ҚАРАШАҢЫРАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
ҚАРАПАЙЫМ ОТБАСЫЛЫҚ ҚАҒИДА: БІР АДАМНЫҢ ОН БАЛАСЫ БАР ДЕЛІК. АТАСЫ МЕН АНАСЫ ЖАСТАРЫ ҮЛКЕН ТОҒЫЗ БАЛАСЫН ҮЙЛЕНДІРІП, ЕНШІЛЕРІН БӨЛІП БЕРІП, БӨЛЕК ОТАУ ЕТІП ШЫҒАРАДЫ. КЕНЖЕ ҰЛҒА ЕНШІ БЕРІЛМЕЙДІ. СЕБЕБІ, ОЛ ҮЛКЕН ШАҢЫРАҚҚА, ЯҒНИ ҚАРАШАҢЫРАҚҚА ИЕ БОЛЫП ҚАЛАДЫ. БҰЛ БҮКІЛ ҚАЗАҚҚА ОРТАҚ ҚАҒИДА. КҮНІ КЕШЕГЕ ДЕЙІН БҰЛ ЕРЕЖЕНІ БҰЗУ АЗҒЫНДЫҚ ДЕП ЕСЕПТЕЛГЕН. ҚАЗАҚТЫҢ АТА САЛТЫН САҚТАЙТЫНДАР ОНЫ КҮНІ БҮГІНДЕ ДЕ СОЛАЙ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ.
АЛ, ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕҢГЕЙІНДЕ ДЕ ТУРА ОСЫ ҚАҒИДА ҚОЛДАНЫСТА ТҰР.
ОСЫ ҚАҒИДАҒА СӘЙКЕС, ҚАЗАҚ ҚАҒАНАТЫ БҮКІЛ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ. АЛ, ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ АТЫ АЙТЫП ТҰРҒАНДАЙ, КІШІ ЖҮЗ (БЕКАРЫС).
БЕКАРЫСТЫҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ — АЛШЫН.
АЛШЫННЫҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ — ОН ЕКІ АТА БАЙҰЛДАРЫ.
ОН ЕКІ АТА БАЙҰЛЫНЫҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ — АДАЙ.
АДАЙДЫҢ ҚАРАШАҢЫРАҒЫ — МҰҢАЛ (МҰҢҒҰЛ, МҰҒЫЛ) БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
АДАЙДЫҢ БҮКІЛ ҚАЗАҚТЫҢ РУЛЫҚ ШЕЖІРЕ ТІЗБЕГІНІҢ ЕҢ СОҢЫНДА ТҰРҒАНЫ ЖӘНЕ ӨЗДЕРІНІҢ АС — САДАҚАЛАРЫНДА БҮКІЛ ҚАЗАҚ РУЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ АҒА БАЛАСЫ ДЕП, ШАПАН ЖАБАТЫНДАРЫ ОСЫДАН. ӨЗГЕ РУЛАР АДАЙҒА ШАПАН ЖАППАЙДЫ. СЕБЕБІ, БҰЛ ТЕК ҚАНА АТА МЕН АҒАҒА КӨРСЕТІЛЕТІН СЫЙ-ҚҰРМЕТ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау.