Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Сағатты шортан»
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру.
2. Білімін,есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– мазмұндама жазамыз.
Тақырыбы: Сағатты шортан
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мазмұндаманы оқып, талдау.
Сағатты шортан
Бір жұмысшы шортан ұстап алды. Жұмысшы шортанды үйіне алып келеді. Әйелі балықты тазалайды. Балықтың ішінен қол сағат шықты. Жұмысшы сағатты бұрады. Сағат жүріп кетті.
2. Сұрақтарға жауап алу.
— Мазмұндама не туралы?
— Жұмысшы үйіне не алып келеді?
— Оның ішінен не шығады?
— Сағат істей ме ?
3. Тірек сөздер мен сөз тіркестері:
Қол сағат, сағатты бұрады.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға мазмұндату.(3 – 4 оқушы.)
2. Дәптермен жұмыс.
Мазмұндаманы жазу.
2 – 3 оқушыға мазмұндаманы оқыту.
3. Қорыту.
— Сабақта не істедік?
VIII. Үйге тапсырма беру: Қайталау.