Сабақ тақырыбы: Біз өсіп жатқан өлке
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: бауырмалдық, татулық, бірлік
Мұғалiм: Избасарова А.Б.
Cынып: 2 «А», «Ә», «Б», «В». Оқушылар саны:
Сабақ мақсаты: Еліміздің тарихына ықылас қойып, бүгінгі күніне жауапкершілікпен қарау қажеттігінің сүйіспеншілік құндылығына негізделетінін ұғындыру. Міндеттері: Білімділік: Еліміздің тарихына құрмет танытып, бүгінгі күніне жауапкершілікпен қарауды сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру; Дамытушылық: Бауырмалдық, татулық, бірлік қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: Отанды құрметтей отырып, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосуға, қызмет етуге тәрбиелеу. |
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер, |
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл — күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. (Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Көңіл күйлеріңіз қалай? Сабаққа дайынсыздарма? Кезекші сабақта кім жоқ?) Жағымды күйге келу. Саламатсыздар ма! — Олай болса, шаттық шеңберіне тұрайық. 1 –топ «Достық» 2 –топ «Тәуелсіздік» Бес «Т» тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық ережесімен таныстыру.
3. Үй тапсырмасын тексеру. «Қарлығаш би» ел аузынан алынған өсиет әңгімені оқып келу. Сұрақтар: 1. Төле бидің елінен, жерінен көшпей отыруына не себеп болды? 2. Төле би ел – жұртын жаудан қалай қорғап қалды? 3. Жауды Төле бидің қандай қасиеті кері шегендірді? 4. Елді, жерді қалай қорғап, көркейтуге болады деп ойлайсыңдар? |
Ескертулер: |
4. Дәйексөз. Шатасқан әріптер арқылы тақырыпты табу. Оттан да ыстық деп нені айтуға болады? Бүгінгі сабағымызға дәйексөзі «Отан оттан да ыстық» Дәйексөзді балаларға дауыстап оқуды ұсынады. Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, мұғалім балалардың жауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды. Отан – асыл ұғым. Отан оттан да ыстық. Отан – әр адамның туып өскен, кіндік қаны тамған жер. Біздің Отанымыз – Қазақстан!Әрқайсымыздың отан алдында парызымыз бар. Ол туып өскен өлкенді сүю, аялау, құрметтеу, қадірлеу, оған адал қызмет ету. Отан алдындағы парызды сүйіспеншілікпен, үлкен жауапкершілікпен атқаруға міндеттіміз! Отанымыздың өткенін қадірлеп, бүгінін ертеңіне жалғастыратын біздерміз! Отанымыз жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде түрлі аңдар мен құстар, түрлі жануарлар бар. Осы жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды.
Жақсы топқа бөлінген кеспе қағаздан бір сурет құрап шығарайықшы. Суреттерімізде не бейнеленгенің топтан екі оқушыдан шығып айта қойындар.
|
|
· Мұғалімнің сыйы Әңгiмелеу (сұхбат).
«Отан» Мұқағали Мақатаев өлеңі Оқушылар өз ойымен бөліседі. Сұрақтар кубик арқылы беріледі · Қазақстан Республикасының бірінші және қазіргі Президентін атаңыз? · Қазақстан республикасының тәуелсіздік күні? (16 желтоқсан, 1991 жылы, 29 жыл) · Қазақстан әлемде жер көлемі жағынан нешінші орынды иеленеді? (Жер көлемі -2 724 900км² · Астанамыз қай қала? (Нұр-Сұлтан) Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқаланың атын экс-президент Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берді. Астана күні 6 шілде · Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевқа биыл неше жыл? 175 жыл. · Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов) · Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының сөзін жазғандар, әнін жазған кім? (Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Біздің тұрып жатқан өлкеміз қалай аталады? Ақтөбе қаласын картадан кім көрсете алады? Олай болса сүйікті қаламыз ақтөбе туралы бейнероликке назар аударыңыздар. |
|
6. Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма. Постер қорғау 1-топ: Біз елімізді не үшін мақтан етеміз? (көрікті табиғатымен, әсем ғимаратымен, көрікті қалаларымен, ел басымызбен, ақындарымызбен, спортшылар, батырлар) 2-топ: Ақтөбе қаласын көркейту үшін не істей аламыз?(табиғатын көркейтуге үлес қосамыз, махаббатымызды, мейірімділігімізді, сүйіспеншілігімізді, біз отанымызды қорғаймыз, қамқорлығымызды береміз) рахмет балдар балдар бүгінгі сабақта шығармашылық тапсырманы жақсы орындадыңдар, өз отандарыңызды қалай жақсы көретіндіктеріңізді көрсетіңіздер. Дәптермен жұмыс. 86-беттегі 2 тапсырма. Көп нүктенің орныны тиісті сөз тіркестерін қойып, мақал-мәтелді аяқтаңыздар. Алтын ұяң — Отан қымбат, |
|
7. Топпен ән айту. Сабағымызды Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындылаймыз. «Атамекен» 1.Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем,Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.Маңдайымнан сипап өткен самалды,Қазағымның алақаны деп білем. Қайырмасы:Қайда жүрсем атамекен,Көкейімде жатады екен.Күннің өзі ұясына,Қимай оны батады екен. 2. Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем,Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.Күннің нұрын, айдың аппақ сəулесін,Қазағымның махаббаты деп білем. Қайырмасы:Қайда жүрсем атамекен,Көкейімде жатады екен.Күннің өзі ұясына,Қимай оны батады екен. 3. Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем,Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.Асқар тауым, аспаныммен астасқан,Қазағымның мəртебесі деп білем. Қайырмасы:Қайда жүрсем атамекен,Көкейімде жатады екен.Күннің өзі ұясына,Қимай оны батады екен. |
|
8. Үй тапсырмасы. Бауыржан Момышұлы әңгімесін оқып келу. |
|
9. Бағалау. Сіздерді болашақта қазақ елінің туын көкке желбірететін, жүрегі сүйіспеншілік пен мейірімділікке толы азамат пен азаматша болады деп сенемін. Енді мына алақаның суретіне бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді жазып, отанымызға қамқор боламыз деген мақсатпен картаға жабыстыра қоямыз. |
|