МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ

Сыздықова М.А., Қабиева А.Қ.

М.Әуезов драматургия саласының алыбы. Жазушы шығармалары оқыған сайын тұңғиық мағынасы ашыла, ғажайып сырлары анықтала түсетін өзгеше әлем. Осы ғылыми жұмыстың мақсаты: әлем халықтары мен әлем мәдениетіне танымал тұлға, әрі қазақтың мәдениет қайраткері — М.Әуезовтың шығармашылығы мен өмір жолының Қазақ Театрынан бастау алып, театр арқылы бүкіләлемдік дәрежеге жеткен жолын қазіргі ұрпаққа насихаттау. М.Әуезов ұлы жазушылығымен қатар өресі биік өміршең ойлар айта білген ойшыл азамат М.Әуезов шығармалары  қазақ әдебиетінде елеулі орын алады. М.Әуезов өмірі зор талант, асқан шеберлігі арқасында ұлы жазушылардың ұлы еңбекгінде үлкен идея, сұхтанар сұлулықты қазақ оқырмандарының өз сезіміне жеткізе аударып біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылу алды. Н.Погодин: «Қазақстан үшін Әуезов екінші Абай» деген.  Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар.Бұл — қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткөн туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді.  30- жылдары Әуезов реализмді меңгеруде көп еңбек етті. Әсіресе драматургияда көптеген ізденістерге барды. 1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағазға түсірген. Л. Соболевпен бірлесіп жазған «Абай» пьесасы кейінгі эпопея тақырыбының барлауы еді. Әуезов трагедияларында сан алуан образдар галереясы бар. Олар өздеріне ғана тән, айрықша сөздік сипаттамаларымен кейіптелген. Әуезов — қазақ әдеби тілін дамытуға орасан мол үлес қосқан, реформатор суреткер. Әуезов қазақ тілінің негізгі сөздік қорын жеріне жеткізе пайдаланады. Қазақ Театры.Ұлттық сахналық өнер саласы.Театр өнері, соның ішінде ұлттық театрлар екі оттың арасында жүріп дамитын, өмір сүретін өнер. Себебі, ұлттық театр, әуелі, еліне, ұлтына қаралайды, екінші жағынан, әлемдік даму үрдісінен де қаша алмайды. Әлемдегі театр озық дәстүрлі елдермен салыстырғанда да әлі олқы жеріміз көпҚазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы 02.10.1948 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Абай (бұрынғы Жаңасаз) ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Сахнадағы негізгі рөлдері. Арыстан (Қ.Мұхаммеджанов, «Бөлтірік бөрік астында», реж.Ә.Мәмбетов) Сырым (М.Әуезов, «Айман-Шолпан», «Қаракөз», реж.Ә.Мәмбетов), Абылайхан («Абылайдың ақырғы күндері», авторы және реж. М.Байсеркенов) т.б.Әлемдік классика мен заманауи драматургия. Қазақ ұлтының бір туар дана да дара тұлғасы — Мұхтар Әуезов өзінің барлық ғұмырын, туған халқының мәдениеті мен әдебиетіне арнады. Енді сөзімді Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтасам деймін: «Қазақ болғандықтан қазақ мемлекетінің ғұмыр шежіресін ірге көтерген кезден бастағанның өзінде қазақтың бес ғасырлық төл тарихын білуге тиістіміз». Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: — «Жақсы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»,- деп айтқан. 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *