СОПЫЛЫҚ ІЛІМНІҢ АСА КӨРНЕКТІ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ БІРІ ӘУЛИЕ БЕКЕТ — ПІР АТАДАН ҚАЛҒАН ӨСИЕТТЕР

СОПЫЛЫҚ ІЛІМНІҢ АСА КӨРНЕКТІ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ БІРІ ӘУЛИЕ БЕКЕТ — ПІР АТАДАН ҚАЛҒАН ӨСИЕТТЕР:
Елдің айтуынша Бекет Ата мына өсиеттерді жиі қолданған екен:
«Тек қана бір Аллаға сыйыныңдар»;
«Алладан медет тілеңдер!»;
«Аллаға зікір салыңдар!»;
«Ата-аналарыңды, өздеріңнен жасы үлкендерді сыйлаңдар!»;
«Тату болыңдар! Жақындарыңды сыйлаңдар, жат жанынан түңілсін»;
«Біреуге қиянат, не озбырлық жасап тұрып менің атымды атамаңдар!»;
«Қарқараға жандарың келгенше менің атымды ауызға алмаңдар, өте қиын жағдайда ғана жәрдем сұраңдар!»;
«Бейнетіңе сабырлық, рахатыңа шүкірлік қыл!»;
«Жақсыны өзің үшін, ал жаманды ел үшін сыйла!»;
«Тек жүрсең, тоқ жүресің»;
«Ниетің жолдасың болсын!»;
«Елді, Атамекен-туған жерді (Атажұртты) көздеріңнің қарашығындай қорғаңдар!»;
«Діл мен дінді, салт-дәстүрді сақтаңдар;
«Аллланың нұсқауымен ұлы Аталарымыз салған Алланың ақ жолынан ауытқымаңдар;
«Адам Ата мен Ауа Анадан басталған ұлы шежіре-тарихты ұрпақтан ұрпаққа жалғаңдар»;
«Аллатағала жаратқан тіршілік иелеріне қиянат жасауға болмайды»;
Атамыз қазақтың «Малым жанымның садағасы, Жаным арымның садағасы» деген қасиетті сөзін ешқашан жадтарыңыздан шығармаңдар;
«Білім алыңдар. Білекті бірді, білімді мыңды жығар» т.т. Атаның өзі бұл өсиеттерді бұлжытпай орындап, ұрпақтарына үлгі бола білді.
Атамыздың өмірден өтер алдында халқына айтқан соңғы өсиеті: «Басыма ит сарытып басындырма. Жаттың (жаудың) табаны таптамасын». Әулиенің өсиеті бұлжытпай орындалыпты. Қазір атаның басына баратын жалғыз аяқ соқпақ қана бар. Ол соқпақтан басқа еш жерден пенде баласы маңайлап бара алмайды.
АТАМЫЗДЫҢ БАСҚА ДА ӨСИЕТТЕРІН БІЛЕТІНЕРІҢІЗ БОЛСА ЖАРИЯЛАУЛАРЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІЗ!
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *