ОТБАСЫ — ӨМІР ЗАҢДЫЛЫҒЫ

Қарабаева Ж., Кабиева А.К.

Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жеке бастың құқықтары мен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады.

Неке – отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жас алған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты қодақты – неке деп түсінуіміз кажет.

Егер неке тіркелмесе де, бірак еркекпен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеу мен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуғаболады. Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы.

Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырапалудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрібір дей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).

Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты.

Сонымен, отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын, мүліктік және мүлікке қатыссыз жеке басындық құқықтармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады: адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі; өзара имандылық және материалдық қолдау; бала туу және оларды тәрбиелеу; өзара жеке басындық және мүліктік құқықтар. Бір негізден немесе бір ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық-кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама. Мемлекет аналар мен балаларды қолдайды, отбасын қорғауға алады.

Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы.

Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.

Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *