Кіші жүздің ру-тайпалық құрамында Әлімұлының жолы өзгелерден үлкен болып есептеледі.
12-ата Байұлы Қаратоқай Беріштен шыққан Мұрат Мөңкеұлы жырау бұл туралы :
Алаша Алаш болғалы,
Алаша атқа мінгелі,
Ала шұбар ту байлап,
Алашқа ұран бергелі
Әлім еді ағасы,- дейді.
Баяғыда осыдан 20-жыл бұрын Бесқала мен Түрікменстаннан келген , адайлардың тойында болып, келіндер табақ алған соң, асқа бата сұрағанда, 97-ке келіп дүние салған адай марқүм Жазықбай ақсақал, Әлім тұрғанда Адай бата бере ма, Адай кіші жүздегі қара шаңырақтың иесі, Әлім аға баласы деп, Әлім баласы жасы кіші болса да астың батасын қайырған еді.
Кіші жүздің асында Әлім Шыманның Мырзағұл биі, Әлімдегі атақты 5-жақсысын айтып, асты басқаруды қолына алған көрінеді.
Сонда: Мың жылдығын болжаған, әулие -Мөңкем бар,
Әлімде ұранға шыққан -Бақтыбайым бар,
Дін таратқан- Қазақайым( Қазақай Ахун) бар,
Қарадан хан болған -Қалдыбайым бар,
Қазаққа би болған -Әйтекем бар деп-, деген екен.
Әлімдердің тойында Әлім аға баласы деп айтқанымыз үшін, тойдан кейін шежіре білмейтін ағайын, дауласып, білгенімізге жазықты болып жаттық.
Мен өзім төренің қызы болғасын, Қасым салған қасқа жолдың негізімен, заңдардың атасы, Қазақ хандығының негізін салушы- Қасым хан атамның жолымен, турасын айтқанды жөн көремін.
Тарихты ешкім өзгерте алмайды, тарихты Қаратоқай Беріш Мұрат Мөңкенің сөзімен, түйіндеген өлең жолдары да ақиқатын айғақтап тұр. Ендеше, Кіші жүзде, Әлім аға баласы дегенге, тойда бата сұрап, талайдың бақ-талайына себепші періштелер әумин дейтін, қол жайған ақ батада ешкімге ренжімейік, ағайын!.#естелік #Әлімдер #айгүлелшібаеваныңжазбалары