Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?
Жанымның жыртып шүберегін .
Дертіме дауа тапшы демедің .
Өтірік күліп , өмір сүрем де .
Өкiнiп тұрып жақсы көремін .
Көрінген едің шуақтай маған .
Шөлдесең жаным бұлаққа айналам Күйбеңің қанша қанжылатса да .
Сүйгенін бірақ жылатпайды адам
Мен сені құшқан ұлы түн қайда …
Оның да ертең күнi тумай ма …
Ес — түссіз сүйген есер шағымды .
Ұмыт дейсің бе ? Ұмыту қайда …
Іңкәр сезімге бөленбей ғалам .
Мұңын шағады өлеңдей маған
Жұлдыз көрінсе айдың жанынан
Есiмiңдi окып өлердей болам .
Түн менi тағы ойға батырды .
Шығардым жалғыз ойланатынды
Құдай да шебер ұмытпасын деп .
Аспанға жазып қойған атыңды .
Жақсы көрем деп жиі алдайсың
Жан тәніңменен суйе алмайсың ба
Менiң жүрегiм кешiрiмдi ғой .
Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба ?
Қара түндерде ай таранбаған .
Қолымды созам орал маған
Айналмаймыз ба ғашықтарға біз
Жердiң бетінде қайталанбаған