Ынтымақты отбасы

ҚараҒанды облысы
Шет ауданы
Ақшоқы ауылы
Қызылтау орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
ОШИМОВА ҚҰНДЫЗ СЕРИКОВНА
Ынтымақты отбасы
Сайыстың мақсаты: Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру. Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.
Дайындық кезеңі: Балаларға алдын-ала отбасы мүшелеріне таныстыруға дайындалып келу тапсырылады .
Безендірілуі: отбасы мүшелері туралы нақыл сөздер, шар, суреттер т.б. ілінген.
жүргізуші:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен – кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым
Гүл – гүл жайнап біздің, мына, төрімізге.
Қадірменді қонақтар, ата – аналар, ұстаздар! «Ынтымақты отбасы» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай еш жалықпай,
Айтқанына көндік деп,
Әділқазы алқасын сайлап алған жөн болар.
1- жүргізуші: 1- кезең:
«Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер».
(Әр отбасы өзін-өзі таныстыру.).
2- жүргізуші: 2- кезең:
«Ата мұраң – асыл қазынаң»
Тапсырма мен сұрақ-жауап түрлері төмендегідей:
1. «Байғазы» салт -дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз.
«Байғазы» – балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы, қамшы, шана, ер тоқым т.б) берілетін ақшалай, заттай сыйлық, ақша.
2. «Көрімдік» салт-дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз.
«Көрімдік» – жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді. Мұның маңызы алып беруде ғана емес, жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады.
3. «Бастаңғы» салтының мағынасын түсіндіріңіз.
«Бастаңғы» – үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «Бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын-сауық жасап, бас қосуында.
4. «Иткөйлек» салтының мағынасын түсіндіріңіз.
«Иткөйлек» – ырымшыл халқымыз баланы (туғанына қырық күн) «қырқынан» шығарылғаннан кейін оның көйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы ит көйлекті шешіп алып, тәттісін бөліп жейді. Көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады немесе адамдар алыс жолға шыққанда жол амандығын тілеу барысында апаттың болмауын ырым етіп, бойларында сақтаған.
5. «Жасау» салтының мағынасын түсіндіріңіз.
«Жасау» – ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әсем әшекейлі заттар берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі деседе болады.
6. «Енші» салтының мағынасын түсіндіріңіз.
«Енші» – балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп, дүние-мүлік, мал береді. Мұны «енші» деп атайды.
1- жүргізуші: 3 –кезең.
«Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер».
Әке тапсырмасы: домбыраға тиек жасау.
Анасы: ою ою.
Балалары: ер бала әкесіне, қыз бала шешесіне көмектеседі, немесе бірігіп алдын ала қағазға дайындалып таратылған бейне сөзді шешеді.

4 – кезең.
Тойдың сәні ән болар
Жүректі нәзік тербесе
Өнерлі жігіт сән болар
Көңілді шабыт кернесе
«Ән шырқайық қосылып …»

3- жүргізуші:
Суретші болам өскенде,
Саламын туған даламды,
Қызарып батқан кештерді,
Аяулы асыл анамды.
Бояуын құям аспанның
Басына биік асқардың
Суретін салам қуанып
Дархан елім қазақтың.
5 – кезең. «Қиял арманға жетелейді». Қазақстан ХХІІ ғасырда,
(Әр топқа плакаттар таратылып, өз ойларын сурет арқылы бейнелеп беруі тиіс)
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көрдіңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Соңғы қорытынды сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Қазылар алқасы қорытындысын тыңдау.
Жүлдегерлерді анықтау, құттықтау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *