Мемлекеттiк баж – уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.
Мемлекетті баж:
1) сотқа берiлетiн талап арыздардан,
2) ерекше талаппен iс жүргiзу арыздарынан,
3) ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан),
4) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан,
5) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелiк) соттардың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату жөнiндегi атқару парақтарын беру туралы арыздардан,
6) сот актiлерiнiң, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан алынады.
Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден кімдер босатылады?
Салық және басқа да міндеттерді төлеу туралы Кодекстің 541-бабына сәйкес,
1) талапкерлер — еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қою және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;
2) талапкерлер-авторлар, орындаушылар және ұжымдық негiзде олардың мүлiктiк құқықтарын басқарушы ұйымдар — авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
3) талапкерлер — өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң авторлары — өнертабысқа, пайдалы үлгiлерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
4) талапкерлер — алименттердi өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
5) талапкерлер — мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша;
6) талапкерлер — қылмыспен келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша;
7) iске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар — оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар берiлгенi үшiн;
8) талапкерлер — Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу есебiне мемлекет кiрiсiне қаражат өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
9) бiлiктi еңбек қызметкерлерiн және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларын даярлауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер — оқу орындарын өз бетiмен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды ұстауға кеткен мемлекет шығыстарын өндiрiп алу жөнiндегi талап қою бойынша;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арыз жазып жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;
11) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қойып сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);
12) талапкерлер — Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң ата-аналарының бiрi — барлық iстер мен құжаттар бойынша;
13) талапкерлер-оралмандар — Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша;
14) жеке және заңды тұлғалар — сотқа мынадай арыздар бергенi үшiн:
iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы сот ұйғарымының күшiн жою немесе арызды қарамай қалдыру туралы;
шешiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы;
шешiмдi орындаудың тәсiлi мен тәртiбiн өзгерту туралы;
талап қоюды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқаларымен ауыстыру туралы;
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;
сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;
өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнiң орындалуын керi бұрып атқару туралы;
соттың сырттай жасалған шешiмiн жою туралы;
арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына орналастыру туралы;
сондай-ақ: сот орындаушыларының iс-әрекеттерiне;
соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;
сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар;
соттың сырттай жасалған шешiмiнiң күшiн жою туралы;
15) прокуратура органдары — барлық талап қою бойынша;
16) мемлекеттiк мекемелер — үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғау жағдайларын қоспағанда, талап қойған және сот шешiмiне шағым жасаған кезде;
17) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi және (немесе) есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiн жоғалтқан мүгедектердiң кемiнде 35 процентi жұмыс iстейтiн олардың құрған ұйымдары — өздерiнiң мүдделерi үшiн талап қойған кезде;
18) сақтандырушылар мен сақтанушылар — мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қою бойынша;
19) талапкерлер мен жауапкерлер — азаматқа заңсыз сотталу, бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен қамауға алуға заңсыз тарту не қамауға алу немесе түзеу жұмыстары түрiнде заңсыз әкiмшiлiк жазаға тарту арқылы келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;
20) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi, оның филиалдары мен өкiлдiктерi — өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қоюды берген кезде;
21) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган — өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша талап қоюды берген кезде;
22) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары – тарату iсiн жүргiзу мүддесiне орай берiлген талап қою, өтiнiштер бойынша;
23) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банктер:
бюджет қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектердi өндiрiп алу туралы;
мүліктi өндiрiп алу туралы;
борышкерлердiң сыртқы мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қоюды берген кезде;
24) конкурстық және оңалтушы басқарушылар — Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкiлеттiгi шегiнде конкурстық iс жүргiзу, оңалту рәсiмдерi мүддесiне орай талап қойған кезде өтiнiш берген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
Қандай мемлекеттiк баж ставкалары бекітілген
1) мүлiктiк сипаттағы талап арыздардан:
жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 процентi;
заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 процентi;
2) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан – 30 процент;
3) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан – 500 процент;
4) салықтық тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:
дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – хабарламада көрсетiлген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң (өсiмпұлдарды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 процентi;
заңды тұлғалар үшiн – хабарламада көрсетiлген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң (өсiмпұлдарды қоса алғанда) даулы сомасының 1 процентi;
5) некенi бұзу туралы талап арыздардан – 30 процент.
Некенi бұзған кезiнде мүлiктi бөлген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай айқындалады;
6) белгiленген тәртiппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап арыздардан – осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
7) тұрғын үй-жайларды жалға алу шартын өзгерткенi немесе бұзғаны туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, тыйым салынған мүлiктi босату туралы талап арыздардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан – 50 процент;
8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетiлгендердi қоспағанда, ерекше талаппен iс жүргiзу арыздарынан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан) — 50 процент;
9) аралық соттар шешiмдерiне шағым жасау туралы арыздардан, төрелiк шешiмдердi жою туралы өтiнiш хаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүлiктiк емес сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын мемлекеттiк баж мөлшерiнен – 50 процент, ал мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүлiктiк сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын және өтiнiш берушi даулап отырған сомаға негiзделiп есептелген мемлекеттiк баж мөлшерiнен;
10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж ставкасының 50 процентi;
11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелiк) соттардың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындау жөнiндегi атқару парақтарын беру туралы арыздардан – 500 процент;
12) сот шешiмдерiнен, үкiмдерiнен, ұйғарымдарынан, соттардың өзге де қаулыларынан көшiрмелердi (телнұсқаларды), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтiнiшi бойынша соттар беретiн iстiң басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан – әрбiр құжат үшiн 10 процент, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 3 процент;
13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан – 500 процент.
2. Мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар бiр мезгiлде көрсетiлген талап арыздар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап арыздар мен мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.