Бұрымыңның бұрқырайды жұпары

« Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ


Арулар арасындағы байқау
«Бұрымыңның бұрқырайды жұпары»

 

Дайындаған: Сыздықбаева Ж.Н


2020 жыл
Тақырыбы: «Бұрымыңның бұрқырайды жұпары»
Мақсаты: Қыздарға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы, дарынды да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру.Шаштарын үнемі күтіп ұстауға, тазалыққа,тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Бұрымды қыз», қанатты сөздер, шарлар,фото суреттер т.б.
Сайыстың өту барысы:
Әсем ән жіберу
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ару жандар, аналар, әпкелер, ұстаздар! Бүгінгі күнде сіздерге мерекелік көңіл – күй тілей отырып «Бұрымыңнын бұрқырайды жұпары» атты арулар арасындағы сайысқа қош келдіңіздер дегім келеді.
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген,
Қазақ қызы- инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген
– дей отырып бүгінгі мерекелік іс – шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
-Иә, көптен күткен көктем де келді, көктем мен бірге аналардың, қыз-келіншектердің мерекесі келді .Осындай жақсы мезгілдің бастауы болған бұл мереке баршаларыңызға денсаулық, бақыт, құт – береке алып келсін. Ал, енді өзінің ақ тілегін аналарға, қыздарға, әпкелерге арнап келіп отқан сері жігітімізді қарсы алайық! Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның 1 сынып оқушысы Дүйсенбай бауыржанды қарсы алайық.

Көп создырмай бүгінгі сайысымыздың қатысушыларымен таныс болайық:
(арулар ортаға шығып жүреді)
1.Арыстанбек Қызғалдақ №19 мектеп – лицейінің 9 сынып оқушысы
2. Әбдіқапарова Салтанат Шалқарқызы №3 ЖОББМнің оқушысы
3. Болат Аяулым Ерланқызы №16 ЖОББМнің 10 сынып оқушысы
4. Мұқанова Айнұр Бақытқызы №3 ЖОББМнің оқушысы
5. Құлынтай Ақбота №16 ЖОББМнің 8 сынып оқушысы
6.Болат Шахиризада Махаббатқызы №4 мектеп – лицейінің 10 сынып оқушысы
7.Бөгетбай Ақторғын №15 ЖОББМнің оқушысы
8. Достаева Көркемай Кендебайқызы №1 мектеп – гимназиясының оқушысы
9. Жұматова Аружан Нағызханқызы №19 мектеп – лицейінің 11 сынып оқушысы
10. Әбдіхалық Іңкәр Саятқызы №4 мектеп – лицейініңің 8
11.Күнбала Әйгерім Ғалымжанқызы «Денсаулық» колледжінің 2 курс студенті
Жүргізуші: Бүгінгі байқау 4 кезеңнен тұрады.
1. «Мен қазақтың қызымын дара туған» ( әрбір қатысушы өз өскен ортасын, ата-анасын және өзіне қатысты басқа нәреселер жөнінде өздерін таныстырып өтулері керек ) кезеңі -3 минут.
2. Ана алақанының аясы, Ақ шынардың саясы (анасымен өткен бір күндігін қысқаша етіп бейнебаян ретінде көрсетіп түсіру) – 2 мин
3. Ақылды қыз білімге жүгірер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер (қазақтың салт – дәстүрлеріне байланысты сұрақтарға жауап беру)– 1 мин
4. «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады» ( ана туралы монолог оқу) 3 минут
Жүргізуші: Сіздердің қатысуларыңызбен өтетін байқауларыңыздың әділ қазы мүшесімен таныстырып өтсем деймін:
Әділ қазылар мүшесі:
1. Мұқанов Біржан Кенжеболатұлы «Мамандандырылған Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінің оқу – ісі жөніндегі басшының орынбасары.
2. Қонысбай Нұрлат Аманбайұлы Сәтбаев қаласындағы Шарайна газетінің тілшісі
3. Күнтуғанова Дана Мұхамбетрахымқызы «Қарағанды мемлекеттік университетінің «Журналистика» факультетінің түлегі, ақшам каналында басшы болып жұмыс атқарған, қазіргі таңда кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
I.Жүргізуші: Сұлу қыздар, ару қыздар, бұрымдылар,
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар – дей отыра уақытымызды созбай қыздарымызды орындарына жайғастырып бірінші кезеңге кезек берсек. Бірінші кезеңде әрбір қатысушы өздерін таныстырып шығады. (3 минут)
1.Арыстанбек Қызғалдақ №19 мектеп – лицейінің 9 сынып оқушысы
2. Әбдіқапарова Салтанат Шалқарқызы №3 ЖОББМнің оқушысы
3. Болат Аяулым Ерланқызы №16 ЖОББМнің 10 сынып оқушысы
4. Мұқанова Айнұр Бақытқызы №3 ЖОББМнің оқушысы
5. Құлынтай Ақбота №16 ЖОББМнің 8 сынып оқушысы
6.Болат Шахиризада Махаббатқызы №4 мектеп – лицейінің 10 сынып оқушысы
7.Бөгетбай Ақторғын №15 ЖОББМнің оқушысы
8. Достаева Көркемай Кендебайқызы №1 мектеп – гимназиясының оқушысы
9. Жұматова Аружан Нағызханқызы №19 мектеп – лицейінің 11 сынып оқушысы
10. Әбдіхалық Іңкәр Саятқызы №4 мектеп – лицейініңің 8
11.Күнбала Әйгерім Ғалымжанқызы «Денсаулық» колледжінің 2 курс студенті

(әділ қазылар бағасы)
II. Анасымен өткен бір күндігін қысқаша етіп бейнебаян ретінде көрсетіп түсіру) – 2 мин (әділ қазылар бағасы)
III. Қазақтың салт – дәстүрлеріне байланысты сұрақтарға жауап беру – 3 мин (әділ қазылар бағасы)
1.Әке көрген оқ жонар Шеше көрген тон пішер мақалының мағынасы қандай?
2. «Қызға қырық үйден тыйым» қандай тыйымдар білесің?
3. «Абай біздің – ұлттық ұранымыз» . Биыл Ұлы Абай Құнанбаев атамыздың 175 жылдығы . Осыған орай Абай шығармашылығы жайында не айтар едің, оның қандай туындыларын білесің?
4. Аналарға, қыздарға қатысты үш мақал айт!
5. Абай Құнанбаев атамыздың қанша қара сөзі бар? Абайдың поэзияға деген қызығушылығын оятқан кім?
Қырық бес қара сөзі бар. Әжесі — Зере
6. Үш арсызды атап өт. Оның мағыналары қандай?
Ұйқы, күлкі, тамақ.
7. Күн жүйесінде қанша планета бар? Атап шық.
8. «Шілдехана» деген қандай дәстүр?
Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” деп тілек айтып, шашу шашып келеді. Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “Шіллә” (“чілле”) парсы “қырық” деген мағына береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен (қ. Қырқынан шығару). Әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”. Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған.
9. Байғазы деген не?
Байғазы мен көрімдік. Екеуі де – кәде, сыйлық. Екеуі де «жаңа»-ға сұралады, беріледі. Айырмашылығы байғазы – жансыз затқа, ал көрімдік жандыға, яғни, адамға және жан-жануарларға ағайын-туыс, дос-жаран, көрші-қолаң тарапынан берілетін кәделі сый. Мысалы, жаңа туған нәрестеге, жас келінге, мал төлдегенде алғашқы сәтте көрімдік сұралса, жаңа киім немесе бұйым, жиһаз, баспана, көлік сатып алынғанда байғазы сұралады. Байғазы бала алғаш рет атқа мінгенде де беріледі. Байғазы кішкентай балаларға, жасөспірімдерге үлкендердің беретін сыйлығы.
10. Ұлттық ғашықтар күні? Қазақ халқындағы қандай қос ғашықтарды білесің? 15 сәуір
11. Абай қай жылы туылған және қай жылы дүние салды? Абайдың алғашқы махаббатының аты кім?
«Абай осы күнгі Шығыс Қазақстан облысындағы Шыңғыс деген тауды жайлаған тобықты руының ішінде 1845 жылы дүниеге келген. Абайдың өз әкесі — Құнанбай, оның әкесі — Өскенбай, үшінші атасы — Ырғызбай болсын барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар. Осылардың нәсілінен шыққан Абайдың қоғамдық орны, тіршілігі, өмірлік әрекеттері де сол ата салтымен қалыптанады». Ғашығының аты Әйгерім
12. Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан
Сенде бір – бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта, бар қалан — өлеңінің терең мағынасы қандай?

 

IV. «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады» ( ана туралы монолог оқу) (әділ қазылар бағасы)

Жүргізуші: Ал, енді барлық байқау кезеңдерден өттіңіздер ендігі кезекте біз әділ – қазылар алқасының шешімін алу үшін ол кісілерді шығарып салсақ.
Әділ – қазылар алқасы келгенше мен сіздермен кішігірім ойын өткізгім келеді.
Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?! — дей отыра бүгінгі байқауымыздың жеңімпаз аруларын анықтау мақсатында әділқазылар мүшесіне сөз берейік.

Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым.
• Үлкендер алдында жарыса сөйлеуге тыйым.
• Талтайып отыруға тыйым
• Шалқайып жатуға тыйым.
• Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішіті болмауды әрқашан ойлап жүр.
• Орынсыз іске ұрынудан тыйым.
• Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама
• Әурет жерлеріңді жауап, ашық-шашық жүруге тыйым.
• Өзгелерге тіл және қол тигізуге тыйым.
• Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым.
• Дастарқан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле. Орынсыз сөзден тыйым.
• Ұрлық-қарлыққа тыйым.
• Қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға тыйым.
• Жалқаулыққа, ластыққа тыйым.
• Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым.
• Аш болсаң да, тоқ болсаң да құдайынды ұмытпа.
• Бейәдеп сөз айтудан тыйым.
• Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек.Үлкендердің атын атауға тыйым.
• Ішімдік-шегімдікке тыйым.
• Ұрыс-керіске тыйым.
• Беттен алып, төске шабуға тыйым.
• Ер адамға әйел киімі жараспайтыны сияқты әйелдер мен қыздарға ер киімі де қонымсыз әрі тәңірінің бұйрығында да жоқ нәрсе.
• Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтанба.
• Түнде суға жалғыз баруға тыйым.
• Жат жыныстылармен араласып жатуға тыйым.
• Тарс-тұрс жүріс, қарқ-қарқ күлкіге тыйым.
• Ерді қорлауға, зорлауға тыйым.
• Адамды және жан-жануарларды тебуге тыйым.
• Бүйірін, жағын таянуга тыйым.
• Тәкаппарлыққа, сайқы-мазаққа тыйым.
• Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағы қол созба.
• Шектен тыс жасанып, сылануға тыйым.
• Қызғаншақтыққа, күншілдікке тыйым.
• Менмендік пен өзімшілдікке тыйым.
• Алдап-арбауға тыйым.
• Тойымсыздыққа тыйым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *