І. Жансүгіров Күн шыққанда

Пәні: Ана тілі Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров Күн шыққанда
Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға дағдыландыру.
2. Оқушылардың ой- өрісін дамыту.
3. Білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Әңгімені оқыту ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
-Мына мақалды қалай түсінесіңдер?
Кітап – білім бұлағы.
Осы мақалдағы ойды түсінуге І. Жасүгіровтің «Күн шыққанда» өлнеңі көмектеседі.
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– «Күн шыққанда» өлеңінің мәтінін түсініп оқуға дағдылану.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
І. Жансүгіров туралы түсініктеме беру.
Болашақ ақын жерінің бетін жеті өзені өрнектеп, заңғар таулары көкке сұғынған көркем өлкенің әсем бір өңірі -бұрынғы Қапал уезіндегі ағынды Ақсу бойында 1894 жылы дүниеге келген. Анасынан ерте жетім қалған Ілияс әке бауырында тәрбиеленген. Әкесі Жансүгір арабша жақсы сауатты, үйінде көнелі-жаңалы кітаптарды жинап, оқып отыратын, өлең-дастандарды, арғы-бергінің неше алуан қызық әңгімелерін көп білетін кісі болыпты. Оның үстіне домбырашы, ісмер, ұста екен. Баласына да өнерінің бәрін үйретіп, әке орнына — әке, шеше орнына — шеше болып, аялап, әлпештеп өсірген.
Ілияс алғашында әкесінің үйретуімен хат таниды, сонан соң ауыл молдасының алдын көріп,медресе үлгісіндегі мектепте де оқиды.Белгілі ақын әрі жазушы.«Балаларға тарту» атты өлең кітабы бар.
2. Сергіту сәті.
3. Оқып, талдау.
Өлеңді оқып мазмұнын ашу.
Сұрақтарға жауап алу.
— Өлеңде ақын балаларды неге шақырады?
— Ақынның ойы қай шумақтарда байқалады?
— Өлеңде қандай еңбек іс- әрекеттер туралы айтылған?
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Дәптермен жұмыс.
Дәптерге жазғызу
Сөздік жұмыс: Масайрап- рақаттанып.
Кергіш –жіпті екі ағаш арасына тартып байлау.
Өз беттерінше мақал құрастырады:
Бұлақтың……..таусылмайды,
Кітаптың…….таусылмайды.
3. Қорыту. Сұрақ жауап арқылы
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді мәнерлеп оқу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *