Пәні: Ана тілі Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы Мен қалай оқуға бардым?
Сабақтың мақсаты: 1. А. Байтұрсынұлының «Мен қалай оқуға бардым?»өлеңімен
таныстыру.
2.Оқушыларды түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру білімін,
ой- өрісін дамыту.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а ) Өлеңді оқыту ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– «Мен қалай оқуға бардым?» атты өлеңімен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Мақалды оқиды. Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
Осы мақалдың мәнін түсіндіріп көреді.
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады.Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882—1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. Орынбордағы мұғалімдер даярлайтьш мектепте білім алады.. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет Байтұрсынов 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды.
2. Сергіту сәті. Көк аспанды шарлаймыз,
Ұшқан құсты санаймыз
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде жорғалар.
3. Оқып, талдау. Әңгімені оқу, талдау.
— Әңгіме кім туралы?
— Неліктен ол оқуға барғысы келді?
— Сонан соң не болды деп ойлайсың?
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Дәптермен жұмыс. Мақалды дәптерлеріне жаздыру.
3. Қорыту.
— Бүгінгі сакбақ ұнады ма?
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Мәтінді әңгімелеп келу.