АЙМАУЫТОВ Жүсіпбек

АЙМАУЫТОВ Жүсіпбек (1889-1931) – драмашы, аудармашы, зерттеуші, публицист. А. қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан текті, дәулетті, атақ-абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. Жас күнінен Жүсіпбек бірге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбек секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренеді. Ол бес – он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі класты мектепке түседі, бір жағынан, бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 ж. Бітіреді де, Семейдегі оқытуышылар семинариясында түседі, оны 1918 ж. аяқтайды. 1918-19 ж. Аралығында әртүрлі қызметтен кейін зиялы жас Кеңес өкіметі жағына шығады. 1920 ж. РК(б)П қатарына өту, Қазақстан кеңестерінің құрылтайына делегат, комиссариатының коллегия мүшесі болу, “Қазақ тілі” газетін редакциялау, оқу “Ақ жол” газетінде істеу, Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы – міне, мұның бәрі А-тың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестен ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеум. Төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген А. өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В.Шекспир, В.Гюго, Г.Мопассан, А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, Л.Н. Толстой шығармаларын, “Интернационалды”, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетика тәрбие туралы зерттеулер тудырды, әдебиет, эстетика, сын саласына араласты, сан алуан публицистик, мақалалар жазды; “Қартқожа”, “Күнекейдің жазығы”, «Ақбілек» прозалық шығармалары, “Шернияз”, “Ел қорғаны”, “Мансапқорлар” пьесалары, “Комплексті оқыту жолдары”, “Жан жүйесі”, “Өнер таңдау”, “Мағжанның ақындығы туралы” еңбектері – күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М.Әуезовпен бірлесіп “Абай” журналын шығарды. Осы журналда “Екеу” деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, “Абайдың өмірі және қызметі”(1918, № 21), “Абайдың кейінгі ақындар” (“Абай”, 1918, №3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик. Мұрасының аса қндылығы көрсетіліпр, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды. Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тархи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ер жетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығы көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған. Аймауытов – қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең өңірі тұлғалардың бірі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *