Күз А. Құнанбаев

Сабақтың тақырыбы: Күз А. Құнанбаев 10
Сабақтың мақсаты: 1. Абайдың «Күз» атты өлеңімен таныстыру.
2. Оқушыларды дауыстап, дұрыс, сапалы, мәнерлеп, шапшан оқуға
дағдыландыру.
3.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Өлеңді жатқа сұрау. ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Суретпен жұмыс
— Жыл мезгілдерін атаңдар?
— Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
— Суретшініңң көңіл күйі қандай деп ойлайсың?
— Оны неден аңғардың?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– Абайдың «Күз» атты өлеңімен таныстыру.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Абай ( Ибрахим) Құнанбайұлы 1845жылы осы күнгі Семей одлысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Оның әкесі ел басқарған, аға сұлтан болған адам.
Абай әуелі ел ішінде діни мектепте, он жасында Семей медресесінде оқиды. Абай ұлы ақын, жазушы. Артынан теңдесі жоқ сұлу, мазмұнды өлеңдер, тамаша әндер қалдырған. Ол – асқар таудай ұлы ақынымыз, халқымыздың мақтанышы.

 


2. Оқып, талдау.
Өлеңді оқу, мазмұнын ашу, талдау.
Сұрақтарға жауап алу.
— Абайдың «Күзі» сенде қандайкөңіл күй туғызады? Неліктен?
— Осы өлеңде айтылған түс қандай деп ойлайсың?
3. Сергіту сәті.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Дәптермен жұмыс.
Дәптерлеріне жазады
Өлеңнен күз мезгіліне қатысты көркем сөздерді тауып жазады:
Жапырағынан айырылған ағаш Дымқыл тұман
Сұр бұлт Жасыл шөп жоқ
3. Қорыту.
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді мәнерлеп оқып келу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *