Фирманың бағалық саясаты және бағалық стратегияны таңдау

Фирманың бағалық саясаты – фирманың экономикалық жағдайға бейімделуін қамтамасыз ететін, оның жалпы шаруашылық саясатының аса маңызды бөлігі.

Қазіргі нарық жағдайында коммерциялық ұйымдар өзінің шаруашылық саястан, сонымен қатар бағалық саясатын өткізуге  нақты  мүмкіндігі бар.

Фирманың бағалық  саясаты, тіпті жоғары дамыған еуропалық нарықтарда да  тұтынушыларды жаулап алу құралы ретінде пайдаланылады. Әсіресе берілген сұрақ отандық нарықтың жоғары серпінді қалыптасуы жағдайында, нарыққа шетел бәсекелестердің  белсенді енуі кезінде, қазақстандық кәсіпкерлердің сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі кеңеюі жағдайында Қазақстанның кәсіпкерлік қызметінің дамуы үшін  аса өзекті болып табылады.  Қазақстан экономикасының нарық жағдайына көшу кезеңінде  баға белгілеу үрдісінің даму ерекшеліктерін талдау нәтижесінде келесі қорытындыға келді: инфляцияның төменделуі нәтижесінде, импорттың өсуі арқылы бәсекестік деңгейдің күрт артуы, өндірістік және тұтынушылық сұраныстың күрт төмендеуі іс жүзінде инфляциялық баға белгілеу моделін ысырып шағарды. Әлемдік тәжірибиеде қабылданған экономикалық қатынастардың қағидалары қолданыла бастады.  Бұл қазақстандық фирмалар кәсіпкерлік  қызметті ұйымдастырудың әдістері мен сәйкес формаларын  таңдауды,  әдістердің барша түрлерін және нарықтық баға белгілеудің барлық әдістерін меңгеруді  талап етеді.

Фирманың бағалық саясаты бағалық нарықтық стратегиялардың жүйесін қамтиды.

Бағалық стратегиялар – фирма үшін жоспарланған кезеңде  максималды пайдаға жетуге бағытталған  бірнеше нұсқалардың ішінен бағаның негізделген таңдауы ( немесе бағалар қатарынан).

Бағалық стратегиялық таңдау – фирма  қызметінің басымдықтарын бағалауына негізделген баға белгілеудің стратегиясын таңдау.  Нарық жағдайында әрбір фирма көпшілік бағалық стратегиялар ішінен таңдау жүргізе алады.

Негізінде, бағалық стратегияның сәттілігі және нәтижелілігі оның құрылу үрдісінен бастап  дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Бағалық стратегияны жасаушылар үшін схема  және сәйкес сұрақ тестерін құру қажет.

Бағалық стратегияны құрудың бірінші кезеңінде – бес  бағыт бойынша бастапқы ақпарат жинау жұмысы жүргізіледі:

1) шығындардың бағалануы;

2) фирманың қаржылық мақсаттарын нақтылау;

3) әлеуетті тұтынушыларды анықтау;

4) маркетингтік стратегияны нақтылау;

5) әлеуетті бәсекелестерді анықтау.

Бағалық стратегияны жасаудың екінші кезеңінде  де – бес бағыт бойынша стратегиялық талдауды жүргізіледі:

1) қаржылық талдау;

2) нарықтың сегменттік талдауы;

3) бәсекелестік талдау;

4) сыртқы факторлардың бағасы;

5) мемлекеттік реттеудің рөлін бағалау.

Бағалық стратегияның үшінші кезеңінде фирманың бағалық стратегиясының жобасын дайындау жүзеге асырылады.

Қазіргі бағалық стратегиялардың негізгі түрлері және оларды жүзеге асырудың салдары

Баға белгілеудің дифференцияланған  стратегиясы

Баға белгілеудің дифференцияланған  стратегиясы  бірдей тауарларды бірнеше бағалар бойынша сату мүмкіндігіне және тұтынушылар категориясының біртекті еместігіне ( әртекті, бірыңғай емес) негізделген.

Екінші нарықта жеңілдіктің бағалық стратегиясы келісім бойынша тұрақты және өзгермелі шығындар ерекшеліктеріне  негізделген. 

Мезгіл – мезгіл (периодический = оқтын – оқтын, әлсін —  әлсін, қайта – қайта) жеңілдіктердің бағалық стратегиясы тұтынушылардың әртүрлі категориясының сұраныс ерекшеліктеріне негізделген.

Бағалық дискриминация стратегиясы. Бұл стратегияға сәйкес фирма  бір уақытта, бірдей тауарды (қызметті) әртүрлі тұтынушылар категорияларына  әртүрлі бағамен ұсынуды білдіреді.  Сондықтан бағалық дискриминация туралы айтылады.

Баға белгілеудің бәсекелестік стратегиясы

Баға белгілеудің бәсекелестік стратегиясы фирманың бағада бәсекеге қабілеттілігін есепке алумен құрылады.

Нарыққа енудің бағалық стратегиясы өндіріс көлемінің өсуі арқылы үнемді пайдалануға негізделген.

«Меңгеру қисығы» бойынша бағалық стратегия  алынған тәжірибе артықшылықтарына  және бәсекелестермен салыстырғанда төмен шығындарға қатысты негізделген.

Бағаларды дабылдандыру (сигнализирования) бағалық стратегиясы бәсекелес фирмалармен құрылған бағалық механизмге сатып алушының сенімін  пайдалануға негізделген.

Бағалық географиялық стратегия  нарық сегменттері үшін баға белгілеудің бәсекелестеріне қатысты.

Баға белгілеудің ассортименттік (әр алуан тауар жинағы) стратегиясы

Баға белгілеудің ассортименттік (әр алуан тауар жинағы) стратегиясы фирмада ұқсас жиынтықтар, қатысты немесе өзара алмастырушы тауарлар болған кезде қолданылады.

«Жиынтық» (набор) бағалық стратегиясы өзара алмаспайтын тауарларға сұраныстың бір қалыпсыз жағдайында қолданылады.

«Жинақ» (комплект) бағалық стратегиясы тұтынушыларға фирманың бір немесе бірнеше  тауарларды  әртүрлі бағалуға негізделген.

«Номиналдан жоғары» бағалық стратегиясы  фирма алмасатын тауарлардың бір қалыпсыз сұранысына тап болған кезде және өндіріс көлемін ұлғайту арқылы қосымща пайданы алу мүмкіндігі болған кезде қолданады.

«Имидж» бағалық стратегиясы сатып алушылар өзара алмасатын тауарларды баға арқылы сапасын анықтаған кезде пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *