1.4.МЫС-ТАС ҒАСЫРЫ (ЭНЕОЛИТ). ЕЖЕЛГІ АДАМДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ТУРАЛЫ ТҮСІНІГІ
-Энеолит (мыс-тас) дәуірі б.з.б. 3000-2800 жылдар аралығын қамтиды. (2011 жылғы баспада энеолит б.з.б. 3000-1800 жылдар деп көрсетілген). Бұдан 7 мың жыл бұрын кейбір деректерде 5 мың жыл бұрын Энеолитте адамдар мыс өңдеуді үйреніп, мыстан жасалған құралдар өндіріске енгізілді. Бірақ металл тас құралдар қолданыстан мүлдем шығарылып тасталған жоқ. Тас та негізгі құрал ретінде пайдаланылды.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:
1. Алғаш рет металл қолданылған дәуір:
Жауабы: Энеолит
2. б.з.б.3 -2 мың (3000-2800 жж.)
Жауабы: Энеолит
3.Адамзат баласының металдан жасалған кұралдарды игере бастауы басталған дәуір:
Жауабы: Энеолит
4. Мыс- тас ғасыры (энеолит) дәуірі:
Жауабы: шамамен б.з.б. 3000-1800 мың жылдар («Атамұра» 2006-да б. з. б. 3000-2800 жылдары деп берілген)
5. Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металл:
Жауабы: Мыс
6. Тас дәуірі мен қола дәуірінің аралық кезеңінің ғылыми аталуы:
Жауабы: Энеолит
7. Мыс-тас ғасырының (энеолит) жаңа тас ғасырынан (неолит) айырмашылығы:
Жауабы: Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы
8. Тас пен мыстан жасалған еңбек құралы қатар қолданылған кезең:
Жауабы: Энеолит
9. Адамдар мыс өңдеуді алғаш игерген мерзім:
Жауабы: 5 мың жыл бұрын
Энеолит кезеңінің шаруашылығы:
-Еңбек бөлінісі пайда болды. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың – егіншілік пен мал шаруашылығы болып екіге бөлінуі еді.
-Бірақ энеолитте бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Өйткені теселі егіншілік адамды тамақпен толық қамтамасыз ете алмады. Сондықтан бұл тайпалардың мал шаруашылығымен де, аң және балық аулаумен де айналысуына тура келді.
-Мал шаруашылығымен шұғылданған тайпалардың көп бөлігі егіншілікпен мүлдем айналыспады. Мал бағу егіншілікке қарағанда көп өнім беретін.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:
1. Шаруашылықтағы ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі:
Жауабы: Егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөліну
2. Қоғамда алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай:
Жауабы: Шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі.
3.Энеолит дәуірінде болған өзгерістер:
Жауабы: Қоғамда еңбек бөлінісі пайда болды
Энеолит кезеңінің еңбек құралдары:
-Баспаналары. Үй құрылысында төбесі ағашпен жабылып, жартылай жерден қазылған көп бұрышты немесе шеңберлі құрылыстар салу басым болды.
-Тесені тас тісті ағаш соқа алмастырды, нәтижесінде еңбек өнімділігі арта түсті.
-Мыс жеңіл әрі қалаған пішінге келтіруге ыңғайлы еді. Адамдар мыстан қанжар, балта, әйелдердін сәнді бұйымдарын т.б жасады.
Энеолит кезеңінің тұрақтары:
— Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші – Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Қонысты 1980 жылы ашып, 20 жылдай археолог В.Ф.Зайберт зерттеген екен. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды. Үйлер кәдімгідей көше-көше болып салынған. Үйдің қабырғасының бір метрге жуығы – кәдімгі жер. Одан жоғары тұсы – топырақпен дауал етіп шенделген қабырға. Қабырғаларға бөрене мен сырғауылдар салынған. Үйлердің кабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ал үйдің төбесінде түтін шығатын тесік қалдырылған, ортасына ошақ орнатылған.
— Қазба жұмыстары барысында тастан жасалған кұралдар – садақтың ұштары, найзалар, пышақтар мен балталар табылды. Сүйектен жасалған ине, біздер және қыштан жасалған бұйымдар да ұшырасты. Жылқы сүйектері өте көп табылды. Ботайлықтар бүкіл Еуразия даласында алғашқы жылқы малын қолға үйреткендер болды. Ботайлықтарды жылқы өсірген бақташы тайпалар деп атауға болады. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылған. Жылқыны қолға үйрету, оны салт мініп жүруді, көлік ретінде пайдалануды ойлап табу адамзат дамуында прогрестің болғанын дәлелдейді. Осылайша адамның уақыт пен кеңістікті игеруінің негізі қаланды.
— Маңғыстау өңірінде табылған ескерткіштер энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағына жатады. Маңғыстау түбегіндегі белгілі энолит тұрақтары – Шебір, Жыңғылды, Қошқарата және тағы басқа Шебір елді мекені маңынан тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған. Ыдыстар саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді ыдыстар табылды. Ыдыстар тарақ тісі секілді өрнекпен әшекейленген. Шебірліктер теңіз моллюскаларының қабықтарынан моншақ жасаған. Олар негізінен аң аулаумен айналысқан.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:
1. Солтүстік Қазақстандағы энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші:
Жауабы: Ботай
2. Энеолиттік Ботай тұрағының мерзімі:
Жауабы: Б.з.б. 3-2 мың жылдықтар аралығы
3. Ботай тұрағынан ең көп табылған мал сүйегі:
Жауабы: Жылқы
4. Энеолиттік ескерткіштер табылған Маңғыстау жеріндегі елді мекен:
Жауабы: Шебір
5. Солтүстік Қазақстан жеріндегі 158 тұрғын үй табылған энеолиттік тұрақ:
Жауабы: Ботай
6. Жылқы сүйектері өте көп табылған энеолиттік тұрақ:
Жауабы: Ботай
7. Ежелгі Шебір тұрғындары ыдысты әшекейлеу үшін пайдаланды:
Жауабы: Тарақ тісі сияқты өрнекті
8. Энеолиттік Шебір мекені орналасқан өңір:
Жауабы: Маңғыстау
9.Ежелгі Шебір тұрғындары моншақ ретінде тақты:
Жауабы: ұлу қабықтары
10.Ботай қонысынан сүйек қалдықтары табылған жылқылардың саны:
Жауабы: 70 мың
11.Ботай қонысынан табылған жәдігерлер:
Жауабы: 158 тұрғын үй, Найза мен пышақтар, жылқы сүйектері
Энеолит кезеңінің қоғамдық құрылысы:
-Энеолит қоғамында екі ірі өзгеріс болды: еңбек бөлінісі қалыптасып, аталық ру орнай бастады. Патриархалдық отбасылар жақын туысқандардың үштен астам ұрпағынан тұрды. Ең үлкендері өз алдына қауым құрап, рулық бірлікке кірді.
— Рулық қауым негізінен аталық (патриархалдық) отбасылардан құралды. Рулар тайпаға бірікті. Ал тайпалар кейінгі тарихи кезеңде тайпа одақтарын құрды. Біртіндеп үй, мал, еңбек құралдары, тұрмыстық заттар жекеменшікке өте бастады.
-Қоғамдық еңбек бөлінісі, металл өндірісі мен малшаруашылығы маңызының арта түсуі ер адамдардың қоғамдағы рөлін жоғарылатты. Өмірдің барлық салаларында еркектердің беделі өсті. Өндірісте әйел рөлінің төмендеуі ендігі жерде отбасында еркектердің билік жүргізуіне алып келді.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:
1. Аталық ру қалыптасты:
Жауабы: Энеолитте
2. Энеолит дәуіріне тән оқиға:
Жауабы: аталық ру орнай бастады
3. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі:
Жауабы: Аталық ру үстемдігінің қалыптасуы
Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі
А.Өнер мен білімнің шығуы.
-Антропология — адамның сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылым. Тарихи антропология — бір аймақтағы халықтардың түр-түсіндегі өзгерістерді зерттейтін ғылым.
— Адамдар өз білімдерін суретті хат – пиктография арқылы хабарлаған. Әрбір ұғымның өзіндік шартты таңбасы болған. Шұбар атты салу арқылы малдың індет ауруынан қырылғанын білдірген. Петроглиф (лат. петро — тас және грек. глиф — жазу) — тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер.
— Палеолиттік суретшілер сурет салуда ағаш көмірін пайдаланған. Суреттер үңгірдің қабырғасында бейнеленген. Шашын таңғаларлықтай сәндеген, белін буған әйелдерді жиі бейнелеген. Әр түрлі бояумен шауып келе жатқан аттарды, аңшылықтың түрлі көріністерін салған.
-Ертедегі мүсіншілер сүйек пен мүйізден жүгіріп жүрген еліктердің және адамдардың бейнесін ойып жасаған. Cүйек пен мүйізден жасалған әйелдердің мүсіндері көп табылған. Еңбек құралдарын ойып әшекейлеу жиі кездеседі.
-Қараүңгір мекенінен дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған қыш ыдыстар табылды. Ыдыстарға шұңқыр мен штрихтар түріндегі өрнектер салынған. Қарағанды облысынан табылған қыш ыдыс толқын тәрізді және геометриялық өрнектермен әшекейленген.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:
1. Адамдардың өз білімдерін суретті хат арқылы хабарлауы
Жауабы: Пиктография
2. Алғашқы қауым суретшілері сурет салуда пайдаланды
Жауабы: ағаш көмірін
3. Дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған қыш ыдыстар табылды
Жауабы: Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен(ыдысқа шұңқыр мен штрих түрінде өрнек салынған)
4.Қарағанды жерінен табылған қыш ыдысқа:
Жауабы: толқын тәрізді және геометриялық ою салынған
5. Жер анаға табыну, аналық рудың белгісі ретінде табылған:
Жауабы: Әйелдердің мүсіндері
6. Ежелгі Қазақстан жеріндегі ертедегі мүсіншілер сүйек пен мүйізден ойып жасаған:
Жауабы: адамдардың бейнесін
7.Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен табылған қыш ыдыстардың түптері боялды:
Жауабы: Қызыл бояумен
8.Қарағанды облысынан табылған тас дәуірінсе тән қыш ыдыстарда бейнеленген өрнек:
Жауабы: Геометриялық
9.Бір аймақтағы халықтардың түр-түсіндегі өзгерістерді зерттейтін ғылым:
Жауабы: Тарихи антропология
10.Адамның сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылым:
Жауабы: антропология
11.Антропология ғылымы зерттейді:
Жауабы: Адамнын сыртқы биологиялық қасиеттерін
12.Тас, жартас бетіне қашау арқылы сызып, ойып салынған суреттін ғылыми атауын анықтаңыз:
Жауабы: Петроглиф.
Б.Діни көзқарастардың қалыптасуы.
— Діни түсініктердің пайда болуын неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқауға болады. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінгендіктен, адамды бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салып жерлеген. Адамның маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған.
— Анимизм. Өте ерте заманда өлген адамның үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Қызыл түс – қанның түсі. Ертедегі адамдар қан жанмен байланысты екенін білген.
— Тотемизм – адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстырды. Ежелгі адамдар өздерін белгілі бір жануардан таралдық деп есептеген. Сол жануарларды ата тегіміз деп сиынған. Зоопатрия – аң-құстарға табыну.
— Адамдар табиғаттың дүлей құбылыстарынан сақтану үшін әр түрлі тылсым әрекеттер жасаған. Магиялық әрекеттер – құлшылық етіп сиыну, құрбандық шалу, қорғайды деген түсінікпен тұмар тағу.
-Фетишизм – байырғы адамдарда белгілі бір материалды затқа ерекше қасиетті деп табыну.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:
1. Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстырудың ғылыми атауы:
Жауабы: Тотемизм
2. Ежелгі адамдардың жерлеу ғұрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу себу сенімінің ғылыми атауы:
Жауабы: Анимизм
3. Өте ерте заманғы жерлеу ғұрпында қанның жанмен байланысты екенін білдіретін сенім:
Жауабы: Анимизм
4. Ежелгі жандардың табиғаттың тылсым әрекеттеріне сиыныш, құлшылық ету әрекеті:
Жауабы: Магиялық әрекет
5. «Тотемизм» дегеніміз:
Жауабы: Шығу тегін жануарлармен байланыстыру.
6. Алғашқы адамдардың табиғатқа тәуелділігінен туған:
Жауабы: Құдайға сыйыну
7. Қазақстан жеріндегі ежелгі адамдарда діни түсініктер байқалды:
Жауабы: Неандертальдық адамдардың жерлеу ғұрпынан
8.Діни түсініктердің пайда болуынан мәлімет беретіні:
Жауабы: Неандертальдықтардың жерлеу ғұрыптары
9.Зоопатрия сөзінің мағынасы:
Жауабы: Аң-құстарға табыну
10. Байырғы адамдарда белгілі бір материалды затқа ерекше қасиетті деп табыну:
Жауабы: Фетишизм
11.Ежелгі Қазақстан тарихына жатпайтын тарихи үрдіс:
Жауабы: Ислам дінінің таралуы