Әлемдік бағалар

Әлемдік бағалар – бұл халықаралық нарықта берілген тауар бойынша неғұрлым атаулы мәмілелерді айқындайтын бағалар. Еркін  саудалық – саяси режимде және еркін айналатын валютада неғұрлым үнемі өтетін мәмілелер атаулы болып саналады. Әдістемелік қателіктерден аулақ болу үшін және әлемдік бағалар туралы  ақпарат әртүрлі болмау үшін ол қол жетімді болу керек.

Тауардың әлемдік бағасы – бұл әлемдік тауар нарығында қалыптасқан конъюнктурада нақты жеткізу және жалпы қабылданған төлем шарты кезінде берілген тауарды өткізу бойынша орташаөлшенген баға деңгейі. Әлемдік баға келесі негізгі белгілермен сипатталады:

— көпшілік тауар нарықтары үшін әдеттегі шарттар негізінде ірі экспорттық және импорттық келісімдерді  жүзеге асыру бойынша бағалар;

— маңызды нарықтарда және тұрақты (уақытылы) келісмдерде қолданылатын бағалар;

— төлемдер еркін айналатын валютада жүргізілетін келісімдердегі бағалар.

Осылайша, әлемдік  баға жеткілікті түрде атаулы боуы керек,  атаулықтың негізгі белгісі ретінде – сәйкес тауардың әлемдік экспортта алатын проценттік үлесі. Іс жүзінде әлемдік баға ретінде негізгі жабдықтаушылардың және тауарды сатып алушылардың экспорттық және импорттық бағалары қолданылады. Шикізаттық тауарлар сияқты массалық тауарлар үшін әлемдік баға ретінде халықаралық сауданың негізгі орталықтарының (биржа, аукцион және т.б.)  бағаларын жатқызуға болады.

Сатушылар және сатып алушылар үшін атаулы және қол жетімді бағалардың болуы —  сыртқы нарықта коммерциялық қызметтің қажетті алғышарты болып табылады. Әлемдік бағалар бойынша ақпарттық мәліметтер жиынтығы бағаның келесі түрлерін құрайды (жарияланатын немесе сұрай бойынша алынатын): анықтамалық, биржалық, аукциондық, саудаласу бағалары, каталогтар, есептік бағалар, ұсыныс бағалары, прейскуранттар бағасы, нақты келісімдер бағасы.

Нарықта шикізаттық тауарлардың көп бөлігі анықтамалық, биржалық және аукциондық бағалармен қамтылған, бағалық ақпаратпен қамтамасыз ету тұрғысынан жалпы дайын өнім, машина және жабдықтар нарығына қарағанда орынды болады (находится  в положении).

Әлемдік бағалар — халықаралық саудада нақты  тауарлар жағдайын жеткілікті түрде толық сипаттайтын  ірі экспорттық және импорттық операциялар жүргізу бойынша  бағалар. Іс жүзінде әлемдік бағалар келесідей анықталады: бір тауар бойынша ( әдетте шикізаттық) – экспортаушы немесе импорттаушы елдердің баға деңгейімен; басқасы бойынша – аукцион, биржа бағаларымен; дайын бұйымдар бойынша – әдетте берілген өнім түрін өндіруге мамандандырылған  әлемде алдыңғы қатарлы өндірушілердің бағасымен. Егер келесі шарттар орындалатын болса, әлемдік баға болып саналады: 1) берілген тауар бойынша алдыңғы қатарлы нарықтарда жасалатын ірі экспорттық немесе импорттық келісімдер бағасы; 2) тұрақты сипат алатын келісімдер; 3) төемдерді еркін айналатын валютада қарастыратын келісімдер.

Әлемдік тауарлық нарықтардың негізгі бағалары белгілі тауар түрінің тұтыну, өткізу және өндіру орташа әлемдік шартын көрсетеді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындар мен шетелдік серіктестер арасындағы ынтымақтастық жобаларының нұсқаларын анықтайды. Тауарлар түрі бойынша әлемдік болып  табылады: бидайға – Канаданың экспорттық бағалары; мұнайға – ОПЕК елдер – мүшелерінің экспорттық бағалары; пиломатериалдар – Швецияның экспорттық бағалары; каучук – Сингапурлық биржаның бағалары; түсті металдар – Лондонның түсті металдар биржасының бағалары; шай  — Лондон, Коломбо, Калькуттадағы аукционның бағалары.

Шикізаттық тауарлар бойынша әлемдік бағаны анықтау ешқандай қиындық туғызбайды (шикізатты негізгі жабдықтаушы елдер бойынша анықталады),  алайда дайын өнімге байланысты бағаны таңдау ұқсас өнімді өндіретін ондаған фирмалардың бағасын пайдалануға тура келеді, ал шикізат бойынша тек 1-3 көрсеткіштер алынуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *