Ы. Алтынсарин. Кел, балалар, оқылық !

Пәні: Ана тілі Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин. Кел, балалар, оқылық !
Сабақтың мақсаты: 1. Ы. Алтынсаринің « Кел, балалар,оқылық!» өлеңімен таныстыру, мазмұнын ашу.
2.Оқушыларды түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру білімін,
ой- өрісін дамыту.
3. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1) Сұрақтарға жауап алу.
— Оқу не үшін керек?
— Ы. Алтынсарин туралы не білесіңдер?
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты – Ы. Алтынсаринің « Кел, балалар,оқылық!» өлеңімен танысу.
IV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам – Ы. Алтынсарин. Ол 1841 – 1889 жылдар арасында өмір сүрген.

 


Мақалды оқыту. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Мақалдағы сөздерді пайдаланып үлгі бойынша сөйлеп үйрену.
Адам (не үшін оқиды?) оқиды.
Өйткені білімсіз күнің жоқ.
2. Сергіту сәті.
3. Оқып, талдау.
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен таныстыру.
V. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:
1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.
2. Сұрақтарға жауап алу.
— Өлеңде автор неге шақыраыды?
— «Тоқуменен табылған» дегенді қалай түсінесің?
— Осы ой-пікірлері арқылы ақын не айтпақшы?
— Өлеңнің бірінші және екінші бөліктеріне қандай аттар қояр едің?
3. Қорыту.
— Бүгінгі сакбақ ұнады ма?
— Сабақта не жайлы әңгімеледік?
VI. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VII. Үйге тапсырма беру: 4 беттегі «Кел, балалар, оқылық!» өліңін жаттап келу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *