Өндірістік – техникалық тағайындау бойынша өнім нарығының ерекшеліктері (ӨТТ)
ӨТТ өніміне баға белгілеу бірқатар ерекшеліктерді қамтиды, олар келесілерге байланысты болады:
- сатылатын тауар сипаттамасына;
- нарық қатысушыларының санына;
- сатылымға әсер ететін факторлар санына.
Бұл нарықта сатылатын тауар сипаттамасы аса әртарапты, алайда олардың бәрі тауар мен қызсетті құрудың технологиялық үрдісін жүзеге асыру үшін маңызды болып табылады. Осыдан бірнеше маңызды жағдайлар туындайды:
— нарықта осы өнімге деген сұраныс туынды сипат алады, яғни өндірістік – техникалық өнімді пайдаланып жасалған тауар (қызмет) нарығында конъюнктурамен анықталады;
— кейбір өнім түрлері ұзақ уақыт пайдаланылады, сондықтан сатып алушы үшін баға көлемі ғана емес, сонымен қатар берілген өнімді пайдалану бойынша кейінгі шығындар да маңызды, яғни барлық эксплуатация кезеңінің жиынтық (жалпы) шығындары.
— әдетте сатып алушы үшін өнімнің пайдалылығын техникалық құжаттарда нақтыланатын және сөзсіз тексеруге бағынатын параметрлер негізінде нақты сандық түрде бағалауға болады.
ӨТТ өніміне баға белгілеу ерекшеліктері тұрғысынан негізгі екі классын ажыратуға болады:
1) бірнеше рет алынатын тауарлар. Бұл категорияға негізгі капиталдың элементтері жатқызылады (машиналар, ғимарат, құрылыс, құрал – жабдық, кемелер, ұшақтар және т.б.);
2) қайта – қайта алынатын тауарлар. Бұл категорияға келесілер жатады: шикізат, материалдар, құрамдастар.
ӨТТ өнімінің экономикалық маңызы тұрғысынан алыну мүмкін:
- оның негізінде тікелей дайын өнімді жасау үшін;
- өндірістік қызмет шарттарын қамтамасыз ету үшін;
- өндірістік ( физмкалық) капиталдың қалыптасуы үшін.
Нарыққа қатысушылар мұнда сатылатын тауарлар сипаттамасымен анықталған және келесілерді қамтиды:
- тауар өндіруші – фирмалар;
- өткізуде делдал болатын дилерлік фирмалар;
- қоғамдық игілікті құрумен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін өндірістік – техникалық өнімді сатып алатын мемлекеттік ұйымдар.
Сатуға әсер ететін факторлар қатарына келесілер кіреді:
1) тауар ерекшелігі ( сатып лаушы үшін экономикалық құндылықты анықайтын оның функционалды параметрлері: өнімділігі, қуаттылығы, пайдалы заттар құрамы және т.б.);
2) фирма ерекшелігі ( тауар маркасының имиджі, сатып алудан кейінгі қызмет көрсетуді ұйымдастыру);
3) дилер ерекшелігі ( нарықта өндірістік — техникалық өнімнің қозғалысын қамтамасыз ететін сауда делдалдарының жаулап алу (басып алу, агрессивтік) және шеберлігі деңгейі.
Бұл нарықтың тұтынушылық нарықтан тағы да бір ерекшелгіне сатып алушыға ықпал ету шамасы (нарықтық күш) сияқты факторды ескеру қажеттілігі жатады.
Сатып алушыға ықпалдылық деңгейі ( нарықтық күш) – келіссөздер үрдісінде сатып алушы өзіне қолайлы келісім шарттарын сатушыға артып қоюға мүмкін болатын шара. Іс жүзінде тұтынушылық тауарлар нарығында кездестіруге болмайтын шекті жағдай монопония болып табылады ( нарықта тек бір сатып алушының болуы).