Ө.Тұрманжанов «Мектеп – біздің анамыз»

Пәні: Ана тілі Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Ө.Тұрманжанов «Мектеп – біздің анамыз»
Сабақтың мақсаты: 1. Ө.Тұрманжанов «Мектеп- біздің анамыз» атты өлеңімен
таныстыру.
2. Оқушыларды түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру білімін,
ой- өрісін дамыту.
3. Мектепке, оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Әңгімені оқыту ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Мектепке не үшін келесіңдер? — Оқу не үшін керек?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– «Мектеп- біздің анамыз» атты өлеңімен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Суретпен жұмыс.
— Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны қайдан білдің?
— Балалардың көңіл күйі қандай? — Оқудың басталған алғашқы күні екенін неден аңғардың?
2. Сергіту сәті.
3. Оқып, талдау.
Мектеп – біздің анамыз өлеңін оқып, талдау. Мазмұнын ашу.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмыс: Күзге сүйеп күн иек- уақыт күзге айналып.
Шөмеле- шошайтып үйілген шөп. Межеле кез – мөлшерлі уақыт.
Сурет пен өлеңді салыстырады.
Сұрақ: Жауап:
Суретті кім салған? Суретші
Өлеңді кім жазған? Ақын
Суретті салатын адамды кім дейміз? Суретші.
Өлең жазатын адамды ше? Ақын
Суретшінің аты- жөні кім?
Ақынның аты – жөні кім? Өтебай Тұрманжанов
Сурет қалай аталады?
Сурет пен өлеңге ортақ етіп қандай ат қояр едің?
Суретшінің көңіл күйі қандай деп ойлайсың? Көтерінкі
Оны қандай бояулар байқатып тұр? Сары, қызғылт.
Өлеңде көңіл күйді білдіріп тұрған сөздерді ата. Күн сәулесін шашыпты, жарқын……

3. Қорыту.Сұрақ жауап арқылы
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді мәнерлеп оқып келу.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *