Жиенбаева Сангул Мангазыевна
ШҚО Семей қаласы «№ 44 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
мектеп алды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Адамгершілік – рухани өмірінің барлық кезеңінде халықтық педагогика үлгілері бай және сан алуан, өйткені ол сан түрлі этникалық ұлыстардың мыңдаған жылдар тәжірибесімен жасалған педагогикалық мәденитін ажырамас бөлігі болып табылады. Дәстүрлердің ескісі де жаңасы да бұрын болмаған өзгерістерге ұшырауда. Бірақ оларда басты нәрсе – өтіп бара жатқан ұрпақ пен келер ұрпақтың арасындағы жанды байланыс сақталып келеді. Сондықтан осы заманғы тәрбиенің мәні халықтардың прогрессия, ізгілікті дәстүрлерін қайта жандандыру арқылы ұрпақтың адамгершілігін нығайту болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды еске ала отырып, ғалымдар педагогикада екі басты міндет тұр деп санайды. Бір жағынана педагогиканы жалпы әлемдік құндылық деңгейіне көтеруге әрекет жасаған жөн, екінші жағынан барынша жетілген, адамзаттық идеалды құру жоғары және тұтас екі мәнді мәдени мұраны кіріктіруден пайда болған адами мұрат жасау.
Бұл міндеттерді орындауға жету үшін үйлесімді даму – баланың табиғатпен үйлесуін көрсететін жалпы адамзаттық құндылықты – бостандық пен сүйіспеншілікті ескеру керек.
Осы күнге дейін адамды жоғары құндылық деп қалуда, адамның тұлғасына, оның қасиетіне, жақсылық мұратына, рухани күшіне құрмет көрсетумен қарау,оны қоғам дамуының елеулі қозғаушы күші деп санауы халықтық педагогиканың жалпыадамзаттық мұратының негізгі мәні болып келді.
Халықтардың өмірінде түрлі тарихи дәуірде пайда болған жалпыадамзаттық құндылықтар белгілі бір ұлттық және ұлтаралық құндылықтардың жиынтығы олар бірін — бірі толықтырушы және дамытушы, бірақ адамзаттың жалпы мүддесіне қайшы келмейді.
Жалпы әлемдік құндылықтар- түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын, туыс ететін құбылыс. Сол себепті де жалпыадамзаттық деп аталады.
Ұлттық байлықтың ең бастысы адамның өмір сүруіне ең қажетті байлық – ана тілі. Тіпті дініміз де салт дәстүрлеріміз де, тарихи жәдігерлеріміз де мәдениетіміз, тарихымыз да ұлттық өнеріміз де барлық материалдық байлықтарымыз да тіл арқылы сақталып, баяндалып келген.
Мәдени- тарихи тәжірибе дәлелдегендей, жалпыәлемдік құндылық болып саналатын: қайырымдылық, сүйіспенгшілік, еркінділік, дегендерді педагогикада адамгершілік өлшемдердің көрсеткіші деп санайды. Олар біріншіден, өз бетімен болушылықпен, ойына келгенді істеушілікпен, адамгершілік тұрғыдан ауа жайылушылықпен, екінші жағынан қаталдықпен, немқұрайлықпен, озбырлықпен сыйыспайды. Сондықтан педагогтар мен тәрбиешілер мәдениет қана негізінен адамдардың рухани бейнесін қалыптастыратын берік есте ұстауы керек. Олай болса, педагогикалық халық мәдениеті сияқты, педагогикалық дәстүрлік- тұрмыстық мәдениет те ең алдымен жас өспірімнің тұлғасын қалыптастырады.
Екінші ұлттық құндылықтарымыздың бірі Салт дәстүріміз. Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт дәстүріміздің мақсаты да – елдігімізді сақтау. Оның салт – дәстүрін сақтау – елден белгілерімізді құндылықтарымызды сақтау.
Ұлы данышпан ақын Абай:
Туғанда дүние есігін ашады өлең
Өлеңмен жер қойның кірер денең – деп ананың «әлдиінен» бақилық болғандағы «жоқтауға» дейінгі адамның бүкіл ғұмырында болатын салт өлеңдері, дәстүрімізді «екі жол өлеңге» сиғызып айтқан, қандай құдірет десеңші!
Ұлттық құндылықтардың бірі – дініміз. Дінімізді сақтау, ардақтау қасиетті іс. Еліміз көп ұлтты мемлекет болғасын әр түрлі дін өкілеттілігі болуы заңды құбылыс.
Тәрбиенің негізі болып саналатын жалпыәлемдік құндылықтардың бірі- тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамды сүйе білу қажеттілігі болып табылады. Әр адамның тағдыры әрқашан әлемдік дүниемен, адамдармен, ұжыммен байланысты.
Г.Н Филоновтың: «Белгілі-бір халық белгілі бір жерде қолданылатын тәрбие тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы болады. Ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп отырады және олар алдымен адамдардың тіршілік үрдісінде ие болған белгілі-бір білім мен дағдылар ретінде меңгеріледі. Адамзат баласының пайда болған кезінен өмір сүре отырып, ол өз бойына бала тәрбиесіне деген ғасырлық ғұрыптары мен талаптарын сіңірген», — деген пікірі де әр халықтың бала тәрбиесінде өзіндік ерекшеліктері болуының заңды құбылыс екенін дәлелдей түседі.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Ұрпақ қамы – ел қамы. Қазақ елінің болашағы білімді де білікті ұрпақ – деп көрегендікпен айтқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы – жастарға айтқан сөзінде ел жастарына сеніммен қарап: Сіздер қазақ елінің басты байлығы, өмірінің жалғасы. Сіздер қандай болсаңыз, ел болашағы сондай болмақ, білекке емес білімге сенетін заман келді – деген еді!
Тіліміздің мерейін асқақтату – біз жастардың басты міндеті, ұлттық құндылығымызды сақтауды – басты мақсатымыз деп білуіміз керек.
Демек ұлттық мұра – ұлттық мемлекеттік тіліміз – ел бірлігі, елдің қамы, ел тыныштығы елдің өркениеті үшін қызмет етеді екен. Ғұлама жазушы Ғабит Мүсірепов Қазақ тілі – «Ана тілі атанған бірегей тіл, ең бай оралымды тіл»– деген.
Ұлттық құндылығымыздың бірегейі Достықты, Бірлікті Халықтар достығы бейбіт күнімізді сақтайық!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры мәңгілік болу үшін, ел бірлігін сақтайық.
Бақытқа –қайда барасың десе
« Бірлікке» барамын деген екен!
Демек біз жастар еліміздің болашағы кәсіби білік алып, еңбекпен тірлік істеп, бірлікпен еңбек етейік!
Менің жастарға ұсынысым :
1. Сол үшін де жастар өзіміздің қазақтығымызды, қазақтығымызды, ұлтымызды қадір – қасиетін, салт – дәстүрін, тарихи мұраларын өзгертпей сол саф күйінде сақтап, ардақтап болашақ ұрпаққа жеткізейік!
2. Ана тілімізді өзге тілмен шұбарламай таза күйінде ардақтай біліп, болашақ ұрпаққа жеткізейік.
3. Дінімізді берік таза ұстайық. Діліңе, тіліңе берік бол – деп бір кезде Ахмет Байтұрсынов жырлағандай таза сақтайық, өзге ағымдарға еліктемей ел бірлігін сақтау үшін дінімізді сақтайық!
Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» — дейді. Мен өз халқымның салт дәстүрімен мақтанамын бәрі – де елдің бірлігін сақтауға,әділдікке, адалдыққа үндейді, татулыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.
Білім беру үрдісіндегі демократиялық және гуманитарлық қарым-қатынастар оқушының танымдық қабілетінің дамуына, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуына, өзін үнемі жетілдіріп отыруына ықпал етеді.Оқытудың осы тұрғыда ұйымдастырылуы әр оқушының жеке тұлғасындаағы өзіндік ерекшеліктері, өзіндік өмір тәжірибесі мен өзіндік құндылықтрын ескеру арқылы өзіндік және өзара бірін-бірі дамытуға жол ашады.
Осылайша қарастыру негізінде білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субьектілігі сияқты педагогикалық рефлексиялық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».-Алматы, 2004.
2.Қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтар. С. Қалиев
- Иманбекова Б.И. , Алматы, 2004; Тәрбиеге жетекші.
- Дүйсенбекова Ш. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері, Семей, 2003.