- «Қаржы» түсінігі – құндық экономикалық категория.
2 Қаржының қызметтері.
- Қаржы қызметтеріне экономистер көзқарастарының дамуы.
- Қаржылық ресурстар: қаржылық ресурстар көздері, өсу факторлары.
Қаржы – бұл бөлу және қайта бөлу процестері арқылы қоғамдағы ақшалай қатынастардың айтарлықтай бөлігін қамтитын тарихи түрде қалыптасқан эко-номикалық категория. Экономикалық өмірде қаржы сыртынан қоғамдық өндіріске әртүрлі қатысушылардың ақшаларының қозғалысы түрінде көрінеді және қолма-қол ақшасыз немесе ақшалай есеп айырысу және төлем түрінде ақша сомасын қоғамдық өндірістің бір иесінен екіншісіне беруді білдіреді.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы 6 кітап» деген деген жұмыс бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге жазып қоюға болады.
Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері туралы») алғагқы авторлары Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржы «financia» латын тілінен аударғанда қолма-қол ақша, кіріс деген ма-ғынаны, кең мағынада алғанда, ақша-қаражаттары, ақшалай айналым деген мағы-на береді. Ақша қаржының болуының міндетті шарты болып табылады. Сондық-тан көбінесе «қаржы» түсінігін «ақша» түсінгімен ауыстырып түсінеді. Бірақ бұл екеуі әртүрлі, бірақ өзара байланысты түсініктер. Қаржы мазмұны бойынша да, орындайтын қызметтері бойынша да ақшадан айтарлықтай бөлек болып келеді.
Ақша-бұл ерекше тауар. Тауар ретіндегі ақшаның ерекшелігі-ол барлығына ортақ эквивалент, оның көмегімен тауар өндіруші жұмсаған еңбек шығындары өлшенеді. Ақшаның негізгі бағыты оның бес қызметі арқылы көрінеді. Олар: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, жинақтау құралы, дүниежүзілік ақша.
Қоғамдық қатынастар иерархиясында ақшалай қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынасар жүйесінің айқындаушы бөлігі – өндірістік қатынастарға кіреді. Бұдан қаржылық қатынастарды базистік әрі негізгі қатынастар болып табылатынын өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге болады.
Нарықтық экономика мемлекеттің экономикадағы рөлінің күшейуін нақтылы шарттастырады және сондықтан да маңызды дамулар мемлекеттердің экономикаға кірісуі бойынша шығындарға ие, экономикаға, көмір, газ және де өнеркәсіптің басқа да салаларына, ауыл шаруашылығын қолдауға, экономикадағы мемлекеттік сектордың ұлғайтуға (әсіресе, дағдарыс кезеңінде) күрделі мемлекеттік салымдар өсті (ғылыми-техникалық прогресске шығындар, әлемдік нарықта отандық өндірушілерге қатысты протекционизм) сарапшы фирмаларға, сарапшы сыйақыларға ұсынымдар).
Кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың акционерлік нысаны нарықтық экономикасы дамыған елдерде кең ауқымға ие. Бұл акцияларды шығару — ақша жинақтарын өндірістік инвестицияларға тасымалдауға мүмкіндік беретін капиталды мобилизациялаудың мықты формаларының бірі болып табылуымен тығыз байланысты. Акцияларсыз, облигацияларсыз, банк несиелерінсіз және қаржы нарығының басқа да элементтерісіз корпорациялар өзін-өзі қаржыландыруда болуы керек еді, бұл болса олардың өсімін жылдам шектейтін еді. Сондықтан дамыған шет елдерде қаржы қатынастарының маңызды сферасы жеке ұлттық трансұлттық операциялардың қаржылары болып табылады, өйткені өздерінің ұйымдастырушылық құрылымы бойынша корпорациялар акционерлік қоғамдарға тән.
Қаржы – мемлекеттің және оның ақша ресурстарына қажеттілігінің да-муына байланысты жүйелі тауар-ақша айналымы жағдайында туындайтын ақ-ша-қаражаттары қорын құру және пайдалану процесіндегі экономикалық қаты-настарды көрсететін экономикалық категория. Тарихи тұрғыдан қаржы мемле-кеттің экономикалық құрылысымен байланысты көрінетіндігі дәлелденген. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы ірі ақша ресурстарын шоғырландырады, ал ол қоғамның қажеттілігімен дәлелденген.
Қаржы – бұл жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты (ҰТ) бөлу мен қайта бөлудің экономикалық құралы, ақша-қаражаттары қорының қалыптасуы мен пайдаланылуын бақылайтын қару. Қаржының негізгі бағыты – мемлекет пен кәсіпорынның ақша-қаражаттарына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ақ-шалай кірістер мен қорлар құру, сондай-ақ, қаржылық ресурстардың жұмсал-уын бақылау.
Қаржылық қатынастарға бюджетке салық және басқадай төлемдерді төлеу бойынша, бюджеттен кәсіпорындардың кейбір шығындарын қаржыландыру бойынша мемлекет пен кәсіпорындар арасында; бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті және ерікті төлемдер салған кезде мемлекет пен азаматтар ара-сында; орталықтандырылған қорлар құрған кезде кәсіпорындар мен жоғарғы органдар арасында; бюджеттен тыс қорларға сақтандыру жарналарын салған кезде кәсіпорындар мен сол қорлар арасында; несие алған, несие үшін пайыз төлеген, банк шоттарында ақша-қаражаттарын сақтаған кезде кәсіпорындар мен банктер арасында; сақтандыру жарналарын төлеп, сақтандыратын жағдай туын-даған кезде сақтандыру қорынан өтеген кезде кәсіпорын және сақтандыру ұйымдары арасында; еңбек ақы қорынан жалақы төлеген кезде кәсіпорындар мен жұмыскерлер арасында; туарлық-метариалдық құндылық сатып алғаны үшін есеп айырысқан кезде, дайын өнім сатқанда және қызмет көрсеткендегі өндірістік және коммерциялық қызмет процесінде кәсіпорындар мен ұйымдар арасында туындайтын ақшалай қатынастар жатады.
Ақша-қаражаттарының қозғалысымен байланысты мемлекет, кәсіпорын, салалар, аймақтар мен жеке азаматтар арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы қаржылық қатынастарды құрайды. Сонымен, қаржы –ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу негізінде ақша-қаражаттары қорларын құру және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесі.
Орталықтандырылған қаржылар ретінде мемлекеттік бюджет жүйелері мен дұрыс бюджеттен тыс қорларда аккумуляцияланатын мемлекеттің ақша қаражаттарының қорларын қолданумен және қалыптастырумен байланысты экономикалық қарым-қатынастар, ал деорталықтандырылған қаржылар ретінде – кәсіпорындардың ақша қорларының айналым шеңберін орталайтын ақша қатынастары түсіндіріледі.
Қаржы – ақша қатынастарының үздіксіз бөлшегі, сондықтан олардың рөлі мен мәні ақша қатынастарының экономикалық қатынастарда алатын орнына байланысты.
Қаржының пайда болу себебі – мемлекет пен әртүрлі субъектлердің өз қызметтерін қамтамасыз ететін ресурстарға қажеттілігі.
Қаржыға қатысты фунуция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Фунцияда категорияның арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы – ішкі жалпы өнімді бөлу мен өайта бөлудің экономикалық инструменті, ақша қорларының жасалуын және пайдалануын бақылау құралы. Сондықтан қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және ролі оның орындайтын функцияларынан айқын көрінеді.
Қаржының қызметтері: бөлу және бақылау.
Бөлу қызметі қаржының қоғамдық бағытын, яғни қоғамдық өндірістің әрбір мүшесін (субъектіні де, мемлекетті де) қажет қаржылық ресурстармен қамтама-сыз етуді, сондай-ақ, ақша ағымдарын мақсатты бағыты бойынша жұмсауды анықтауды жүзеге асырады. Бұл қызметтің шаруашылық ішінде, сала арасында және территория арасындағы бөлу деген түрлері бар.
Бақылау қызметі қаржының бөлу қызметінен туындаған және ақша қор-лары және олардң мақсатты түрде жұмсалуы бойынша жиынтық қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлуге бақылау жасау кезінде көрінеді.
Қаржының бөлу және бақылау қызметтері қаржылық механизм арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық механизм – мемлекеттегі қаржылық қатынастар формалары; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша-қаражат-тары қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі (ережесі); қаржылық жоспар-лау әдістері; қаржыны басқару формалары; қаржылық заңдылық сияқты қаржы-лық қатынастарды басқару тәсілдерінің жиынтығы.
Қаржы пайда, баға, жалақы, несие, сақтандыру сияқты басқадай экономи-калық категориялармен өзара әрекеттеседі. Аталған категориялардың барлығы бөлу және басқадай өндірістік қатынастар жүйесінде ерекше орын алады, өз қызметтерін қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің бір-ыңғай процесінде көрсетеді. Ақша-қаражаттарының мақсатты қорлары қаржы-лық қатынастардың негізі болып табылады. Оларды қалыптастыру көздері мен қорлар халық шаруашылығының сәйкес звеноларының қаржылық ресурстары болып табылады.
Қаржылық ресурстар дегеніміз жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс-ты бөлген және қайта бөлген кезде мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер қа-лыптастыратын ақшалай жинақтар мен ақшалай қорлар. Қаржылық ресурстарда пайда түріндегі таза табыс, қосылған құн салығы, акциздер, кеден төлемдері, әлеуметтік қажеттілікке төленетін төлемдер мен амортизациялық төлемдер не-гізгі орын иеленеді. Қаржылық ресурстар мемлекеттің қаржылық қуатының ма-ңызды көрсеткіші болып табылады. Ол неғұрлым көп болса, соғұрлым тиімді болып саналады. Сонымен қатар ұдайы өндірістің эффектілігін көтеру және экономикалық өсу қарқынын арттыру мәселесін шешу қаржылық ресурстарды эффективті пайдалануға тәуелді (Сурет 1).
Жалпы қоғамдық өнім |
|||||
С |
V |
m |
|||
Материалдық шығындар |
Қажет өнім |
Қосымша өнім |
|||
Өзіндік құн (шығындар) |
|||||
Амортиза-циялық төлемдер
|
Айналымдық қаражаттар |
Материалдық шығындар құрамындағы төлемдер |
Ұлттық табыс |
||
Әлеуметтік қорларға ауда-рылған төлемдер (әлеуметтік салық) |
Таза табыс (пайда) |
||||
Халықтан алынатын салықтар |
Жанама салықтар (ҚҚС, акциздер, басқалары) |
||||
Займалар |
|||||
Ерікті жарналар |
|||||
Табиғи ресурстар төлемдері |
Сыртқы экономика-лық қызметтен түсетін түсімдері |
||||
Баж төлемдері, лицензиялар, тіреу алымдары |
|||||
Табиғатты қорғау қорына төленетін төлемдер |
|||||
|
|
|
Мемлекет мүлкін сатудан (жекешелендіруден) түсетін түсімдер |
||
|
|
|
Сыртқы қаржы көздерінен түсетін түсімдер (ин-вестициялар, займалар, трансферттер, гранттар) |
||
Сурет 1 – Қаржылық ресурстар құрамы
Сондай-ақ, мемлекеттік несие жолымен тартылған қаражаттар мемлекеттің қаржылық ресурстар көздері болып табылады. Қаржылық ресурстардың негізгі көздері – ақшалай жинақтар, пайда, ҚҚС, акциздер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін кірістер.Қаржылық ресурстардың өсім факторлары: қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру, қоғамдық өнімді материалдық шығындарды өтеу қорына және өндірілген ҰТ бөлу пропорциясы.
Қаржы экономикалық категория сияқты басқа да экономикалық категориялармен тығыз байланысты. Осы байланыстан мысал келтірейік.
Қаржы және несие экономикалық категория сияқты өзара тығыз байланысты. Таза түрінде банктік несиені толтыратын несие, мемлекетке байланысты емес. Оның өндірушілік үрдістегі рөлі – бұл кіріс пен шығыс арасындағы уақытша тоқталуын жабатын, өндірісті модернизациялау қажеттілігін жабатын әдіс және т.б. Алайда, несие – бұл жетіспеушілікті, бюджетті және бюджеттік кассалық тоқталуды жабудың маңызды нышаны (кезекті кірістердің түсуіне банктік қызметтердің қажет болуы).
Егер өз кегінде бюджеттік қаражаттар коммерциялық банктер есебінде сақталса, бұл банктер үшін маңызды ссудалық қайнар көз болып табылады. Несиенің мүмкіндігі мемлекеттің маңызды өкілі болып табылатын Ұлттық банктің саясатымен байланысты (міндетті қор, қаржыландыру инвестициясы). Несие қаржыландырудан өзінің қайтарымдылығымен және ақылылығымен ерекшеленеді, ал қаржы — бұл құнның біржақты және ақысыз тегін қозғалысы. Сол уақытта, екі жағдайда да бұл ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылады. Несие де, қаржы да ақша қатынастарының аясына кірмейді.
Баға экономикалық категория ретінде экономиканы жоспарлы реттеуде кірісті қалыптастырудың маңызды құралы болып қалыптасады. Нарықтық экономикада бағалар зейнетақыны, жәрдемақыны және минималды еңбекақыны есептегенде анықтаушы көрсеткіш болады. Егер мемлекет бағаны реттемесе, әлеуметтік төлемдерді түзетуге және минималды ақыны ұлғаутуға мәжбүр болады. Бағаларды мемлекет кедендік реттеуде және кедендік кірістерді алуда қолданады. Кедендік баждар сату бағасымен емес, нақты бағадан артатын нормативтік бағалармен алынуы мүмкін (ресейдің кейбір тауарларына кедендік баждармен мысал келтіру). Сәйкесінше, бюджет кірістері өседі (ішкі нарықтағы бағалар да). Ресурстар бағасының өсуі кәсіпкерлердің инвестициялық мүмкіндіктерінің қысқаруына әкеледі. Көптеген елдерде мемлекет әлеуметтік мәні бар маңызы тауарлар бағасын реттеуге талпынады.
Барлық аталған категориялар ақша сипатына, ақша табиғатына ие.
Салық – бұл заңға сәйкес мемлекетке қайтарымсыз беретін ақша. Сонымен қатар салық – бұл біздің кірісіміз бен еңбекақымыздың бір бөлігі. Өз кезегінде ақша шығаратын операциялар да мемлекет кірісінің қайнар көзі болып табылады.
Барлық аталған категорияларды олардың ақша табиғаты біріктіреді. Олар бір бірлерінен өз қызметтерімен және маңыздылығымен ерекшеленеді. Категорияларды белгілер жиынтығын қарастыру арқылы айыруға болады. Біз, мемлекеттік қаржыны қоғамдағы ақша қатынасы деп санаймыз. Сферадан тыс қаржыны бөлуге болмайды. Қаржы қайта бөлу сферасынан өткеннен кейін экономикалық категорияның басқа белгісіне ие болады.
Бақылау сұрақтары:
- Қаржыға толық түсініктеме беріңіз?
- Қаржының негізгі қызметтерін атаңыз?
- Қаржының пайда болу себебін атаңыз.
- Қаржының қызметтеріне берген экономистердің көзқарастары?
- Қаржылық ресурстаға не жатады?