Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:
Сабақтың тақырыбы: Ұр, тоқпақ (Ертегі)
Сабақтың мақсаты: 1. Ертегіні мәнерлеп түсініп оқуға ,мазмұнын айта білуге
дағдыландыру
2. Тілін,сөзік қорын дамыту
3. Ақылды , тапқыр болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Ертегінің мазмұнын айтқызу ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Әдетте ертегі қалай басталады?
-Ерте, ерте ертеде
Ешкі жүні келте екен……немесе: Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты.
IV. Мақсат қою.Бүгінгі сабақтың мақсаты– тағы да бір ертегімен танысамыз.Ол Ұр, тоқпақ ертегісі.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Оқып, талдау.
Ертегіні мәнерлеп түсініп оқу, мазмұнын ашу, талдау.
Сұрақтарға жауап алу.
— Ертегі не туралы?
— Кемпір мен шал қандай күй кешіпті?
— Шалдың тұзағына не түседі?
— Кемпір шалдың оқиғасына сенеме?
— Шал қайда аттанады?
— Жолда не естиді?
— Шал Қазыбайдан не сұрайды?
— 44 беттегі серутте не көріп отырсыңдар?
2. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық.
Ұшып – ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Топтық жұмыс.
Ертегіні төменгідей ретпен әңгімелейді:
1- топ 2- топ 3- топ 4- топ 5- топ
Қаздың тұзаққа түсуі. Шалдың қазды іздеп шығуы. «Піс қазаным, піс» «Құс есегім, құс» «Ұр, тоқпағым, ұр»
3. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Ертегіні оқып мазмұндап келу.