Маңдай сүйегі — қабыршақты бөлім, екі көз бөлімі, мұрын бөлімі, жалпы төрт бөлімнен тұрады. Маңдай жалпақ төбеге қараған дөңес бөлімнен, төменге қарай маңдай қабыршағын көз шарасының ойығының жиегін түзейді. Осы екі көз аралығында мұрын бөлігі бар. Маңдай сүйегінің мұрын бөлігінің үстіңгі жағындағы қуыстықты маңдай қойнауы дейді. Ол мұрын қуысымен тығыз байланыста жатады. Маңдай сүйегінің қас доғалары, самай сызығы, самай беті, көз жасы безінің сайы, апертуралары, торлы ойындысы болады.