Корей әдебиеті

Корей әдебиеті

Жапон колонизаторлары қуылғаннан кейінгі алғашқы жылдары (1945-48) көптеген жазушылар өз шығармаларында елінің тәуелсіздігінен үміт етті (Ли Ха Юн (1902 жылы туған), Ким Соп (1906 жылы туған), Ючи Хвандардың (1897-1967) өлең жинақтары). 1948 жылдан бастап әдебиетте антикоммунистік тенденция күшейді. Прозаиктердің аға буын өкілдері (Ем Сан Соп, Чу Е Соп, Ли Му Ен) натуралистік және декаденттік әдебиет дәстүрлерін жалғастыруда. 1954 жылдан бері француздың экзистенциализмі мен «жаңа сын» конценциясы т.б. ағымдардың әсеріндегі жас жазушылар бой көрсете бастады. Соғыс, торығу, зарығу және абсурдтық тақырыбы Ким Сон Хан (1919 жылы туған), Сону Хвилердің (1922 жылы туған) проблемалық прозаларында белең алды. Ли Дон Джи мен Ли Хен Гидің прозаларында мистицизм және арнайы «шығысша ойлау» бағытындағы ізденістер кездеседі. 1960 жылы апрельдегі көтерілістен кейін әдебиетте прогресшіл тенденциялардың қайтадан жандануы байқалды. Оңтүстік Корея шындығын сынайтын, былайша айтқанда, қатысу әдебиеті дами бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *