Медициналық білім негіздері
Сабақтың тақырыбы: Сүйек сынықтары жөнінде түсінік, сынық түрлері.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға сүйек сынықтары, сынық түрлері, сүйектің химиялық құрамы мен өсуі туралы , алғашқы көмек көрсету туралы білім беру.
ә) тәрбиелілік:Отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
б) дамытушылық.Сүйек типтері мен олардың байланысуын оқып-білуде оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: адам қаңқасының моделдері, тірек-сызбалар , сөзжұмбақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, суреттеу.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасы
3.Жаңа сабақ
Кеңістікте қозғала алу қабілеті- тірі ағзаның маңызды қасиеті. Бұл қызметті қаңқа мен бұлшық еттер атқарады
Қаңқа
Тірек қозғалғыштық қан жасушасы қорғаныштық
Тірек сызба №1
қ/с Мүшелері Қаңқа бөлімдері1
1 Бас сүйек Ми сауыты, бет бөлімі Қозғалмалы-астыңғы жақ
Қозғалмайтын-үстіңгі жақ
2 Кеуде қуысы Қабырға-12 жұп, төссүйек, омыртқа жотасы. 33-34 омыртқа.Мойын-7, арқа-12, сегізкөз-5,құйымшақ-4,5, 4-иілім түзеді.
3 Иық белдеуі Жауырыны-2
Бұғана-2
4 Қол сүйектері Тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ сүйек,білезік, алақан, саусақ сүйектері
5 Аяқ сүйектері Жамбас-2, ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек толарсақ, өкше, башпай сүйектері 26 сүйектен тұрады, толарсақ, табан, башпай сүйектері
Жілік басы-кемік заттан тұрады-қан жасушалары түзіледі.Сүйектердің көбісі сырты тығыз және кемік заттардан тұрады. Сүйектің сырты-тығыз ұлпадан, ішкі бөлімі кезекті ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйекқан болады. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі сүйекқапқа байланысты. Сүйекқапта қан тамырлар мен жүйкелер болады.
№2
№3 Сүйек құрылысы
№4 Сүйек түрлері
№5
№6 Тірек – сызба
Сүйек сынуының белгілері.
-Жарақатталған сүйектің айналасы ауырады.
-ісіктің пайда болуы
-қапшалау
-сынған жердің қалыпты қимялдай алмауы.
Алғашқы медициналық жәрдем көрсету:
1.Дененің сынған жерін мүлдем қимылдатпау керек.
2.Жараны таңу мақсатымен киімді және аяқ киімді шешіп алуға болмайды, оларды қиып, сынған жерді жалаңаштау керек.
3.Егер ашық сынықта қан кетсе, қанды дереу тоқтату керек.
4.Стерильді таңғыш салып, ауырғанын басатын дәрі егу керек.
5.Сынған жерді қолда бар құралдармен қозғалмайтындай етіп таңу керек.
Мақал- мәтелдер.
1.Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.
2.Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде
3.Сынықтан басқаның бәрі жұғады.
4.Ауырып тұрдың, аунап тұрдың
5.Денсаулық- зор байлық
6.Ауруды елемеген өледі, дауды елемеген төлейді.
7.Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.
8.Денсаулық кепілі- тазалық.
9.Он екі мүшең сау болса, жарлымен деме.
Жаныңда жараң болмаса, зарлымен деме
Сөзжұмбақ
С
Ү
Й
Е
К
Т
Е
Р
1.Суйектің құрамындағы 50% (су)
2.Сүйектің сыртқы қабығы . (сүйекқап)
3.Сүйек құрамында 15,7% болатын не ? (май)
4.Серпімді, иілгіштік қасиет беретін зат. (оссеин)
5.Аяқ сүйегіндегі негізгі сүйек. (жілік)
6.Сынықтың түрі. (шытынау)
7.Сүйекті ұстап тұрған ткань. ( ет)
8.Адам жасы ұлғайған сайын көбейетін заттар? (минералдар)
Венн диаграммасы.
Қой сүйек Адам сүйегі
Қазақ халқының табақ жасау жолдарын үйрету.
1. «Құда табақ»- жамбас, кәрі жілік
2. «Құдағи табақ» -жақ, ортан жілік
3. «Күйеу табақ» -төс
4. «Қыз табақ» — құйымшақ
5. «Бастабақ» — бас салынады.
6.Бағалау.
7.Үйге : Сынық түрлері.