Балалар, естеріңе сақтаңдар!
1. Жұрттың бәрімен, әсіресе қартаң адамдармен қай жерде, қай
уақытта болсын амандасып жүр. Денсаулығым жақсы болсын
десең, өзгелердің де саушылығын сұрап амандас.
2. Өзіңді, айнала қошаған табиғатты сүй.
3. Өз бойыңдағы сараңдықты, жалқаулықты, тоқмейілдікті, екіжүзділікті, менмендікті, пайда-күнем есепшілдікті, қорқынышты жең. Адамға сен, адамды сүй. Олар туралы өзің әділетсіз сөз айтпа, біреудің ғайбат сөзіне сене салма.
4. Ой мен істі бір-бірінен бөліп қарама. Оқығаның жақсы-ақ, бірақ ең бастысы – істеу керек.
5. Қарапайым бол!
6. Арақ ішпе, темекі тартпа.
7. Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланбаңыз.
8. Егер сіз дұрыс жасамасаңыз, кемшілігіңізді тез түзетуге тырысыңыз. Жақсылыққа апарар жолға бастаңыз.
9. Сәтсіздіктеріңізді емес, қуанышты күндеріңізді жиі еске түсіріңіз.
10. Өзге адамдардың ой-пікірі мен талап-тілегіне түсіністікпен қараңыз.