Өтірік өлең

Сабақтың тақырыбы: Өтірік өлең
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға өтірік өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдыландыру
2. Тілін,сөзік қорын дамыту
3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Әңгімені оқыту ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Қандай аңыздармен таныстық?
— Қай аңыз көбірек ұнады?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– өтірік өлеңді түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдылану.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Оқып, талдау.
Өтірік жаңылтпашты оқыту, жаңылмай айтуға жаттықтыру.
Ши тоқыдым шиеден.
Теңіз кештім түйемен.
Күйме жасап шиеден,
Үй тұрғыздым түймеден.
— Мәтін неге өтірік жаңылтпашқа жатады деп ойлайсың?
Өтірік өлеңді оқытып, талдау, мазмұнын ашу.
Сұрақтарға жауап алу.
— Бірінші оқушы қандай өтірік өлең айтты?
— Екінші оқушы ше?
— Қай оқушының өлеңі көбірек күлкі шақырды?
Суретпен жұмыс.
— Суретте не көріп отырсыңдар?
-Суретке қандай ат қоюға болады?
— Суретке қарап өтірік өлең құрастыр.
2. Сергіту сәті.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту:
іштей, дауыстап – тізбектей.
Өлеңге әуен ойлап тауып орындау.
2. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Өтірік өлеңді жаттап келу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *