Тұлға және қол сүйектері

Тұлға және қол сүйектері
Кеуде немесе көкірек алдыңғы жағынан төс сүйегі 12 жұп қабыртқалар, сырт жағынан омыртқалардан құралады. Кеуденің ішкі жағы кеуде қуысы деп аталад. Оында жүрек, өкпе, жұтқыншақ, кеңірдек т.б. мүшелер орналасқан.
Қабыртқалар қалақ тәрізді ұзын имек сүйектер. Олар 12 жұптан тұрады. Қабыртқаның ортасы денесі алды мен арты ұштары деп аталады. Артқы ұшы қабыртқа басы деп аталады, қабыртқаның мойны және буын дөңестері болады. Қабыртқаның алдыңғы ойыс бетінде қан тамырлары өтетін жүлге бар. Жеті қабыртқа ұшындағы шеміршек арқылы төс сүйегіне тікелей бірігеді, бұлар нағыз қабыртқалар. 8,9,10-шы қабыртқалар жалған қабыртқалар төспен тікелей жалғаспай шеміршекпен ғана бірігеді. 11-12-ші қабыртқалар бос, жетім қабыртқалар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *