ҚАЗАҚИ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ АДАМ АЙТСА НАНҒЫСЫЗ, БІЗ БІЛМЕЙТІН ҚҰПИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚИ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ АДАМ АЙТСА НАНҒЫСЫЗ, БІЗ БІЛМЕЙТІН ҚҰПИЯЛАРЫ

Қазіргі біздің орыс тілді билік пен солардың ізін қуып жүрген жас буын ұрпақтың қазақи шежіре-тарихты білмегендерінің салдарынан ежелгі қазақтарда білім дамымаған, ғылымнан хабары жоқ, мал баққаннан басқа ештеңе білмеген, деген ұғым қалыптасқан.

Осы тұжырымдарды түгелдей жоққа шығаратын бірнеше мысал келтірейін:
1. Ағылшын тілінде ас қорытуға қажетті маңызды ферментті бөлетін безге “Pancreas”
дейді. Бұл “тасбақаның жотасындағы тасы, яғни, сауыты” – дегенді білдіреді. Яғни олар бездің сыртқы ұқсастығына, оның түріне қарап осылай атаған. Ал орыстарда “поджелудочная железа” дейді. Олар да асқазанның астында орналасқандығы үшін осылай атаған. Екеуі де көзбен көргеніне қарап атау берген. Ал біздің ата бабаларымыз “ұйқы безі” дейді. Себебі, бұл без жұмысын тоқтатқан жағдайда, адам комаға, яғни ұйқыға кетеді. Егер ата-бабаларымызда медицина болмаған болса, онда аталмыш бездің комаға себеп болатынын қайдан білген? Батыстық «медицина» соңғы ғасырға дейін оны неге білмеген?

2. Қазақ сүттен бес минутта дайын болатын тағамнан бастап, бес мың жылға дейін
бұзылмайтын тағам дайындай алған. Сүттен 35 түрлі ас дайындалады. Сол 5 000 жылға шыдайтын қазақтың ұлттық тағамы,құнары өте күшті батырлардың тағамыдеп аталатын — ҚҰРТ. Ғалымдар осы құртты зерттей келе, оның құрамының аса құнарлы, түрлі минералдар мен витаминдерге бай, денсаулыққа пайдалы, әрі сақтауға төзімді екенін анықтаған. Құрт ғарышкерлердің сүйікті асы. Бүгінгі таңда қазақтың құрты ғарыштық тағам деген мәртебеге ие болып отыр.
Ежелде қазақ сарбаздары «жол азығы» атқа ауыр болмас үшін, алыс жолға кептірілген құрт алып шығып, соны суға салып, езіп ішетін болған. Ол адамның қарнын ашырмай, күш-қуатын сақтаған.
Махамбет ақынның (Өтемісұлы) «Алты малта ас болмай, Ерлердің ісі бітер ме!» дегеніндегі «Алты малтасы» осы алты құрт.
Бүткіл жер бетінде білім мен ғылым қанша дамыды, десек те, ешбір ел әліге дейін мұндай шыдамды және құнарлы ас дайындау дәрежесіне жеткен жоқ.

3. Ген ғылымы дамығаннан кейін ғана ғалымдар түрлі аурулардың неше атаға дейін
тұқым қуалайтындығын дәлелдеп отыр. Ал біздің ата-бабаларымыз жеті атаға дейін қыз берісіп-алысуға тыйым салған және бұл тыйым әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Қазақтар медицинаны білмеген болса, олар ғылым енді ғана біліп жатқан аурудың неше атаға дейін тұқым қуалайтындығын қалай білген?
Бір ерекшелігі оны тіпті көптеген мұсылман елдерінің өздері де: арап, парсы, өзбек, түрікпен т.б. білмеген және қолданбаған. Жалғасы бар).
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *