Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:
Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр мен ашқарақ (Аңыз)
Сабақтың мақсаты: 1. Аңыз туралы түсінік беру, мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға,
мазмұнын айта білуге дағдыландыру
2. Тілін,сөзік қорын дамыту
3. Әдепті болуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Әңгімені оқыту ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Атадан қалған асыл мұра бойынша біз қандай әлеммен таныстық? (ертегілер әлемі)
— Онда ертегілердің қандай түрлері мен таныстық? (жануарлар туралы, қиял – ғажайып, шыншыл ертегілерімен таныстық)
— Атадан қалған асыл мұраның келесі саласы аңыздар мен танысамыз.
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– аңыз туралы түсінік алу, мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға мазмұнын айта білуге дағдылану
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Өмірде болған адам басынан құрылған әңгімені аңыз дейді.
2. Оқып, талдау.
Мәтінді түсініп оқу, талдау.
Сұрақтарға жауап алу.(суретпен жұмыс)
— Мәтінге сүйеніп, суреттен кімдерді көріп тұрғандарыныңды айт.
— Қонақтың қалтасына шай құйып отырған кім деп ойлайсың? Неліктен?
— Мәтін неге аңызға жатады деп ойлайсың?
3. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық.
Ұшып – ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту:
іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
— «Қонақта», «Қонақ күту», «Қонаққа бару» деген тақырыптардың біріне әңгіме құрату. (ауызша)
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Аңызды оқып мазмұндап келу.