Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау. 16
Сабақтың мақсаты: 1.Білім керек бәріне бөлімін қайталау.
2. Тілін,сөзік қорын дамыту
3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Өлеңді жатқа сұрау. ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Қандай бөлімді аяқтадық?
— Онда не туралы айтылды?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– бөлімді қайталау.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Бөлімнен өткенді еске түсіру.
— Бөлімде қандай ұлы жазушылар мен таныстық?( Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, І.Жансүгіров, А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймаутов.т.б.)
— Ы. Алтынсариннің қандай өлеңімен таныстық?
— А. Құнанбаевтің қандай өлеңімен таныстық?
— Ол қандай бес асыл іс, бес жаман іс туралы айтады?
2. Тест жұмысын ұйымдастыру.
1. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім?
А) Ахмет Байтұрсынұлы Б) Ыбырай Алтынсарин
Ә) Абай Құнанбаев В) Шоқан Уалиханов
2. Балаларды оқуға шақырған Ы. Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?
А) Кел, балалар, оқылық Б) Оқысаңыз, балалар
Ә) Бір аллаға сиынып В) Оқығанды көңілге
3. «Ата –ана алдындапғы борышың» деген тіркестегі «борышын» сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?
А) Қарызың Б) Білімің
Ә)Тәртібің В) Қылығың
4. Өлең жазатын адамды қалай атайды?
А) Жыршы Б) Әнші
Ә) Суретші В) Ақын
5. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім?
А) Ыбырай Алтынсарин Б) Абай Құнанбаев
Ә) Ахмет Байтұрсынұлы В) Жүсіпбек Аймаутов
3. Қорыту.
— Сабақта не істедік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Қайталау.