Әлім Пшемахович

Әлім Пшемахович (22.7.1914 ж. т., Қабарда-Балқар СССР-і, Чегем ауданы, Шалушка с.)-қабарда совет ақыны. 1941 жылдан КПСС мүшесі. Солтүстік Кавказ педагогика институтын (1935), КПСС ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1953) бітірді. Алғашқы шығармалары 1934 жылдан жариялана бастады. «Тау етегінде» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1941 жылы шықты. Кешаков «Салт аттының сапары» (1946), «Жастық өлкесі» (1948), «Өлеңдер мен поэмалар» (1946), «Киелі тас» (1964) т.б. шығармаларында қабарда-балқар халықтарының жарқын өмірін шынайы суреттеді, жасампаз совет адамдарының жаңа қоғам орнату жолындағы ерлік күресі мен еңбегін шабыттана жырлады. Кешоков бірқатар прозалық және драмалық шығармалар да жазды. Оның «Ғажайып кезең» атты романында (1-2 кітап, 1960) тау халқының революция жеңістері үшін күресі, таптық тартысы, ұлттық қалыптасуы секілді әлеуметтік маңызды мәселелер реалистік шеберлікпен суреттелген. «Альхо» (1950), «Соңғы шақырым»(1967) т.б. пьесаларында, «Тау көшкіні» (1957) атты кинолсценарийінде совет адамдарының патриотизмнің, рухани сезімдерін тартымды суреттеді. Кешоковтың орыс тілінде «Жырлар» (1951), «Жаңа үйде» (1956), «Өлеңдер, поэмалар» (1959), «Таңдамалы лирикалар» (1971) т.б. көптеген өлең кітабы жарық көрді. Кешоков-Қабарда-Балқар АССР-і халық ақыны (1964), РСФСР-дің М.Горький атындағы мемлекеттік силығының лауреаты (1968). Балаларға да арнап кітаптар жазды, орыс классиктері мен совет ақындарының шығармаларын қабарда тіліне аударды. СССР Жоғарғы Советінің депутаты (7-8-сайланған), 5 орденмен және медальдармен наградталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *