалы, медициналық сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік құрылымды дамытуға қатысудың үлестік қоры, т.б.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына (рентабельділік, төлемқабілеттілік, несиелік қабілеттелік), нарықтағы оның жағдайын (бәсекелестік қабілет) сипаттау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізу қажет. Тал-дауға қажет ақпараттар бухгалтерлік баланста, қаржылық-шаруашылық қыз-мет нәтижелері туралы есепте (пайда мен залал туралы есепте), ақша-қаражат-тары қозғалысы туралы есепте болады; сондай-ақ, оперативтік ақпарат та қол-данылады. Бухгалтерлік баланс көрсеткіштерінде кәсіпорынның активтері мен пассивтері туралы мәліметтер болады және олар бағалы қағаздардың өтімділік, түсімділік деңгейін, кәсіпорынның ағымдағы және стратегиялық мүмкіндікте-рін сипаттайтын қаржылық коэффициенттерді есептеуге мүмкіндік береді.

Коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдар әлеуметтік сипаттағы мына-дай қызметтерді көрсетеді: басқару, қоғамдық тәртіпті қорғау, елдің қорғанысы, халықты әлеуметтік қорғау, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет және өнер, қа-йырымдылық және гуманитарлық ұйымдар құру.

Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қызметінің материалдық не-гізі натуралы және ақшалай формадағы өндірістік емес бағыттағы қорлар. Натурал формадағы қорларды ұйымдар мен мекемелер белгілі бағаға сауда жа-сау тәртібімен тауар ретінде құрады және тұтыну процесінде олар өз құнынан айырылады. Материалдық емес өнім және қызмет жасау процесіндегі өндіріс-тік емес қорлар қозғалысының формалары, сондай-ақ, ұдайы өндіріс шарттары салалық сипатта болады.

Коммерциялық емес қызмет шаруашылығын жүргізу әдістері: көрсетілген қызметтер мен құндылықтар тегін болған жағдайда сметалық қаржыландыру, ал өтелетін болған жағдайда шаруашылық есеп айырысу және өзін-өзі өтеу негізінде жүріледі. Нарық жағдайында көптеген ұйымдар төмендегідей коммерциялық есеп айырысу түрлеріне көшіп келеді, яғни қызметтерді өзәне дамуға жететін қаржы жинақтау арқылы сұраныс бағасымен көрсетеді:

1) сметалық қаржыландыру – меншікті кірісі жоқ ұйымдар мен мекемелер шығындарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша-қаражаттарын беру (мұнда ақша-қаражаттары негзгі қорларды, материалдық запастарды сатып ал-ған кезде, қызмет ақысын төлегенде, еңбек ақы төлегенде, басқа шаруашылық қажеттіліктерге тұтынылады);

  • шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп айырысу әдісі шығыстары материалдық емес қызметтер мен құндылықтар өткізуден түскен түсімдерден өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады (бұл әдісті коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шаруашылық ұйымдары қолданады);
  • шығындардың өзін-өзі өтеу әдісі шаруашылық қызметін жинақтамайтын шығындарға қатысты бағасы анықталатын төлем бойынша қызмет көрсетуді қарастырады.

Қаржыны ұйымдастыру ерекшеліктері қоғамдық қайырымдылық және гу-манитарлық ұйымдар мен қорларға (қайырымдлық, балалар, табиғат, флора мен фаунаны қорғау және т.б. қорлар) тән. Олар бекітілген статус негізінде, авто-номды түрде қызмет етеді, төлемді штаттық персоналы бар басқару немесе мін-деті ретінде тегін қызмет көрсететін орган болып табылады.

Экономиканың коммерциялық емес секторының мекемелері мен ұйымда-рының қаржылық ресурстары бұл қызметтерін жүзеге асыру мен кеңейтудің әртүрлі көздерінен алынатын ақша-қаражаттры.

Қаржылық ресурстар көздері екі факторға (көрсетілетін қызмет түрлері және көрсетілетін қызмет сипатына) тәуелді және олардың түрлері мынадай болып келеді: 1) мемлекеттік бюджет қаражаттары (мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, білім беру, денсаулық сақтау); 2) меншікті қаражаттар (көр-сетілген қызметтен, орындалған жұмыстан түсетін түсім, пайда); 3) басқадай мүліктерді пайдаланудан түскен кірістер (ұйым меншігіндегі мүліктерді, құрал-дарды жалға беру, мүлік пен ғимаратты кепілге қойып алған қаражаттар).

Сонымен қатар қаржыландырудың төмендегідей көздері бар: материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан қайырымдылық мақсаттарға аударған төлемдер; шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың гуманитарлық көмек; демеушілік қаржы; ғылыми зерттеулерге қаржы бөлу — гранттар. Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемлері мен ұйымда-рын қанымдау және дамыту үшін қаражаттарды толықтырудың белгілі көздеріне оның коммерциялық және жинақ банктердегі депозиттеріндегі, сондай-ақ, қар-жылық нарықтағы бағалы қағаздармен алынған ресурстарының бір бөлігін бөлуден түскен табыстар жатады. Қаржыландырудың аударылған көздері пропорциясы әртүрлі болып келе-тін коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерінің ақшалай қара-жаттарын қалыптастырады.

Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер шығындары ережеде, жар-лық немесе басқадай бекітілген құжаттарда қарастырылған қызметті қамтама-сыз етуге жұмсалады. Шығындар құрамы мен құрылымы ұйым немес мекемеге қатысушылардың қызмет бағыттарының біріне қатысуы арқылы, сондай-ақ, қызметті жүргізуге қолданылатын әдіспен анықталады.

Бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен мекемелер қызмет ету сметасын жасайды. Онда мекеменің қызмет етуіне тән көрсеткіштер және төмендегі статьялар бойынша қаражаттар бөлінісі көрсетіледі:

«Ағымдағы шығындарға» тауарлар мен қызмет көрсету шығындары жата-ды және олар мынадай ішкі топтардан тұрады: жалақы; жұмыс берушілер және т.б. төлемдері, ішкі топтар құрамында пайыөз төлеу: ішкі займа және басқалары бойынша пайыз төлеу; ішкі топтар құрамындағы субсидиялар мен басқадай ағымдағы трансферттік төлемдер: қаржылық және қаржылық емес мекемелерге арналған залалдарға, тауар сату, қызмет көрсетумен байланысты залалдарға және коммерциялық емес ұйымдар, басқа кәсіпорындар залалдарын жабуға бөлінген субсидиялар;

«Капиталдық шығындарға» негізгі капитал сатып алу; негізгі капиталды құру; запас және басқаларды құруға тауар сатып алу сияқты ішкі топтар құра-мында негізгі капитал сатып алу және құру жатады; 

«Несие беру, үлес арқылы қатысу және қаржыландыруға» ішкі несие беру, сыртқы несие беру, шетелдің мекемелерден акция сатып алу сияқты ішкі топтар құрамында несие беру жатады; —«Қаржыландыруға» мынадай ішкі топтар жатады: Ұлттық банктің ішкі қарызын өтеу, ішкі қарызды және басқаларын өтеу, халықаралық қаржы ұйым-дарының, коммерциялық банктер мен фирмалардың сыртқы қарыздарды өтеуі.Нарықтық қатынстар жағдайында бюджеттік мекемелерді қаржыландыр-ған кезде қаржыландыру қызметті ұсыну бағдарлмаларын конкурстық іріктеу негізінде ұйымдасырылуға тиіс екенін ескеру қажет. Ондай кезде бюджеттен қаржыландыру үшін айтарлықтай тиімді мекеме немесе ұйымның қызметі таңдалып алынады.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектлер қаржысы жайлы не түсіндін?
  2. шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының қызметтерің атаңыз.
  3. Шаруашылық жүргізуші субъектлер қаржысы қалай жіктеледі?
  4. Шаруашылық жүргізуші субъектлер қаржысының негізгі қасиеттері қандай?
  5. Меншікті қайта құрудың қаржылық аспектілерін атаңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *