Либретто
Либретто – (итал. Libretto, сөзбе-сөз – кітапша) – музыка-драмалық шығармалардың (опера, оперетта, кантата, оратория т.б.) сөз тексі. Балет, пантомиманың да әдеби сценарийі либретто деп аталады. Либретто драматургиясының жалпы заңдылықтарына сәйкес жазылады. Либретто сюжеті, көбіне дәстүрлі оқиғаны ала отырып, музыкалық композиция шарттарына сәйкес ықшам құрылады. Либреттоның алуан түрлері бар. Оның тарихы операның тарихымен тығыз байланысты. Қазақ өнерінде М.Әуезов («Абай» операсы, «Қалқаман-Мамыр» балеті), Ғ.Мүсірепов («Қыз Жібек» операсы) либреттоның классикалық үлгілерін жасады.
1975.