Социализм негізгі орта білім беретін мектебі
Боранбаева Асем Аманжоловна
Күні: 19.02.2017
Сыныбы:8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің құрылысы.
Сабақтын мақсаты:
Білімділік: Асқорыту мүшелерінде астың қорытылу құбылысы, ас қорыту сөлдері, ферменттердің әсері, асқорытуды зерттеу туралы білім беру және құрылыстарымен толық танысу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу, логикалық ойлау, интеллектуальды қабілеттерін дамыту үшін асқорыту мүшелері туралы әртүрлі тапсырмалар мен сұрақтар қою.
Тәрбиелілік: Оқушыларға нақтылы мысалдар келтіріп асқорыту мүшелерін танып-білу туралы ғылыми-материалистік көзқарас қалыптастыру. Өзінің денсаулығын сақтауда жинақылыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Слайд, таблица.
Сабақ түрі: Дәстүрсіз
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, әңгімелесу, топпен жұмыс.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
V. Бекіту
VІ. Үйге тапсырма
VІІ. Бағалау
VIII. Қорытындылау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
1) Оқушылармен амандасу, сыныпты тізімін тексеру;
2) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын оқушыларды 3 топқа бөлу арқылы сұраймын.
1-топқа:
1) Адам тәулігіне 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге?
2) Қоректік заттар дегеніміз не?
3) Азықтық заттардың қоректік заттардан айырмашылығы неде?
4) Ас тағамдары әртүрлі болуы керек. Себебін түсіндір?
2-топқа:
1) Адам ағзасындағы нәруыздар,көмірсулар, майлар мен витаминдердің рөлі қандай?
2) Нәруыздар негізінен мал және құс етінде, жұмыртқада, жармада көп кездеседі. Ал, жәндіктерде кездесеме?
3) Асқорыту дегеніміз не?
4) Ферменттердің рөлі қандай?
3-топқа:
1) Адам ағзасындағы тамақтың рөлі қандай?
2) Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге?
3) Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, теледидар көруге,сөйлеуге болмайды.Неге?
4) Қоректік заттар дегеніміз не?
3. Жаңа сабақ.
Асқорыту жүйесі: асқорыту мүшелері мен асқорыту бездерінен тұрады. Асқорыту мүшелері түтік тәрізді асқорыту жолын құрайды. Адамда асқорыту жолының ұзындығы, шамамен, 8-10м. Олар:
1) ауыз қуысы
2) жұтқыншақ
3) өңеш
4) асқазан
5) ашішек
6) тоқішек
7) тікішек.
Ауыз қуысы алдыңғы жағында сыртынан ерін мен ұрт, ішінен тіс пен қызыл иек, жоғарғы жағы қатты және жұмсақ таңдай, төменгі жағы тіл мен ауыз түбінен, артқы жағы жұтқыншақпен жалғасады.
Жұтқыншақ – 11-13см бұлщық етті мүше. Төмен қарай тартылып өңешке жадғасады.
Өңеш – 25см бұлшық етті түтік. Өңеш көкет арқылы өтіп, ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады.
Асқазан – асқорыту жолының кеңейген көлемді мүшесі. Ол құрсақ қуысында, көкеттің астында орналасқан, сыйымдылығы 2-3л, пішіні алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді.Сақина тәрізді бұлшық еттер асқазаннын ұлтабарға жалғасатын жерінде сфинктер түзеді.
Ашішек – асқорыту жолының едәуір ұзын бөлігі. (5-7м.) Оның бастапқы бөлімі – ұлтабар немесе он екі елі ішек. Ұзындығы 12 еліге тең. Ішек сөлін ащы ішектің кілегейлі қабығындағы бездері бөліп отырады. Олар: пептидаза, амилаза, липаза.
Тоқішек – ұзындығы 1,5 — 2 м, басқы бөлігінің диаметрі 8 см, аяқталар тұсы 4 — 5 см. Тоқ ішектің қабырғасы кілегейлі, етті және сір қабаттан тұрады. Тоқ ішек соқырішек, жиек және тік ішек болып бөлінеді. Соқырішектің құрт тәрізді өсіндісі – аппендикс — ұзындығы 8 — 15 см, иммундық жүйенің мүшесі болып табылады. Соқырішектің осы өскінін атақты суретші Леонардо да Винчи 1942 жылғы салған суретінде бейнелеген. Ал ХҮІ ғасырда адам анатомиясының негізін салушы Андрей Везалий.
4. Оқушылармен жұмыс.
№1 тапсырма
Суретте бейнелеген мүшелерді ретімен жаз.
Бауыр, қарын, ұйқы безі, өңеш, өт қабы, ұйқы без өзегі, ұлтабар, өт өзегі.
№2 тапсырма
Тест.
1. Асқазаннан кейін қандай мүше орналасады?
А) аш ішек; ә) тоқ ішек; б) ұлтабар
2. Ас қорыту мүшелерін белгілеңіз?
А) ауыз қуысы, өкпе, асқазан; ә) жұтқыншақ, өңеш, жүрек; б) тоқ ішек, өңеш, асқазан.
3. Ас қорыту және тыныс алу мүшелері қай жерде қиылысады?
А) жұтқыншақ; ә) ауыз қуысында; б) өңеште.
4. Адамда ас қорыту мүшелерінің ұзындығы:
А) 3 — 5м; ә) 8 — 10м; б) 15 — 18 м.
Асқазаннан кейін қандай мүше орналасады?
А) аш ішек; ә) тоқ ішек; б) ұлтабар.
5. Тоқ ішектің бөлімдері:
А) аш ішек, жиек ішек, тік ішек;
Ә) соқырішек, тік ішек, ұлтабар;
Б) соқырішек, жиек ішек, тік ішек.
6. Ас қорыту мүшесінің бұл бөлімінде нәжіс қалыптасады:
А) аш ішекте; ә) тоқ ішекте; б) асқазанда.
7. Ол мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан ас қорыту мүшесі:
А) өңеш; ә) жұтқыншақ; б) асқазан
8. Аш ішектің бөлімдері:
А) ұлтабар, тік ішек, аш ішек;
Ә) ұлтабар, аш ішек, мықын ішек;
Б) соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек.
9. Ас қорыту мүшелерін ретімен орналастырыңыз:
а) ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, жұтқыншақ, өңеш;
ә) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек;
б) жұтқыншақ, өңеш, ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек.
10. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?
А) жұмсақ таңдайда; ә) ұрттың сілекейлі қабығында; б) тілде.
Жауабы: 1. Ә 2. Б 3. А 4. Б 5. Б 6. Ә 7. Ә 8. Ә 9. Ә 10. Б
№3 тапсырма
Сұрақтар Жауабы
1 Ас қорыту мүшесі қай қуыста орналасқан? 2
2 Сілкей безі қай жерде орналасқан? 7
3 Өт қабының орналасқан жері. 3
4 Бауыр не бөледі? 6
5 Қорытылған ас қай жерде сіңіріледі? 8
6 Нәруыз қай жерде ыдырай бастайды? 4
7 Май ненің әсерінен ыдырайды? 9
8 Ұйқы безі тәулігіне қанша литр сөл бөледі? 5
9 Қарынның сыйымдылығы қанша? 1
Жауаптары:
1-3,5кг 6-өт
2-құрсақ қуысында 7-ауыз қуысында
3-бауырда 8-аш ішек
4-асқазанда 9- ұйқы безінің сөлі және өт
5-2 литр
5. Жаңа сабақты бекіту.
1. Ас қорыту мүшелерін атаңыздар? (ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек)
2. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады? (жұтқыншақ)
3. Ас қорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады? (аш ішек)
4. Ашішек бөлімдерін ата? (ұлтабар (12 ішек), аш ішек, мықын ішек)
5. Тоқ ішектің құрылысы қандай? (соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек)
Сәйкестендіру кестесі.
№ Мүшелер Маңызы
1 Бауыр Ағза зертханасы
2 Ашішек Асқорыту жолының едәуір ұзын бөлігі
3 Тоқішек Астың сіңуі өтеді
4 Ауыз қуысы Тағам шайналып ұсақталады
5 Жұтқыншақ 11-13см бұлщық етті мүше
6. Үй тапсырмасы
§43 түсінік айту, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.
7. Бағалау