Пәні: Ана тілі Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Малды пайдаға жарату. 2
Сабақтың мақсаты: 1. Ы. Алтынсаринің «Малды пайдаға жарату» әңгімесімен
таныстыру.
2. Сабаққа деген ынталарын арттыру, ой- өрісін дамыту.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
а) Өлеңді жатқа сұрау. ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— өткен сабақта Ы. Алтынсариннің қандай өлеңін оқыдық?
-« Ата- енең қартайса-
Тіреу болар бұл оқу»
деген өлең жолдарын қалай түсіндіңдер? Толық түсіну үшін бүгінгі әңгімеміз көмегін тигізеді.
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты– Ы. Алтынсаринің Малды пайдаға жарату әңгімесімен танысу.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Оқып, талдау
Оқушыларға әңгімені оқу, талдау.
— Мәтін кейіпкерлерін ата.
— Үйшінің сөздерінен не түсіндің?
— Үйші тапқан малын қалай жұмсайды?
— «Борыш» сөзін басқаша қалай айтуға болады?
— Үйші балаларын оқытып, асырап бағуға беретін ақшасын неге «өсім» деп өтайды?
— Сен ата –анаңның еңбегін қалай ақтар едің?
2. Сергіту сәті. Саусақпен мұрынды қысайық
Әншіге біраз ұқсайық,
Әрбір сөздің дыбысы,
Қандай екенін ұғайық.
VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Дәптермен жұмыс.
Сызбаны толтырады. Дәптерлеріне жазып алады.
Үйшінің қарт әке- шешесіне
беретін ақшасы. Үйшінің балаларын оқытып,
асырауға кететін қаражаты.
Борыш Малдары
3. Қорыту.
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: Әңгімені оқып мазмұндау.