Табиғаттың жұмбақ сыры

Табиғаттың жұмбақ сыры
Бізді жан-жақтан сандар қоршайды. Олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар арқылы санап қана қоймаймыз, біз оларды санаймыз. Сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас едік. Сандарсыз бір затты да сатып ала алмаймыз, өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз,бізге тағы да қанша керек екені жөнінде де айта алмаймыз. Қазақ халқы сандарға ерекше назар аударған. Менің көңілімді аударған 12 саны.
Бір жылда 12 ай болса, адамда 12 мүше бар. Уақыт көшінің бір жылы 365 күннен тұрса, Қытай емшілерінің айтуынша, адамның да буындары соншама. Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты екендігін айғақтайды.
12 мүше, 12 сағат. Халық аузындағы халық жұмбақтарының бірінде: «Дүниеде бір ағаш бар түбі жуан, он екі ұл, алпыс екі қыз бір күн туған», — деп айтылатын. Мұндағы 12 ұл адамның он екі мүшесі, 62 қыз – адамның алпыс екі тамыры (алпыс екі мүшеге тараған тамыр), ал ағаш – адамның өзі.
Төрт мүше (екі аяқ, екі қол), жеті мүше тәрізді он екі мүше адамның дене бітіміне байланысты айтылған. Біз үлкен кісілерден алыс сапардан оралғанда «Он екі мүшең аман ба? Төрт мүшең түгел оралдың ба?» , — деп амандасып, жөн сұрасқандарын әдеби кітаптардан оқимыз, өмірде де көп көреміз. Осы қариялардың кезінде он екі мүшенің не екенін санамалап айтып кеткен бір нұсқасы бойынша адамның он екі мүшесі мыналар екен:
І топқа – бас ( аралық, орталық, артқы ми)
ІІ топқа – көз және оның қосалқы мүшелері (кірпік, қас, көздің бөліктері)
ІІІ топқа – мұрын (танау тесіктері, иірімдері, кеңсірік, түктері)
IV топқа – ауыз ( тіс, тіл, таңдай, көмей, сілекей бездері)
V топқа – құлақ (құлақтың қалқандары, ішкі мүшелері)
VI топқа – кеуде, омыртқа жотасы, қабырғалар ( жүрек, өкпе және бұлардың жеке қосалқы мүшелері)
VII топқа – бауыр және талақ немесе көкбауыр
VIII топқа – бүйрек және зәр шығару мүшелері
IX топқа – ас қорыту мүшелері
X топқа – жыныс мүшелері
XI топқа – иық белдеуі ( бұғана, тоқпан жілік, кәрі жілік, алақан саусақ сүйектері)
XII топқа – жамбас белдеуі. (жамбас, ортан жілік, асықты жілік, тобық, табан, бақай сүйектері)
Омыртқа жотасы 33 – 34 омыртқадан тұрады. Оны мойын (7омыртқа), арқа (12) омыртқа, бел (5), сегіз көз ( сегіз түзетін қосыла өскен 5 омыртқа), құйымшақ (құйымшақ түзетін қосыла өскен 4 – 5 омыртқа) бөлімдері құрайды. Арқа омыртқалары, қабырғалар мен төс кеуде қуысын түзеді. Адамда, әдетте, доға тәрізді иілген жалпақ 12 жұп қабырға болады. Олар артқы жағынан арқа омыртқаларымен жалғасады, ал алдыңғы жағы төспен байланысады.
Он екі мүше, он екі сағат, бұл да бір табиғаттың жұмбақ сыры. 12 ай,12 күн.
Күн жүйесіндегі ең ірі планетаның бірі –Юпитер Оның күн жүйесіндегі диаметрі 142 мың км Ол түн кезіндегі жыпырлаған жұлдыздардың ішінен жап-жарық болып ерекше көріеді. Күнді айналу периоды – 12 жыл. Оның айналасында 12 серігі айналып жүреді.
12 мүшел жас. Ата-бабамыз жыл қайыруды, күн айыруды ұрпақтарына үйретіп, әрбір жылдың, айдың, күннің ерекшеліктерін айқын біліп, айтып отырған. Жыл қайыруда мүшел жылын ерекше атап, мүмкіндіінше мүшел тойы әрбір он үшінші жылы аталып өтеді. Алғашқы мүшел жас
1. -13,
2. 13 +12 = 25
3. 25 + 12 = 37
4. 37 + 12 = 49

5. 49 + 12= 61
6. 61 +12 = 73
7. 73 + 12= 85

Мүшел жасы қасиетті жас ретінде тойланып, ол жасқа дейін ерекше, елеулі өзгерісер болғаны айтылады.
Он екі айдың жартысы жаз болады.
Жаз белгісі үйрек пен қаз болады (Қозы Көрпеш – Баян сұлу)
Сондай – ақ, 12 санына байланысты тағы да: «он екі мүшең сау болсын», «он екі де бір нұсқасы жоқ», «он екі де бір гүлі ашылмаған» деген сөз де бар.
12 санына қатысты айтылған тәрбиелік мәнді сөздер:
Абай атамыздың адамдарды имандылыққа шақырған 12 –нші қара сөзі бар. «Кімде-кім жақсы, жаман дүр ғибадат қылып жүрсе, оны ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды. Әйтеуір жақсылықты қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз.»
Он екі мүшең сау болса,
Жаралымын деме,
Он саусағың сау болса
Дәулет емей немене, — деп барлық жақсылыққа, үлкен жетістіктерге, байлыққа, биік шыңдарға тек қана жақсылықтың, адал еңбек етудің арқасында ғана жетесің. Мұнда денсаулықты күту, еңбек ету, шаршамау, талмау, іздену керектігі айтылады.
Лиро – эпостарда 12 киелі санына байланысты кездесетін жолдар:
Үлкендігі басының
Он екі қарыс қазандай
Орай да, орай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан. (Қобыланды батыр)
Осылайша интернеттен іздену барысында 12 санының киелі де, қасиетті екендігін білдім. Таяу уақытта білім берудің жаңа жүйесі бойынша әрбір мектеп партасында отырған азамат 12 жыл оқиды. Мұның да үлкен ғылыми сыры бар деп есептеймін.
Айдос СЕНГИРБАЕВ, 10 «а» сынып оқушысы.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *