ҚАЗАҚТЫҢ КӨЗІМІЗДІҢ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ ҚОРҒАЛУҒА ТИІС ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ:
1. Өз туған Анамыздың атындағы Мемлекеттік тіліміз. (Тілден айрылсақ бәрінен айрыламыз).
2. Атамекен туған жеріміз. (Саудаға салмау және шетелдіктерге жалға бермеу).
3. Ұлттық мемлекетіміз.
4. Ата салтымыз бен дәстүріміз.
5. Әдебиетіміз бен мәдениетіміз.
6. Діліміз бен дәстүрлі мұсылмандық дініміз.
7. Ежелгі ұлы Аталарымыздан қалған ырымдарымыз бен тыйымдарымыз.
8. Ежелгі Аталарымыздан қалған Сопылық іліміздің Тарихат жолы. (Сопылық ілімнің басты қағидасы: Өткеннің жақсысын да, жағымсызын да білуге тиіспіз. Жақсысы жалғастыру үшін, жағымсызы қашу үшін қажет).
9. Ұлтымыздың ауызбірлігі.
10. Ұлтымыздың Ары мен Намысы.
11. Атамекен туған жеріміздің астыңғы және үстіңгі бүкіл байлығы.
12. Мемлекеттік туымыз.
13. Мемлекеттік ән ұранымыз.
14. Мемлекеттік таңбамыз (гербіміз).
15. Ұлттық мемлекетімізге деген Адалдық және Әділдік.
16. Ұлтымыздың (Мемлекетіміздің) абыройы.
17. Ата-тегімізді, яғни руымызды және Жеті атамызды түгел жатқа білу. Аты-жөніміз бен тегімізді Қазақтың ата салтына сай Мемлекеттік тілге ауыстыру.
18. Төрт түлік малымыздың жойылып кетпеуін қамтамасыз ету.
19. Қазақтың рулық шежіресі мен шежіре-тарихын түгел зерттеп, зерделеп ақиқатты ұрпаққа жалғап отыру.
20. Шетелге (әсіресе қытайға) қол жайып, қарыз сұрауды тоқтату.
21. Кімде-кім ҰЛТҚА сын болатындай әрекет жасаса (Өзінен жасы үлкендерді, қарияларды силамау, ЛГБТ (лесбиян, гей, бисексуал және трансгендерлер), жыныс ауыстыру, азаматтық неке, есерсоқ дөрекі әндер, көшеде қыз бен жігіттің жабысып тұруы, теледидарлардағы қазақтың Ата салты мен дәстүріне сай емес бағдарламалар т.т.) тиісті шаралар алу. Ондайлардың жанынан ескертпей, үнсіз өтпеу.
МІНЕ ОСЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ ӘРБІР ҚАЗАҚ АЗАМАТЫНЫҢ АБЫРОЙЛЫ БОРЫШЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау