Баға белгілеудің теориялық негіздері

1 Бағаның экономикалық категория ретіндегі маңызы

Кәсіпорын қызметінің ең негізгі мәселелерінің бірі – олардың өз тауарлары мен қызметтеріне баға белгілеу. Бағалар қызметтермен тығыз байланыста болады. Нарықтық экономика шарттарында  кәсіпорынның және кәсіпкердің  табысты болуы , олардың өздерінің тауарлары мен қызметтеріне бағаны дұрыс белгілеуіне байланысты. Бірақ оны жасау оңайға соқпайды, себебі бағаға саяси, экономикалық, психологиялық және әлеуметтік факторлар кешені әсер етеді. Бүгін баға   тауарды өндіруге кеткен шығынның санымен анықталса, ал ертең оның деңгейі сатып алушының мінез-құлық психологиясына қатысты болуы мүмкін. Сөйтіп, кәсіпкер тауарға баға белгілеген кезде, оның (яғни бағаның)  деңгейіне әсер етеін бүкіл факторларға көңіл бөлуі тиіс, және бағаны пайда табатындай етіп белгілеу керек.

Жалпы бағаның екі негізгі теориясы бар:

— бірінші теорияның жақтаушыларының ойлары бойынша – тауар бағасы оның құның көрсетеді (Баға = Шығындар + Пайда) – өндіруші жағынан.

— екінші теорияның жақтаушыларының ойлар бойынша – тауар бағасы дегеніміз сатып алушының тауар үшін төлеуге дайын ақшасының соммасы – тұтынушы жағынан.

Экономикалық категория ретінде бағаның бірнеше анықтамалары бар:

— фундаменталдық категория, ол  тауар бірлігі үшін сатушының сатуға,

— ал сатып алушының сатып алу үшін беруге келісетін ақша саны;

— тауар құнын ақшалай белгілеу;

— қоғамдық жұмыс уақытын қажет ететін тауарды  өндіруге кеткен

— өлшемдерді жаналай өлшеу үшін қызмет ететін экономикалық категория;

— факттік сұраныс пен ұсыныстың сандық қатынасы.

Бағаның маңызы екі түрлі рөлде  көрінісін табады:

— баға экономикалық категорияның, нарықтық конъюктураның индикаторы ретінде жүреді. Баға деңгейі, оның динамикасы қоғамдық өндіріс саласында өтіп жатқан өзгерістерді көрсетеді. Баға сұраныс пен ұсыныстың баланстану  жағдайлары туралы,  кірістің өсуі туралы, ақшалы эмиссия туралы және т.б. ақпарат береді;

— баға маркетингтік реттеуші болып табылады (маркетинтік кешеннің «4Р» элементтерінің бірі), және оның көмегімен өндіріске, ауысымға, тұтынуға әсер іске асырылады. Баға мемлекет экономикасының маңызды пропорцияларының баланстануына, нарық көлеміне, халықтың сатып алушылық қабілетіне тура әсерін тигізеді;

Баға белгілеу – бұл тауарлар мен қызметтерге баға құру (жасау) үрдісі.  Баға белгілеудің екі негізгі моделдерін белгілеп атауға болады:

Нарықтық баға белгілеу, ол нарықта қандайда бір тауарға сатып алушылардың сұранысының және сатушының ұсыныстырының ара қатынастарының негізінде іске  асады;

Мемлекеттік баға белгілеу (орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу),  мұнда шығындық баға белгілеу шекарасында баға негізіне өндіріс шығындары мен айналымдар енеді(кіреді).

Бағалар және баға белгілеу бірігіп баға механизмін құрайды. Ол екі бөліктен тұрады: баға, оның түрлері, құрылымы, өлшемі өзгеріс динамикасы; және баға белгілеу, белгілеу ережелері, жаңа бағалар құру және қатысушыларын өзгерту әдістері.

2 Баға белгілеудің принциптері мен міндеттері

Баға белгілеудің әдістемесі – бұл баға белгілеудің концепциясын әзірлеуге қатысты; бағаларды анықтауға және негіздеуге қатысты; баға жүйелерін құруға қатысты; баға белгілеуді басқаруға қатысты жалпы ережелер, принциптер және әдістер жинағы.

Жалпы әдістемелеу (ол баға белгілеу стратегиясын ойлап табуға көмектеседі) және әдістемені (ол әдістемелеу элементі болып табылады және онда бұл стратегияны іске асырудың нақты ұсыныстары және құралдары болады) бір – бірінен айыру қажет.

Баға белгілеудің принциптері ( бұл бүкіл баға жүйесіне тән болатын және оның негізінде жатқан тұрақты жұмыс істейтін жайлар) әдістеменің маңызды элементі болып табылады:

— бағаны негіздеудің ғылымилығының принциптері – баға белгілеуде нарықтық экономиканың даму заңдылықтарын үйрену және есептеу қажеттілігінен тұрады;

— мақсатты бағытталған принцип – шешу үшін бағаларды қолдану керек болатын негізгі экономикалық және әлеуметтік мәселелрді айқын анықтауынан құралады;

— баға белгілеу үрдісінің үздіксіздік принципі – баға белгілеу үрдісінің динамикалығымен анықталады (мысалы, «шикізаттан дайын өнімге дейін» қозғалысы – тауар қозғалысының әр кезеңінде өзіндік баға қойылады);

— баға белгілеу үрдісінің және бағалардың сақталуын бақылау үрдісінің бірлік принципі – ол баға белгілейтін және басқаратын мемлекеттік органдар оларды (бағаларды) бақылауы тиіс деген принциптерінен тұрады.

Баға белгілеудің міндеттері. Экономикалық тәжірибе көрсетуі бойынша баға белгілеудің негізгі міндеттерінің тізімі кез келген қазіргі заманғы мемлекетке жалпы болып табылады, бірақ экономика дамуының типтері мен кезезеңдерінен байланысты өзгеріп отырады.

Келесі  міндеттер баға белгілеудің негізгілері болып саналады:

  • өнімді өндіруге кеткен шығындары жабу (немесе оны іске асыруға көмектеседі) және өндірушінің (делдалдың) жақсы жұмыс істеуіне жеткілікті болатын пайданы қамтамасыз ету. Өндіруші үшін нарық конъюктурасы неғұрлым ыңғайлы болса, яғни ол өзінің өнімін неғұрлым жоғары бағамен жөнелтетін болса, соғұрлым ол үлкен пайдаға ие болады;
  • баға құру кезінде өнімдердің бір-бірін алмастыруын есепке алу. Берілген өнімді өндіруге қанша шығын кеткені тұтынушыға қызық емес. Егер бір өнім нарықта әр түрлі бағалармен ұсынылса, тұтынушы, әрине,  төмен бағамен ұсынылған өнімді таңдайды. Егер бірдей бағамен сапасы жоғары және сапасы төменірек өнімдер ұсынылса, тұтынушы сапасы жоғары өнімді тандайды;
  • әлеуметтк мәселелерді шешу;
  • экологиялық саясатты іске асыру;
  • сыртқы саяси сұрақтарды шешу.

Ақырғы үш міндеттер баға белгілеудің  қазіргі заманғы кезеңінде пайда болған,  оларды әсіресе дамымаған апатты нарықтан басқарылатын нарыққа өту кезінде шешу маңызды.

3 Бағаның функциялары

Бағаның негізгі функциялары:

— өлшеуші – баға тауар құнын өлшеуге, анықтауға мүмкіндік береді, яғни, сатып алушының қанша ақша санын төлеуге, ал сатушының сатылған тауар үшін алатын ақша санын анықтау;

— салыстырмалы (соизмерительная) – әр түрлі тауарлардың құндылықтарын саластарудан құралады;

— төлем құралы – баға ақшаларға сатып алу-сату актісінде сандық анықталуына мүмкіндік береді;

— есептік –  физикалық бірлікте өлшенетін материалдық – заттық  анықталған сан және сапа көрсеткіштерін (шт., литр, кг., тонна, метр…) ақшалай өлшенетін көрсеткіштерге ауыстырады. Баға есептің көмекші құралы болады;

— бөлуші – қандай да бір өнімге деген, оның бағасына байланысты, сұранысты қайта бөлу арқылы тауардың ұсынысына әсер етуге, дефицит тауарын өндіруді кеңейтуге және артық мөлшердегі тауар өндірісін қысқартуға, артықшылықтарды немесе жетіспеушіліктерді жоюға мүмкіндік береді;

— әлеуметтік – бағалармен және олардың өзгеруімен қызметтерді тұтынудың, өмір деңгейінің, күнкөріс минимумы, жанұяның тұтыну бюджеті байланысты болады;

— сыртқы экономикалық – баға сауда келісімдердің, сыртқы төлемдердің, елдер арасындағы алмасу есептерінің міндетті құралы ролін ойнайды;

— ақпараттық – сатып алушылар мен сатушыларға сұраныс пен ұсыныс өзгерістері туралы, қандайда бір тауарға деген қажеттілік туралы және т.б. ақпарат береді. Солай сатып алушылар және сатушылар өздерінің іс-әрекеттерін бағыттайды;

— ынталандырушы, түрткі болушы – өндірушілердің өндіруіне және өнім сапасына қызығушылығына әсер етеді; сатып алушыларды тауар санын оның бағасының төмендеу (жоғарылау) әсерінен көп (аз) мөлшерде сатып алуға итермелейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *