1. Қаржылық саясат түсінігі, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы оның орны.
2. Қаржы саясатының міндеттері, мақсаттары, қағидалары мен сатылары.
3. Қаржылық механизмнің мазмұны мен құрылымы.
4. Қаржылық қатынастарды құқықтық реттеу.
Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыпу үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөль атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру үдерісінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамьамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі бір құралы болып табылады.
Елдің қаржы заңнамасының негізінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, пайдалану және бөлу жөніндегі мемлекеттің іс-шаралары қаржы саясаты деп аталады. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді.
Қаржылық саясат – қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму бойынша мәселелерді шешу үшін қаржыны пайдалану бойынша мемлекеттің мақсатты қызметі. Қаржылық саясат – дербес қызмет сферасы және экономикалық сая-саттың құрамдас бөлігі.
Қаржылық саясат мақсаты – мемлекеттік бюджетті теңестіру, экономи-каны тұрақтандыру негізінде халық шаруашылығын қаржылық сауықтыру мәселелерін шешу.
Қаржылық саясат мазмұны – елде экономикалық заңдардың әрекет етуі негізінде қаржыны дамытудың ғылыми негізі бар тұжырымдамасын жасау; эко-номиканың жағдайы және қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму келешегін игеру; экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық шараларын қа-лыптастыру; экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне байланысты оны түзе-ту және реконструкциядан өткізе отырып, қаржылық механизм арқылы белгі-ленген әрекеттерді тәжірибеге айналдыру сияқты сатыларды біртіндеп жүзеге асыру.
Қаржылық саясат міндеттері: елдің дамуының нақты сатысының ерекше-лігі негізінде қаржылық ресурстар көлемін қалыптастыруға жағдай жасау; қаржы ресурстарын қоғамдық өндіріс, шаруашылық секторлары арасында нақты бөлу және пайадалану; ресурстарды нақты мақсатқа жұмсау; экономикалық дамудың нақты бағытын орындау үшін қаржылық механизм жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру. Мемлекеттің қаржылық саясаты қаржылық стратегия мен қаржылық тактикаға бөлінеді.
Қаржылық стратегия – келешекке есептелген және экономика мен қоғам-ның әлеуметтік дамуының ірі мәселелерін шешуді қарастыратын ұзақ мерзімді бағыт. Қаржылық тактика – елдің дамуының белгілі сатысындағы мәселелерді шешу және қаржылық қатынастарды ұйымдастыру тәсілдерін уақытында өзгерту жолымен дамуды қамтамасыз ету.
Қаржылық саясат қағидалары қоғамдық өндірістің барлық мүшелерінің мүд-десін ұстанады, олар: 1) қаржылқ қатынастарды тиімді ұйымдастыруды қамтама-сыз ету; 2) мемлекеттік қаржы кірісі мен шығынын теңестіру; 3) мемлекет резервін және әлеуметтік қорлар құру; 4) қаржы ресурстарын оптимал түрде бөлу.
Қаржылық саясат қаржылық механизмарқылы жүзеге асырылады. Қар-жылық механизм – экономика мен қоғамдағы қаржыны басқару басқару жүйе-сіндегі белсенді элемент, қаржылық қатынастарды ұйымдастыру түрлері, фор-малары мен әдістерін, оларды саны жағынан анықтау тәсілдерін қамтиды, өзін-дік ішкі құрылымы бар (Сурет 3).
Қаржылық механизм құрылымына жүйелі талдау, ішкі жүйе, блок, элемент сияқты түсініктер кіреді.
Қаржылық механизм (жүйе) | ||||||||
Ішкі жүйелер | ||||||||
Қаржылық жоспарлау (болжау) | Қаржылық тетіктер мен стимулдар | Ұйымдастыру құрылымы және құқықтық режим | ||||||
Блоктар | ||||||||
Қаржылық болжамдар, жоспарлар және баланстар | Қаржылық көрсеткіштер | Ағымдағы жоспарлауға қолданылатын қаржылқ нормалар мен нормативтер | Қаржылық ресурстарды бөлу нормативтері (макроэкономикалық нормативтер: салық ставкалары, қорларға аударылатын төлемдер нормалары, т.б.) | Ұдайы өндіріс пен ынталандыруды қаржылық қамтамасыз ет у қорлары | Қаржыны басқаруды ұйымдастыру | Қаржылық қатынастарды реттейтін заңдық және нормативтік актлер | Қаржылық бақылау | |
Элементтер | ||||||||
Қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың бастапқы түрлері, формалары, әдістеріне, ішкі жүйелер мен блоктарға, оларды саны жағынан анықтау тәсілдеріне сай нақты атаулар. | ||||||||
Сурет 3 – Қаржылық механизм жүйесі
Ішкі жүйе (бөлік) – қаржылық жоспарлау, қаржылық тетіктер мен стимул, ұйымдастыру құрылымы, қаржылық жүйенің құқықтық режимі және қаржылық бақылау.
Блок (звено) – жалпы мақсаттық бағыт белгісі бойынша (қаржылық бол-жамдар, жоспарлар мен баланстар, қаржылық көрсеткіштер, ұдайы өндірісті қаржымен қамтамасыз ету және ынталандыру қорлары, қаржылық қатынастар-ды реттейтін заңдық және нормативтік актлер) біріктірілген біртекті, өзара байланысты элементтер жиынтығы.
Элемент – қоғамдық өндіріс мүшелерінің мүдделері ерекше түрде көрінетін қарапайым шаруашылық формасы.
Қаржылық механизм ерекшеліктері: динамикалылығы, үнемі жетілдіріп отыру, шаруашылық механизм звеноларымен тығыз байланыста болу. Нақты, жақсы ойластырылған қаржылық механизм көмегімен өндіріс көлемі мен сапа-сына белсенді түрде ықпал етуге, оның эффектілігін көтеріп, экономиканы өсі-ру үшін қаржылық ресурстармен, мемлекетті әлеуметтік-экономикалық бағдар-ламаларды орындау үшін орталықтандырылған меншікті мемлекеттік қаржы-мен қамтамасыз етуге болады.
Әлемдік тәжірибені ескере отырып, ҚР экономикасының дамуының қазіргі сатысындағы қаржылық механизмді жетілдіру міндеттері өндірісті кең кө-лемде демократияландырумен, коммерциялық бастама енгізумен, нарықтық реттеумен, шаруашылық нәтижесінде экономикалық мүддені күшейтумен бай-ланысты. Қаржылық саясат қазір қарама-қайшы міндеттерді шешеді, қаржылық саясат теңестірілген болуы тиіс.
Қаржылық саясаттың негізгі бағыттары: 1) шаруашылық субъектлері-нің қаржысы сферасындағы нарықтық қатынастарды нығайту шараларын өткі-зу; 2) дағдарысты жағдайды жеңу және қаржылық жүйені сауықтыру; 3) халық-ты әлеуметтік қорғау шараларының кешені; 4) монополияға қарсы саясатты ары қарай дамыту; 5) салық жүйесін жетілдіру; 6) қаржы нарығын дамыту; 7) бюд-жеттік тапшылықты азайту; 8) ішкі және сыртқы қарызды азайту, т.б.
Қаржыны басқару туралы түсінік. Басқару – бұл нақты нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты түрде ықпал ету амалдары мен әдістерінің жиынтығы. Қаржыны басқару – қаржылық және аралас экономикалық және әлеуметтік жү-йелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатында ықпал ету процесі. Басқару элементтері – жоспар және болжам, қаржылық қатынастар сферасындағы сая-сат және стратегия, әрекет және құқықтық негіз, бақылау. Қаржылық жүйеде басқару қаржылық механизм арқылы оның әдістері, стимулдары және санкциялары көмегімен жүзеге асырылады.
Қаржыны басқару қағидалары: демократизм; қаржылық мәселелерге саяси көзқарас; басқаруда экономикалық және әкімшілік көзқарастардың оптимал түрде үйлесім табуы; ғылыми негіздің болуы; орталықтандырылған, салалық және территориялық басқарудың келісілуі; басқарудағы жауапкершілік, шаруа-шылық шешімдерінің тығыз байланыста болуы.
Қаржыны басқарудың өзара байланысты элементтері төмендегідей:
— бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп формасындағы қаржылық ақпараттың ғылыми негізде жоспарлау үшін де, барлық қаржылық процестерді оперативтік түрде басқару үшін де басқару шешімдерін қабылдауда аса маңызды болып келеді;
— жоспарлау қаржыны басқаруда негізгі орын иеленеді және материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың тепе-теңдігін, өндірістік және қаржылық көрсет-кіштердің өзара байланысын, кіріс пен шығынның, халық шаруашылығының бар-лық деңгейлеріндегі қаржылық жоспарлар байланысын қамтамасыз етуге тиіс;
— ұйымдастыру – басқарудың барлық деңгейлерінің бірігуі, нақты болуы, қаржы-лық аппараттың нәтижелілігі;
-қаржылық реттеу резервтік қорлар, жоспардан артық ресурстар, бөлініп, пайда-ланылмай қалған қаражаттар есебінен қызметтің барлық түрлерінің пропорциясы мен бір мезетте орындалуын қамтамасыз етуге тиіс;
— қаржылық жоспарлардың орындалуын бақылау ақша қорларының қалыптасу жә-не пайдаланылу процесіндегі шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлеріндегі жоспарлау сатысында да, оперативтік басқару сатысында да жүзеге асырылады.
Министрліктер мен басқадай жоғары деңгейдегі қаржылық басқару аппараты жиынтық қаржылық жоспарлау, жүйені несиелік жоспарлау, кіріс пен шығынның жиынтық балансын орындауды бақылау жұмыстарын атқарады, ведомостволық кәсіпорындардың қаржылық бөлімдерінің жұмысын үйлестіре-ді. ҚР Конституциясында қаржыны стратегиялық басқару мемлекеттік билік пен басшылықтың жоғарғы органдарына жүктелген, олар: Парламент, Прези-дент Аппараты, Үкімет, Қаржы министрлігі. ҚР Президентінің қаржыны басқа-ру құзыреті өте кең, ол көбінесе ПрезидентАппараты арқылы жүзеге асырыла-ды. Президент жыл сайын халыққа елдегі жағдай және республиканың ішкі жә-не сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жолдауын жариялайды, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегиялық мәселелері туралы жарлықтары мен өкімдерін, т.б. шығарады.
Парламент құзырына мыналар кіреді: маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, салық салу, алымдар мен басқадай міндетті төлемдерді бекітуге; рес-публикалық бюджетке; қорғаныс пен ел қауіпсіздігін және т.б. қамтамасыз ету-ге байланысты негізгі қағидалар мен нормаларды анықтайтын заңдар мен парламент қаулыларын шығару. Парламенттің жұмыс органдары: Сенат пен Мәжілістің тұрақты комитеттері – тұрақты жұмыс атқаратын экономика,қаржы, бюджет комитеттері.
Жалпы мемлекеттік қаржыны ҚР Қаржы министрлігі жүзеге асырады, ол қаржыны стратегиялық және оперативтік түрде басқарады, қаржылық жоспар-лау саласында әдістемелік жетекшілік жүргізеді. Әдістемелік жетекшілікке мы-налар кіреді: қаржылық заңдылық жобаларын жасау, мемлекеттің кәспорын-дармен, ұйымдармен қаржылық қатынастарын жетілдіру; мемлекеттік бюджет кірісі мен шығындарын жоспарлау, т.б. Салық қызметі ұйымдарына ҚР Мемле-кеттік кіріс министрлігі және қалалар мен аудандардағы қалалық және аудан-дық звеноларға бөлінетін республика облыстарындағы салық комитеттері.
Қазынашылықтық ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазынашылық департаменті мен оған бағынатын, облыстардағы территориялық бөлімшелерден тұрады.
Басқарудың автоматтандырылған жүйесі – қаржыны, қаржы жүйесін эф-фективті басқаруға мүмкіндік беретін әкімшілік, экономикалық, математикалық әдістер, есептеу және ұйымдастыру техникалары, байланыс мен құралдарының жиынтығы.
Қаржылық жоспарлау – белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған және қоғамда қаржы ресурстарын, орталықтандырылған, орталықтандырылмаған жә-не нақты ақшалай жинақтар, қорлар құруға бағытталған нақты ақша қорларын қалыптастыру, бөлу, пайдаланудың барлық сфераларын қамтитын қаржылық жоспар (тапсырмалар) дайындау, қарастырылған мерзімде олардың орында-луын ұйымдастыру процесі.
Қаржылық жоспарлау мақсаты мен міндеттері – қаржылық ресурстарды қалыптастыру көздерін, олардың мөлшерін, қаржылық қатынастарға қатысу-шылар арасында табысты бөлген кезде оптимал пропорцияны анықтау, эконо-микада, салалар, шаруашылық жүргізуші субъектлерде, территориялық аспект-лерде пропорционалдыққа және тепе-теңдікке қол жеткізу.
Болжам – қаржылық қатынастардың нақты даму келешегі, ақша-қаражат-тары қорының қозғалысы туралы болжам жасау. Қаржылық жоспарлау құра-мында келешектегі мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектлердің стра-тегиясы, саясатының байланысын болжау.
Қаржылық жоспарлау қағидалары: орталықтандырылған және орталықтан-дырылмаған көзқарастар арасында қарама-қайшылық болмаған жағдайда олар-дың үйлесім табуы; қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен бірігуі; қаржылық жоспарлаудағы үздіксіздік перспективті және жылдық жоспарлауды (жоспарларды) байланыстырады, болжамдағы белгісіз-дікті дұрыстауға, ағымдағы және келешектегі жоспарлар арасындағы алшақ-тықты жоюға көмектеседі.
Қаржылық жоспарлау әдістері: баланстық әдіс; бағдарламалық-мақсаттық әдіс; экономикалық-математикалық әдіс; нормативтік әдіс; экстраполяция (немесе коэффициенттер) әдісі; экономикалық-математикалық әдістерді пайда-ланып есептаудің көп нұсқалылығы, ұзақ мерзімге арналған қаржылық болжам-дарға арналған ЭЕМ.
Сондай-ақ, нарықтық жүйеде индикативтік, яғни ұсыну түріндегіжоспар-лау да қолданылады, ол ақпараттық-үйлестіру ролін атқарады және қаржылық қызмет субъектлеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама әсер етеді. Индикативтік жоспарлаудың негізгі мақсаты – болжанған деңгейде даму үшін қажет қаржылық ресурстардың көлемін және жұмсалуын шамамен анықтау.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты қаржылық жоспар. Бұл кәсіп-орындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар мен мемлекеттердің ақшалай табыста-рының қалыптасуының және пайдаланылуының жоспары, қаржылық ресурстар-мен халық шаруашылығының қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Қаржылық жоспарлар (баланстар) жүйесі – қамтылған қатынастардың кең-дігімен, яғни ресурсардың жоспарланған түсу және пайдалану көлемімен ерекше-ленетін жоспарлардың түрлері. Осы белгі бойынша жоспарлар бірінші реткі және жиынтық деп бөлінеді. Бірінші реткі жоспарлар – материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының, бірлестіктері мен ұйымдарының жоспары; шығындарын тол-ық немесе негізінен бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландырылатын мемле-кеттік мекемелер мен ұйымдардың сметалары. Жиынтық жоспарлар— жалпы мемлекеттік, салалық, территориялық. Қаржылық жоспарлар түрлері өзара байла-нысты болып келеді. Мысалы, салалық жоспарлар ведомоство ішіндегі кәсіп-орындар мен ұйымдар жоспарларын қамтыса, территориялық жоспарлар жалпы мемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бөлігі болып саналады.
Шаруашылық коммерциялық қызметтің кәсіпкерлік звенолары бизнес-жоспарларды басшылыққа алады. Бизнес-жоспар – қызметтің техникалық-эко-номикалық негізіне сай құжат. Бизнес-жоспар өнім мен қызметтің ерекшелік- терін, олардың бәсекелестік қабілетін, сату нарығының бағасын, маркетинг стратегиясын, өндірістік, ұйымдық және заңдық жоспарларды, қауіп-қатер және сақтандыру бағасын сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.
Жоспарлау сатылары: бірінші – есептегі кезеңдегі қаржылық көрсеткіш-тердің орындалуына экономикалық талдау; екінші — әлеуметтік және экономи-калық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кіріс-тер мен шығыстардың негізгі топтары бойынша кірістер мен шығыстардың нақ-ты түрлеріне жоспарланған кезеңге есеп жүргізу; үшінші – жеке бөліктер мен статьялар бір жүйеге біріктіріледі, яғни теңестіріледі.
Жоспарлау кезеңіне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, орташа мерзім-дік (үш-, бес жылдық) және келешектегі деп бөлінеді.
Мемлекеттің біріктірілген (консолидированный) қаржылық балансы рес-публикалық және жергілікті бюджеттердің ақшалай қаражаттарының жиын-тығы, орташа мерзімдік дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасы болып табылады. Оны Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі дайындайды. Дайындауға Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кіріс министрлігі, Ұлттық банк белсене қатысады. Аймақтарда баланс есебін сәйкес аймақтық ұйымдар жүргізеді.
Жиынтық қаржылық баланста мемлекеттің, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, басқа меншік формаларындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша-қаражаттарының құрамы мен оларды қалыптастыру көздері және ұлғай-тылған ұдайы өндіріс пен қоғам қажетіне (әлеуметтік-мәдени шаралар, қорға-ныс, басқару) пайдалану көрсетіледі.
Кіріс пен шығын балансының классикалық формасы 4 тараудан тұрады: шы-ғындар; қаражаттар аударымы; бюджет төлемдері; бюджеттен бөлінген қаржы.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі бағыттары – жалпы мемлекеттік, ұжым-дық және жеке мүдделердің бөлу қатынастарын оптимал үйлестіруге; ақшалай жинақтарды оларды өсірудің интенсивті факторлары есебінен ұлғайтуды ынта-ландыруға; өндірісті дамыту, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және еңбек ұжымдарын материалдық жағынан ынталандыру шығындарын қаржы-ландыруға бағытталған, мемлекеттің бірыңғай қаржылық саясатын өткізумен қамтамасыз ету.
Қаржылық құқық – бұл ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайда-лану процесінде туындайтын қаржылық қатынастарды реттейтін заңдық нормалар жиынтығы. Ол біртекті қаржылық қатынастарға жататын жекеленген бағыттармен шектеледі. Оларға бюджеттік құқық, салық құқығы, шаруашылық құқығы, банктік құқық, сондай-ақ, қаржыны ақшалай қатынастар ретінде кең мағынада түсіндіру-мен байланысты валюталық және сақтандыру заңдылықтары, мемлекеттік несие-ні, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдер жатады.
Заңдық нормалар енгізу қаржылық байланыстарды ұйымдастырудың бір-ыңғай ережелерін бекітуге, қоғамның, кәсіпорын ұжымдары мен жекеленген азаматтардың экономикалық мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Құқықтық нормаларды қадағалау қатаң қаржылық тәртіппен қамтамасыз етеді, қаржы саласында бірыңғай саясат өткізуге мүмкіндік береді. Қаржы сферасында тәртіп бұзу қаржы саясатының нашар құқықтық қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Қаржылық-құқықтық реттеу әдістері қаржылық қатынастардың бір қатысу-шысыныңмемлекет жағынан сөйлейтін және сәйкес құзыры бар басқа жақтан шы-ғарылған мемлекеттік биліктің ережелері, ұсыныстары, келісімдері болып табылады.
Қаржылық-құқықтық нормалар императивтік (билік жүргізу) сипатында болады. Әдетте, оларда категориялық формадағы талаптар болады және ойша өзгертуге жол бермейді, қаржылық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін нақты анықтайды.
Қаржылық-құқықтық нормалар міндеттейтін, тыйым салатын, өкілеттілік беретін деп бөлінеді.
Қаржылық-құқықтық актлер қарастырылған формада қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік және басқару органдарының құзырына кіретін қаржылық қызмет мәселелері бойынша шешімдер түрінде болады. Олар қаржылық-құқықтық нормаларды бекітеді, өзгертеді немесе жояды немесе нақ-ты құқықтық қатынастардың туындауына, тоқтатылуына, өзгеруіне негіз бола-ды. Қаржылық-құқықтық актлер жиынтығы қаржылық заңдылықты құрайды.
Қаржылық-құқықтық актлер заңдық негіздері бойынша төмендегідей түрлерге бөлінеді:
— нормативтік актлер – біртекті қаржылық қатынастар тобын реттейді, оларды оған қатысушылардың әрекеттерінің жалпы ережелері, яғни құқықтық нормала-ры болады және олар ұзақ уақыт қызмет етеді (бұл актлер мемлекет алдындағы кәсіпорындар мен азаматтардың қаржылық міндеттемелерінің түрлерін, бекітіл-ген төлемдерді есептеу тәртібін, төлеушілердің типтік белгілерін, т.б. анық-тайды);
— жеке актлер белгілі төлеуші немесе қаражатты алушыға қатысты құқық нормаларын анықтайды;
— Заңдық актлер – бұл Парламент шығарған заңдар мен қаулылар, ҚР Прези-дентінің Жарлықтары;
— ішкі заңдық актлер – бұл заңға негізделген және заңды орындау үшін қабыл-данған актлер (салалық және жоғарғы органдардың бұйрықтары, Қаржы минис-трлігінің және Мемлекеттік кіріс министрлігінің инструкциялары, қандай бір әрекеттерді шешу туралы лауазымды тұлғалардың резолюциясы, т.б.);
— жоспарлы-қаржылық актлердің ерекшелігі – оларда белгілі уақытқа қаржы саласындағы нақты тапсырмалар болады, яғни қаржы ресурстарын қозғалысқа түсіру, бөлу және пайдалану жоспарлары болып табылады; оларға бюджеттің барлық түрлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарлары, бюд-жеттен қаржыланатын мекемелер шығындарының сметалары кіреді.
Қаржылық бақылау – қаржының бақылау қызметін жүзеге асыру формасы, ол қоғам, ең әуелі мемлекет тарапынан материалдық құндылықтарды өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесінее ықпал етуге мүмкіндік жасайды. Қар-жылық бақылау ақша-қаражаттарын жұмсауға, есепті дұрыс жүргізуге байланыс-ты барлық объектлерді тексеруге бағытталған арнайы қызмет болып табылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретінде қаржыға бақылау қызметінің тән екендігіне негізделеді. Осы қызмет арқылы қаржы қор-ларды бөлу, олардың қатынасының пропорциясы, оларды қалыптастыру көз-дері, пайдалану туралы ескертеді.
Қаржылық бақылаудың ерекшелігі – оның ақшалай формада жүзеге асыры-латындығында. Оның объектісі кіріс пен жинақ қалыптастыру процесі, ақша қорларын құру және пайдалану. Қаржылық бақылаудың әрекет ету сферасы бақылаудың басқа түрлерімен (әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси) сәйкес келеді.
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидалары: бақылаудың жүйелілігі, әмбебаптығы, барлық жерде болатындығы, бақылаудың сақтандыратындығы, яғни оның ескерту сипаты; нәтижелілігі, нақтылығы, жариялылығы, оларға ба-қылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда ғана қол жеткізіледі; дәлелденген әдістеме қолданылатындығы, істің жан-жақты зерттеліп, нақты ұсыныстар жа-сайтындығы; бақылаудың ашық болуы; бақылау органдары жұмысшыларының тәуелсіздігі.
Қаржылық бақылаудың негізгі міндеттері: 1) мемлекет, ұйым және халық алдында қаржылық міндеттемелердің орындалуынг тексеру; 2) шаруашылық субъектлерінің өз ақша-қаражаттарын дұрыс қолдана білуін тексеру; 3) шаруа-шылық субъектлерінің қаржылық операцияларды атқару, есеп айырысу және ақша-қаражаттарын сақтау ережелерін қадағалауын тексеру; 4) өндірістің ішкі резервтерін – шаруашылық рентабельділігін арттыру, еңбек өнімділігін өсіру, ай-налымдық қаражаттардың айналымдылығын жеделдету, материалдық және ақшалай қаражаттарды айтарлықтай үнемді және эффективті пайдалану мүм-кіндіктерін көрсету; 5) қаржылық тәртіп бұзуды түзету және ескерту.
Қаржылық тәртіп – бұл мемлекеттің, оның шаруашылық субъектлерінің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланудың бекітілген ережелері мен тәртібін қадағалау.
Бақылау объектісі — қаржы ресурстарын, оның ішінде ақша-қаражаттары қоры формасында қалыптастыру және пайдалану кезіндегі бөлу процесі. Қар-жылық бақылау сферасына негізінен ақшаны пайдаланып, кейде оларды пайда-ланбай (бартерлік мәміле.) жүзеге асырылатын барлық операциялар жатады.
Қаржылық бақылау нақтылық және нәтижелілік, жүйелілік және барлық жерде болу, жариялылық және бақылаудың ашық болу қағидаларына негізделе-ді. Қаржылық бақылау әмбебап, ескертетін болуға, ал, бақылау органдарының жұмысшылары барлық қағидаларды ұстануға тиіс.
Қаржылық бақылауоны жүзеге асыратын субъектлерге байланысты былай топтатырылады: жалпы мемлекеттік, ведомостволық қаржылық, шаруашылық ішілік және тәуелсіз (аудиторлық). Қаржылық бақылауды жүргізу формалары бойынша алдын-ала, ағымдағы және кейінгі бақылауға бөлінеді. Бақылаудың ондай формалары көптеген бақылау органдарының қызметіне тән.
Қаржылық бақылаудың негізгі әдістері: ревизия, тексеру, зерттеу. Ревизия дегеніміз кәсіпорын, ұйым, мекеменің өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін айтарлықтай толық зерттеу. Қаржылық бақылау субъектлеріне бақы-лау қызметі жүктелген ерекше органдар мен ұйымдар жатады.
Аудиторлық бақылау – тәуелсіз аудиторлық фирма мен кәсіпорын, компа-ния, банк, сақтандыру компаниясының иесі (меншік иесі) жасаған келісім (келі-сім-шарт) негізінде қаржылық-шаруашылық қызметінің жағдайын тексеру. Ау-диторлық фирмалар бір мезетте шаруашылық субъектлердің резервтерін көрсетуге, коммерциялық және қаржылық-шаруашылық қызметі, бухгалтерлік есепке қою, қаржылық жоспарлау мәселелері бойынша көмек көрсетуге, тиімді жұмыс жүргізу жолдарын іздестіруге бағытталған кеңес беру қызметін атқара алады. Аудиторлық фирмалар аудиторлық қызметті жүргізуге мемлекеттік ор-гандар немесе басқа органдардан арнайы рұқсат алады.
Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік және басқару органдары жүзеге асырады, олар: Президент Аппараты, ҚР Парламенті, Үкімет, жергілікті өкілетті органдар (депутаттар жиналысы), жергілікті әкімшілік ор-гандар. Алдын-ала парламенттік бақылау жүргізу мақсаты – нақты саяси, эко-номикалық және әлеуметтік жағдайда қарастырылған шығындардың жалпы бір-тұтастығын анықтау. Жалпы мемлекеттік бақылау жүргізетін органдарға ҚР Ұлттық банкі, Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кіріс министрліктері де жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қаржылық саясатқа толық сипаттама беріңіз.
2. Қаржылық саясаттың экономикалық және әлеуметтік саясаттағы орны қандай?
3. Қаржы саясатының міндеттеріән атаңыз.
4. Қаржылық механизмнің құрылымы қандай?
5. Қаржылық саясаттың мақсаттары мен қағидаларын атаңыз.