АҢ-ҚҰС ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР #4

  1. Өлі арыстаннан тірі ит артық.
  2. Өлі арыстанның басынан тірі атан үркеді.
  3. Өлейін деген тышқан
    Мысықтың құйрығымен ойнайды.
  4. Өз інінде көртышқанда батыр.
  5. Өрмекшіге қыл қуат.
  6. Өрмекшінің торы-
    Шыбынның соры.
  7. Өлі арыстаннан тірі мысық артық.
  8. Сабырсыз балық сағасынан ілінер.
  9. Сыры ашылмаған сұңқар бар,
    Сыналмаған тұлпар бар.
  10. Сұңқар самғасынан байқатар,
    Қарға қалжасынан байқатар.
  11. Судағы тырнадан,
    Қолындағы шымшық игі.
  12. Сауысқан шоқығанмен тоқ болмайды.
  13. Сауысқан тоты боламын деп,
    Жүрісінен жаңылыпты.
  14. Сақ қарға сағасынан ілінер.
  15. Суыр сүренің табады.
  16. Сауысқан сақтығынан өлмейді,
    Сұқтығынан өледі.
  17. Сауысқан бір шоқып, қырық қаранады.
  18. Семірген сайын тауықтың арты бітер.
  19. Сауысқан тотықұстың жүрісіне
    Саламын деп, өз жүрісінен айырылыпты.
  20. Сасқан үйрек артымен сүңгір.
  21. Саясы жоқ бұтаққа бұдбұл қонбайды.
  22. Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды.
  23. Талабы жоқ жас-
    Қанаты жоқ құс.
  24. Тұяқты тұяқ жібермейді.
  25. Түлкі түгінен табар,
    Бай малынан жазар.
  26. Тышқанның да сауыры бар.
  27. Тарысы бардың тауығы бар.
  28. Тозғындаған аққуды шалқындаған қаз ілер.
  29. Тырна көкте, тұзақ жерде.
  30. Таутанып тастап барыс ат,
    Жаға болар ішікке.
  31. Тау текенің тауға шықпаса,тұяғы қышиды.
  32. Тауына қарай тоғайы, Мегежінге қарай торайы.
  33. Тарыны торғай жеп,
    Тотанағы бөденеге қалыпты.
  34. Тауық құсқа ұшу жоқ,
    Там үйлерге көшу жоқ.
  35. Тұрымтай көз тұндырады,
    Қараша қазан қайнатады.
  36. Торғай,торғай тотым бар,
    Бір жапырақ етім бар.
  37. Тоты құс бойын көріп сыланады.
    Аяғын көріп қорланады.
  38. Томаша тоғыз жұмыртқалайды-біреуі ғана бұлбұл болады.
    Өрмекші он жұмыртқалайды-біреуі ғана бүйі болады.
  39. Бөдененің үйі жоқ,
    Қайда барса-бытпылдақ.
  40. Торғай жаңбыр жауса,балапаның қорғайды,
    Бұршақ жауса,басын қорғайды.
  41. Түк таппаған бүркіт қызыл көйлекті қатынға түседі.
  42. Тынбай жүрген тасбақа,
    Тәй-тәй басып түйеден озыпты.
  43. Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас,
    Үйірінен қаңғыған тұлпар оңбас.
  44. Топтанып ұшқан торғайға,
    Тұрымтай да бата алмас.
  45. Судағы балықты иеленбе,
    Ол әлі сенікі емес.
  46. Тауық түсінде тары көрсе,
    Түлкі түсінде тауық көреді.
  47. Тышқан көтін көріп жаралы болыпты.
  48. Тышқан ініне кіре алмай жүріп,
    Құйрығына қалжауыр байлар.
  49. Тышқанның тәңірі мысық.
  50. Тауындағы түлкіні,табындағы тазы алар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *