Көкшетау қаласының әкімдігінің жанындағы «№5 «Қуаныш» бала бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Отбасы дәстүрі»
этно-фестивальдің жоспары
Өткізген:
музыка жетекшісі:
Бейсембаева А.А.
«Отбасы дәстүрі » атты этно-фестиваль
Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; балалардың бойында ұлттық сананы ояту жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Міндеті: Балалар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті қауым!
Қазақ қоғамында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Бүгін бала бақшамызда әрбір отбасы өз қуаныштарымен бөліскелі отыр. Бұл фестиваль президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдасып отыр. Міне, осы орайда өткізілгелі отырған «Отбасы дәстүрі» атты этно-фестивалімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Фестиваль бес бөлімдерден тұрады:
1. Менің жанұям (фотоколлаж).
Шарты: Аталмыш тақырыпта фотоколлаж жасап келу және таныстыру
(үй тапсырмасы).
2. «Алтын шаңырақ аясында».
Шарты: Әр отбасы өздерін таныстыру.
3. «Отбасы салт-дәстүрі»
Шарты: Әр отбасы өздері таңдаған ұлттық салт-дәстүрді көрсетеді.
4. «Отбасы өнері»
Шарты: Әр отбасы ән салады, би билейді, өлең оқу т.б.
5. «Сөз шебері» сайысы
Шарты: Мақал-мәтелдерді жалғастыру керек.
Жүргізуші: Қатысушы отбасыларын қошеметпен ортаға шақырайық:
1- Наймановтар отбасы
2- Стах отбасы
3- Зейнуллиндер отбасы 4- Курмановтар отбасы
5- Садуовтар отбасы
Жүргізуші: Уа халайық, халайық
Сөзге құлақ салайық
Отбасымен нақтырақ
Танысып алайық
2. «Алтын шаңырақ аясында» (отбасын таныстыру)
Жүргізуші: Берік болсын ұлтымыз
Бүлдіршінге сый ұғым
Берік болсын салтымыз
Ата салты дәстүрім
3. «Отбасы салт-дәстүрі» (ұлттық салт-дәстүр көрсету)
Жүргізуші: Мың бұрылған бишім бар
Күмбірлеген күйшім бар
Айта берсен уақыт
Жете алмастай өнер бар
4. «Отбасы өнерін» тамашалайық
Жүргізуші: Келесі кезекті
5. «Сөз шебері» сайысына береміз
Мақал-мәтелдерді мұқият тыңдап, жалғастырамыз:
1.Егер баланы үнемі сынап отырса……………(оқуға құлқы болмайды.)
2.Балаға үнемі күлсе ………………….(бұйығы болып өседі.)
3.Баланы қолдап отырса……………( өз қадірі үшін оқиды.)
4.Бала кекшілдікте өссе……………..(ол қатыгез болып өседі.)
5.Бала төзімділікте өссе …………….. (адал болып өседі.)
6.Әке көрген…………………………( оқ жонар.)
7.Әкеге қарап…………………………( ұл өсер.)
8.Балалы үй – базар………………..(баласыз үй – мазар.)
9.Ағайын тату болса ат көп……………..( абысын тату болса ас көп.)
10.Әкені көріп ұл өсер………………..( шешені көріп қыз өсер.)
11.Ағасы баpдың жағасы баp…………………(інісі баpдың тынысы баp.)
12.Балапан ұяда не көрсе……………………(ұшқанда соны іледі.)
13.Атаңа не қылсаң…………………….(алдына сол келеp.)
14.Ананың көңілі балада…………………(баланың көңілі далада.)
15.Ата көрген оқ жонар………………………(ана көpген тон пішеp.)
16 Балалы үйдің……………………….( ұрлығы жатпас.)
17. Бала қадірін…………………………( балалы болғанда білерсің.)
Оpыс тілінде мақал мәтелдеpді тыңдап, жалғастыpамыз:
1.В своем доме и …………………………(стены помогают.)
2.В гостях хорошо, ………………………(а дома – лучше.)
3.Вся семья вместе, ………………………(так и душа на месте.)
4.Где мир да лад, ………………………….(там и Божья благодать.)
5.Дерево держится корнями, ………………….(а человек семьей.)
6.За общим столом ………………………….(еда вкуснее.)
7.Муж голова, ………………………….(жена шея.)
8.При солнышке тепло, ………………………..(при матушке добро.)
9.Муж да жена ……………………………..(два сапога пара.)
10.Яблоко от яблони………………………….( недалеко падает.)
11.Куда иголка ………………………….. (туда и нитка.)
Жүpгізуші:
Жақсы дәстүрді сақтаған жарар,
Болмаңдар ескі үрдіс деп қарап,
Тыңдаңдар кеңес қызың, ұлың бар.
Көнерген ескі сүрлеуден шығыңдар,
Бірақ дәстүрді, әдет-ғұрыпты,
Жасасын осынау өлмес ұғымдар! – дей отырып бүгінгі этно-фестивалімізді аяқтамас бұрын сөз кезегін балабақша меңгерушісі Байкенова Сағила Баймырзақызына беріледі.
Балабақша меңгеpушісінің құттықтау сөзі.
Қатысушыларды марапаттау.
Жүpгізуші:
Осымен «Отбасы дәстүрі » атты этно-фестиваліміз өз мәpесіне жетті. Қош сау болыңыздаp!
Назарларыңызға рахмет!