Сына сүйегі немесе негізгі сүйек – тақ, ол ми сауытын құраушы барлық сүйектермен байланысып ми сауытының түбін құрайды. Сына тәрізді сүйектің Сына тәрізді сүйектің денесі қуысты боладыда сол қуысы арқылы мұрын қуысымен жалғасып жатады. Сына тәрізді сүйектің толық орта жерін денесі дейді,оданекі үлкен қанат, екі кіші қанат және қанат тәрізді өсінділер – медиалды ілмек және латералды өсінділер бар. Денесі арт жағынан шүйде сүйегімен байланысса,алдыңғы жағынан мұрын қуысымен жалғасады.Жоғарғы бетінде түрік ерінің арқасы мен ойысы, гипофиздік ойыс болады. Үлкен және кіші қанаттары өзара көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы ажырап жатады. Үлкен қанатта үш тесік бар — дөңгелек, ойыс және сопақша. Бірінші екеуінен үшкіл жүйкенің тармағы өтеді, ал сопақ тесіктен – артериялар өтеді. Үлкен қанаттарының самай, көз, ми, жоғарғы жақ беттері; дөңгелек, сопақ, остік тесіктері бар. Кіші қанаттарының көз және ми беттері болады. Сына тәрізді сүйектің медиальды және латеральды тақташалары, қармақ, шұңқыршасы бар екендігі белгілі
Тор сүйегі ми сауытына да, бет бөліміне де жататын тақ сүйек. Оның көлденең тақташасы, әтеш айдары, торлы тақташасы, иіс жүйкесінің тесігі, торлы шытырман, көз тақташалары, жоғарғы және ортаңғы мұрын кеуілжірлері, торлы ауа қойнауы болады.
Бет бөлімінің сүйектері жұп және тақ сүйектерден құралған. Бас сүйегінің
қаңқасының бет бөлімі сүйектеріне жұп жоғарғы жақ, көз жасы сүйегі, мұрын сүйегі, төменгі мұрын кеуілжірі, таңдай сүйегі, шықшыт сүйегі және тақ төменгі жақ сүйегі, тіл асты сүйегі, кеңсірік жатады.
Бет бөлімі, оның сүйектерінің орналасуы, олардың құрылысы күрделі келеді.
Жоғарғы жақ беттің орталық бөлімін алып жататын үлкен жұп сүйек. Оның денесі, маңдай, шықшыт, таңдай, алвеолярлы өсінділері; алдыңғы, самай асты, көз, мұрын беттері; көз асты шеті, мұрын ойығы, алдыңғы мұрын қыры, сүйір тіс шұңқыры, төмпек, альвеолярлы тесіктері, көз асты сайы мен каналы, көз жасы ойығы, кеуілжір жалы, альвеолярлы доғасы болады. Жоғарғы жақ сүйегінің үстіңгі беті көз шарасының төменгі жағын, мұрын беті мұрын қуысының бүйір қабырғасын құрайды.
Төменгі жақ сүйегінің денесі және 2 бұтақтары болады. Денесінің негізі, иек асты қыры, альвеолярлы доғасы бар. Бұтақтарының буын және тәждік өсінділері,ойығы, бұрышы болады. Төменгі жақ сүйегінің төменгі жақ тесігі, бұлшық ет бұдырлары және шұңқыршалары әртүрлі қызметтер атқарады. Төменгі жақ сүйегінде 16 тіс ұясы бар.
Шықшыт сүйегі жұп. Оның латеральды, көз, самай беттері, маңдай, самай, жоғарғы жақ өсінділері болады. Бұл өсінділерімен шықшыт сұйегі осы аттас сүйектермен байланысады. Шықшыт сүйегінің шықшыт көз, шықшытжақ, шықшытсамай тесіктеріде бар.
Таңдай сүйегі қатты таңдайдың түбін құрайтын жұп сүйек. Оның горизонтальды және вертикальды тақташалары, көз, сына, пирамида өсінділері, торлы,кеуілжірлі айдаршықтары, артқы, мұрын қырлары болады.
Тіл асты сүйегінің денесі, үлкен және кіші мүйіздері болады
Тіл асты сүйегі төменгі жақтың астында тілдің 8 түбінде тұратын таға тәрізді тақ сүйек. Бұл сүйек ешқандай сүйекпен байланыспайды.
Төменгі мұрын кеуілжірінің көз жасы, жоғарғы жақ, торлы өсінділері болады.
Кеңсірік төрт бұрышты ромб тәрізді жұқа жұп сүйек, ол мұрын қуысын бөлуге қатыслды.
Көз жасы сүйегі көз шарасының ішкі бетін түзетін кішкентай жұп сүйек.
Мұрын сүйегі төрт бұрышты пластинка тәрізді жұқа жұп сүйек, ол кеңсірік тұсындағы мұрын тесігін жауып тұрады.. Бас сүйек қаңқасының жалпы біріккен құрылысын алып қарағанда ол негізі, ми қақпағынан тұрады.