Сағынамын. Жабығамын. Бағынамын жүрекке.
Не қыламын? Бәрi мәлiм: сезiм осы — дiр етпе!
Сүйiп қалдым. Тұйықталдым. Ұйып-қандым сырына.
Биiк таудың шығып та алдым барса келмес шыңына.
Құстар ғана құштарлана ұшты айнала төбемнен,
Ұстамды аға, тұспалдама, -өз сорымнан көрем мен!
Қарлы асқарға, нар бастауға, бармас тауға шығыппын.
Алжасқанда қалмас қайда алтын басы жiгiттiң?!
Ұлықбек Есдәулет