Алтай аясында

Бәйдібек ауданы, «Бөген» жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Құдияр Салтанат

Ана тілі 3 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Алтай аясында.
(Иса Байзақов)
Сабақтың мақсаты: а/ Оқушыларды елін сүюге, табиғатты қызықтап, оны
қорғауға әрі әдемілікті, әсемдікті сезіне білуге үйрету, олардың эстетикалық талғамын арттыру.
ә/ Оқу техникасын жетілдіру, түсініп оқуға баулу.
б/ Мәтіндегі сөз тіркестері мен көркем сөздердің мағынасын меңгере отырып, тілдік қорын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, плакаттар, сөзжұмбақ, бейне
жұмбақ, тест сұрақтары, тірек сызбалар, слайдтар.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап және әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
І Үй тапсырмасын сұрап еске түсіру, қорытындылау.
а/ Үйге не берілді?
ә/ Өлеңде не туралы айтылған?
б/ Киіктің баласын қалай атайды?
в/ Аңшыға мінездеме бер.

ІІ. Жаңа сабақ.
а/Жұмбақ шешу.
Өркеші бар түйе емес,
Не ақ отау-үй емес.
Бір орнында тұрғаны,
Не болады бұл кәне? (тау)

ә/ сөзжұмбақ шешу. Дұрыс шешкенде ерекше тор көздерден бүгінгі
жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.






 

1.Оқу- білім бұлағы, білім-өмір … (шырағы)
2.Өнер алды қызыл … . (тіл)
3.Қына тасқа бітеді, білім басқа … . (бітеді)
4.Елдің көркі мал, өзеннің көркі … . (тал)
5.Жері байдың-елі … . (бай)








6.Табаныма байладым
Қос таяқпен айдадым (шаңғы)
7.Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады. (пияз)
8.Жылт-жылт етеді
Жылғадан өтеді. (су)
9.Жолбарысқа ұқсайды
Тышқан ғана ұстайды. (мысық)
10.Қанаты жоқ, ұшады
Аяғы жоқ, желеді.
Аузы жоқ, ұлиды. (боран)
11.Ұрып қалсаң кері атып,
Оралады өзіңе. (доп)
12.Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың. (жаңбыр)

Демек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Алтай аясында»
Қазақстан Республикасының картасын пайдалана отырып , Алтай тауының көріністерін пайдалана отырып, түсіндіру.
Алтай тауы Азия құрлығының орта тұсындағы үлкен тау. Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды,жартасты болып келеді. Таудың ең биік шыңы- Ақтау (Мұзтау) оның биіктігі 4506 метр . Алтайдың Қазақстандық бөлігі төрт ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай, Қалба Жотасы. (Алтай тауы, Алтайдағы қатпарлы жартас, Алтай тауындағы Рахманов бұлағы, Алтай тауының көрністері бейнеленген суреттер пайдаландым.)
Алтай тауының асты кен байлықтарына бай. Мұнай, темір, көмір, алтын, күміс, қорғасын, қалайы, мыс сияқты қазбалар мол.
а/ Өлеңді тұтас мәнерлеп оқып беремін.
ә/ Сөздік жұмысын жүргізу.
Аясында- бауырына
Қиясына- биігіне
өршіл- биікке құмар
сайын- кең , жазық
орғып- секіріп
торғын- түкті жұмсақ мата

б/ Өлеңді оқушыларға оқыту.
ІІІ. Мәтін бойынша жұмыс.
1.Ақын таудың ең биік төбесін неге теңейді? (Ақ бас атан түйеге)
2.Ақша қарды неге теңейді? (Ақ күміске)
3.Таудың сұлулығын кімге теңейді? (Торғын жамылған аруға)
4.Алтайдың биіктігі туралы не дейді? (бұлт жете алмаған)
IV. «Серуенде» ойыны.
Тақтаға табиғат аясы бейнеленген плакат ілінеді. Ондағы номерлерді алып , оқушы алып сәйкес сұрақтарға жауап береді.

1.Табиғатты қорғауға байланысты тыйым сөздер.
2. «Өзен» кімнің шығармасы? Бір шумағын жатқа айт.
3.Адамдар жан-жануарлардың әрекетіне қарап, ауа-райын қалай
болжаған?
4.Табиғат туралы мақал-мәтелдер айт.
Сұрақтарға жауап беріп оқушы тау басындағы шыңға ту тігеді.
V. Топпен жұмыс.
Оқушыларды үш топқа бөліп, тапсырмалар беру.
1-топ. Таудың суретін салу.
2-топ Таудың сұлулығын суреттейтін сөздерді өлеңнен теріп жазу.
3-топ Өлеңді мәнерлеп оқу.


VI. Сабақты пысықтау. Тест сұрақтары.
1.Ұя салмайтын құс
а/ бұлбұл ә/ сауысқан б/ көкек
2.Қазақстанның қызыл кітабы қай жылы шықты.
а/ 1996 ә/1980 б/1966
.Абылайханның шын аты кім?
а/ Сабалақ ә/ Әбілмәнсұр б/ Абылай
ҮІІ. Үйге тапсырма.
ҮІІІ. Бағалау.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *