Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
1 Өндіріс тиімділігінің мәні, тиімділікке әсер ететін факторлар және көрсеткіштер жүйесі
2 Өндірістік қызметінің тиімділік көрсеткіштері
Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні қоғамның мүдделеріне сай ең аз мүмкін болатын шығындармен барынша жоғары нәтижелерге жету ретінде экономистердің копшілігімен түсіндіріледі. Сондықтан ондірістің экономикалық тиімділігін анықтау өндірістің нәтижесін, осы нәтижені қамтамасыз ететін нақты және алдыңғы уақыттағы еңбектің тұтас шығындарымен салыстыруға негізделуі қажет.
Өндіріс тиімділігін аныктау үшін оның өлшемін, яғни мәнін ашып көрсететін бағалаудың басты бслгісін анықтау-дан басталады. Өндірістің экономикалық тиімділік өлше-мінің мағынасы кәсіпорынның алдына қойылған даму мақсаттарына сәйкес алынатын нәтижелерді барынша кө-бейту немесе жұмсалған шығындарды мүмкіншілігіне қа-рай аз жұмсау қажеттілігінен шығады. Мүндай мақсаттар ретінде өмір сүруді жэне тұракты өсуді камтамасыз ету, құрылымдықты қайта кұру, әлеуметтік стратегия және т.с.с. түрлері болуы мүмкін. Осы мақсаттардың алуан түрлілігіне қарамастан ең жоғары экономикалық нәтижелерге жету, ұзақ мерзімді даму болашағын ескере отырып, пайданың мол келемін табуға ұмтылу максаттары үстем болып табы-лады.
Осыдан өндіріс тиімділігінін негізгі сандык өлшемі ре-тінде жұмсалған капиталға шаққандағы пайданың жылдык мөлшері болып табылады:
Е = П х 100 / К = (Б — ӨҚ) * 100 / К,
мұндағы Е — жұмсалған капиталға шаққандағы пайда мөлшері,%;
П — жылдық пайда, теңге;
К — пайда алуды қамтамасыз ететін күрделі қаржылар, теңге;
Б — өнім өндірісінің жылдык көлемі, теңге;
ӨҚ — бір жылда шығарылған өнімнің толык, өзіндік құны, теңге.
Өнімнің еңбек сыйымдылығы — нақты еңбек өнімділігінің көрсеткішіне кері шама, ол материалдық өндіріс саласында шығындалған еңбек шығынының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне катынасы арқылы аныкталады:
ЕС = Е / Q,
мұндағы Е — материалдык өндіріс саласында шығындалған еңбектің шамасы;
Q — өндірілген өнімнің жалпы көлемі (әдетте, жалпы өнімнің).
Еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы жэне кор сыйымдылығы қоғамдық өндірістің экономикалык тиімділігінің маңызды көрсеткіштері болып табылады.
Қоғамдық өнімнің материал сыйымдылығы шикізат, ма-териал, отын, энергияның және баска да еңбек құралдары шығындарының жалпы қоғамдық өнімге қатынасымен аныкталады. Сала (бірлестік, кәсіпорын) өнімінің материал сыйымдылығы материалдық шығындардың өндірілген өнімнің жалпы көлеміне катынасымен аныкталады:
МС = М / Q,
мұндағы М — өнім өндірісіне кеткен материалдық шығындардың жалпы ақшалай түріндегі көлемі;
Q — өндірілген өнімнің жалпы көлемі (әдетте, жалпы өнімнің).
Өнімнің капитал сыйымдылығы мен кор сыйымдылы-ғының көрсеткіштері де белгілі деңгейнде өзара жақын болып келеді. Өнімнің капитал сыймдылығы көрсеткіші күрделі салымдар шамасының шығарылатын өнім көлемінің өсіміне катынасын көрсетеді:
КС = К/∆ Q,
мұндағы К — күрделі салымдардың жалпы көлемі;
∆ Q — шығарылған өнім көлемінің өсімі.
Капитал сыйымдылығын күрделі салымдар шамасының өңдірілген ұлттық табыс өсіміне қатынасы бойынша да есептеуге болады.
Өнімнің корсыйымдылығы халық шаруашылығының негізгі өндірістік қорларының орташа құнының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы ретінде анықталады:
ҚС = НҚ/ Q,
мұндағы НҚ — халық шаруашылығының негізгі өндірістік корларының орташа кұны;
Q — өндірілген өнімнің (әдетте, жалпы өнімнің) жалпы көлемі.
Қор сыйьімдылығын, капитал сыйымдылығы сияқты, өндірілген ұлттық табыс өсіміне катынасы бойынша да есептеугеболады.
Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]