Посткраниальды скелетінің құрылысы

Посткраниальды скелетінің құрылысы
Сабақ мазмұны
1. Тетраподтар негізгі морфотиптерімен және олардың кейбір структуралық элементерінің – омыртқалар, иық және бел белдеу, қол және аяқ сүйектерінің эволюциялық өзгерістерімен танысу.
2. Бақа, қой, мысық, мамонт омыртқаларының құрылысын оқып білу
Құрал жабдықтар мен материалдар
1. Тетрапод скелеттерінің суреттері мен бөлек сүйектер.

Қаңқа скелеті.
Омыртқа (позвонок, vertebra) — серпімді шеміршек арқылы біріккен. Шеміршектің қызметі арқылы омыртқа жотасы иілу қабілетіне ие болады. Әрбір омыртқаның денесі, догасы және бірнеше өсіндісі бар. Олар: білікті, көлденең, буындық өсінділер. Омыргқаның ең узын білікті өсіндісі артқа қарай шығып түрады. Омыртқаның денесі мен доғасының аралығыпда тесік бар. Барлық омыртқалардың тесігі бірігіп омыртка жотасының өзегі пайда болады. Оның ішінде жүлын орналаскан. Омыртка жотасы жүлынға берік қоргаушы қызметін атқарады.
Омыртка доғасының 2 жогарғы, 2 төменгі буын өсіңдісі бар Омыртка денесі маі доғаның біріккен жерінде, жогарғы жак темеңгі жағыңда, ойық бар Омыртка жотасындағы барлық омыртка біріккеңде, олардағы ойыктан, омыртка аралық тесік пайда болады. Омыртка аралық тесіктен жүлыннан шығатын жүйкелер мен кан тамырлары өтеді.
Омыртқа типтері:
• Амфицельды — екі жағынан ойықша келеді
• Ацельды – екі жағынан тегіс (сүтқоректілерде).
• Процельды – алдыңғы жағынан ойықша, артынан дөңес (рептилийдерде).
• Опистоцельды – омыртқаның артқы жағы дөңес (сүтқоректілердің мойындарында).
• Гетероцельды — ертоқым тәрізді (құстардың мойындарында).

Омыртқа жотасы эволюция барысында келесі бөліктерге бөліңген:
мойын
сегіз көз алды
дене арқа кеуде
сегіз көз бел
құйрық

Қол скелеті
Қол скелеті иық белдеуінің скелеті мен колдың өз скелетінен түрады.
Иық белдеуі
Иык белдеуі байланыстырушы сінірлермен, бұлшық еттермен көкірек клеткасына бекіген және алдыңғы жағынан төс сүйекпен буындаскан екі жауырыннан және екі бұғанадан түрады.
Бүғана (clavicula, ключица) S-әрпі тәрізді иілген жүп сүйек, оның денесін және екі үшын — төстік және акромиальдық ұштарын ажыра¬тады. Екі үшында буын беттері болады, бір үшы төспен буындасса, ал екінші ұшы жауырынның акромиальдық өсіндісімен жалғасады.
Бүғананың маңызы зор: көкірек кеуде клеткасынан иык буы-нын тиісті қашықтықта үстап түратын тірек. Бүғана калталылар мен қолқанаттыларда дамыған күмінде сакталған, ал приматтарда, әсіресе адамдарда жаксы жетілген. Аяқтары біртүрлі кимыл аткаратын жануарларда бүғана толыктай жойылған (тұяқтыларда, кит тәрізділерде, сирендерде), ал басқаларда рудименттік күйде сакталған (насе-комжеушілерде, кемірушілерде, шалатістілерде, жыртқыштардың көпшілігінде).
Жауырын (scapula, лопатка) үшбүрышты жалпак сүйек. Оның үстіңгі бетінде акромиондык өсіндімен аякталатын қырқа (гребень) орналаскан. Акромиондык өсіндімен жауырын бүғанамен жалғасады (14-сурет). Жоғарғы жиегі қүстүмсықтәрізді өсіндіге айналған. Қырқа жауырыннан басталатын бұлшык еттер бекитін ауданды арттыру үшін кажет. Бұл кырқа сүткоректілерге ғана тән, омырткалардың баска кластарында жетілмейді. Қырка жауырын бетін екі бөлікке бөліп түра-ды, қырка үсті және кырқа асты ойпаттарға.
Қолдың сүйектері
Қол мен аяктың скелеттері негізінде ұқсас. Олардын әр қайсысы үш негізгі бөлімнен — проксимальдык, ортаңғы және дистальдық бөлімдерден тұрады. Қолдың үстіңгі бөлімін тоқпан жілік кұрайды. Оның үстіңгі үшы жауырынның буын ойпатына кіріп, иык буынын қүрайтын басы. Жіңішке анатомиялық мойны токпан жіліктің басын денесінен беліп түрады. Анатомиялық мойынның астында бұлшық еттер бекитін үлкен және кіші төмпешіктер орналаскан. Осы төмпешіктерден төменірек хирургиялық мойын жайғаскан. Дистальдық ұшында білекпен буындасатын тоқпан жіліктің блогі болады. Блоктын жанында кәрі жілікпен буындасатын жұмыр дөнес байкалады. Блок пен осы дөңестің үстінде орналасқан сүйектің медиаль-дық және латеральдық жиектерін медиальдық және латеральдык ай-даршықтар деп аталатын томпақтар күрайды. Медиальды қайдаршыққа қол басын бүгетін бүлшық еттер бекиді. Тоқпан жіліктің алдыңғы бетінде, блоктын үстінде екі шұңқыр орналасқан: алдынғы жағында тәждік (кәрі жіліктік), артында — шынтақтық шұңқырлар. Қол бүгілген кезде тәждік шүнкырға кәрі жіліктің үшы кіреді. Тоқпан жіліктің дистальдық үшы білектің сүйектерімен буындасады.
Білек екі суйектен — шынтақ сүйек пен кәрі жіліктен тұрады (16-сурет). Шынтақ сүйек кәрі жілікке қарағанда үзынырак. Оның проксимальдық үшында екі өсінді бар: шынтақтык және тәждік.
Шынтак сүйектің төменгі ұшы жуандап оның дистальдық басын құрайды. Оның артқы жағында біз тәрізді өсінді орналасқан.
Кәрі жіліктің проксимальдық ұшы басы деп аталады. Басы денесінен мойын арқылы бөлінген, мойынның төменгі жағында кәрі жіліктің бұдыры болады. Кәрі жілік пен шынтақ сүйек өзара сүйек-аралық жарғакпен жалғасқан. Кәрі жілік пен шынтақ сүйектін үстінгі және астыңғы беттерін ажыратуға болады, ал үшінші беті жінішке, сыртына карай орналаскан. Кәрі жіліктің төменгі үшының медиальдык бетінде шынтақ сүйекпен буындасатын кішкене ойынды байқалады. Кәрі жіліктің дистальдік эпифизі біз тәрізді өсіндімен аяқталады. Білектің проксимальдік үшында кармен буындасуда маңызды рольді шынтақ сүйек аткарады, ал дистальдік ұшында қолдың қоспасымен буындасуға кәрі жілік қана катысады.

Рис. 81. Иық сүйектер: палеозой амфибиясы (а), примитивті қарапайым рептилия (б), кесіртке (в), опоссума (г); барлық сүйектер вентральды жағынан: а — сол жақ, б,г — оң жақ сүйектері. Бастапқы иық сүйегі қысқа жәнеекі басы кеңейген болған.( проксималды жағы дистальды жағынан 90° — қа дейін бұрылған, сондықтан тарлау болып көрінеді – а және б). Барлық жағдайларда дельта тәрізді және кеуде былшық еттер бекітілетін мықты айдар байқалады. Ал кейіңгі кезде омір сүрген жануарлардың сүйектері ұзынрақ және жіңішкелеу, әсіресе ұсақ жануарларда. Примитивті рептилийдерде сүйектің дистальды бөлігінің ішкі, немесе постаксиальды (foramen entepicondylare — 9), және сыртқы, немесе преаксиальды (foramen ectepicondylare — 10), шетінде тесіктер болады. Бірінші тесік әртүрлі сүтқоректілерде және гаттерияда сақталыңған, ал екіншісі — рептилийдерде. 1 — ішкі ойқыс үсті; 2 — пекторальды қыры; 3 — басы ; 4 — дельта тәрізді бұдыр; 5 — өсінді (супинаторлы); 6 — латеральды айдаршық; 7 — шыбық шұңқыры; 8 — шынтақ шұңқыры ; 11 — үлкен төмпешік; 12 — кіші төмпешік (Ромер, Парсонс, 1993).

Жалпы терминология Сүтқоректілер анатомиясы
Radiale Scaphoideum
Intermedium Lunare (s.semilunare)
Ulnare Cuneiforms (клиновидная)
Pisiforme Pisiforme
Centrale Centrale
Carpale distale 1 Trapezium
Carpale distale 2 Trapezoideum
Carpale distale 3 Magnum (большая)
Carpale distale 4 Unciforme
Саусақтар — digiti. Проксимальды элементтер — metacarpalia. Дистальды элементтер — фалангтар — phalanges digitorum. Тырнақтық фалангтер — phalanges unguales. Үлкен саусақ — pollex. Құстарда үш ішкі саусақтар болады. Барлық жануаоларда редукция сыртқы саусақтарынан басталады.
Саусақтар рим цифраларымен , а білезік және тобық дистальды элементтер запястья и предплюсны — араб цифрларымен С (cl — с4) — орталық (centrale); R — кәрі жілік (radius); U — шынтақ (ulna); г — кәрі жілікті (radiale); i — аралық (intermedium); u — шынтақты (ulnare); 6, pis — бұршақ тәрізді сүйек (pisiforme); sc — scaphoideum; lu — lunare; су (на В) — cuneiforme білезікте ; tz — трапеция (trapezium); td — трапеция тәрізді (trazoideum); mg — үлкен (magnum); un — unciforme; T — асық жілік (tibia); F — шыбық сүйек (fibula); f — fibulare; a — блок тәрізді сүйек (astragalus); ca — өкше сүйек (calcaneum); enc — entocuneneiforme; nav — naviculare; mc — mesocuneiforme; ec — ectocuneiforme; cu (на E) — квадратты (cuboideum) (Ромер, Парсонс, 1992)
Фаланг формуласы әр саусақтағы ішкі саусақтан бастап шет саусақтарға дейін, фалангалар санын көрсетеді. Амфибия саусақтары екі немесе үш фалангтардан құралған. Ал кеш девондағы телерпетонда алты саусақты қол-аяқтары болған.
Примитивті рептилийдердің фаланг формуласы – 2.3.4.5.3., жоғарғы сатыдағы формаларда – 2.3.3.3.3. Бұл примитивті сүтқоректілерге де тән. Кит тәрізділерде фаланг саны 13 немесе 14 –ке дейін көбейіп, су рептилийдерде (ихтиозаврлар, плезиозаврлар) – 20 дейін жетеді.

Жамбас белдеуі
Жамбас сүйегі үш жұп жеке сүйектерден түрады — мықын, шат және шонданай сүйектерден (18-сурет). Осы аталған сүйектер ұршық шұқырының аймағында бірігіп-бітісіп екі жамбас сүйегін құрайды. Белдеудің алты бөліктері өзара және сегізкөз омырткаларымен берік қосылған. Белдеудің екі жартысының сүйектері алдыңғы жағынан шат симфизі деп аталатын аз кимылды байланыс кұрайды. Осы аймақтағы майысқақ шеміршек босану кезінде жамбас тесігінің кеңеюін кам-тамасыз етеді. Қайсыбір сүткоректілерде туар уақыты жакындаған кезде гормондардың әсерінен жамбас белдеуінің симфизі жұмсап, созылғыш болады.

Мықын сүйек (os ilium, подвздошная кость) денесінен және мыкын қырқасымен аякталатын қанаттан түрады. Қырқаға кұрсақтьщ жалпақ бүлшық еттері бекиді. Мықын сүйектің бөксе бетінде бексе бұлшық еттері бекитін үш бөксе бүдыр сызықтары бар.
Шонданай сүйегі (os ischii, седалищная кость) ұршык шұңқырын қүрауға катысатын денесі болады, ал оның бұтағы жамбастын кол сүғарын шектеуге қатысады.
Шат сүйегінде (ospubis, лобковая кость) ұршык шұңқырын калып-тастыруға катысатын денесі бар.
Аяқтың сүйектері
Аяқтың скелеті ортан жіліктен, сирақтың екі сүйегінен және аяк басының сүйектерінен түрады.Ортан жілік (femur, бедренная кость) жамбас белдеуімен, тізе буы-нында асық жілікпен буындасатын аяктың ең ірі сүйегі (19-сурет). Ортан жіліктің үлкендігі дененің үлкендігін анықтайды. Ортан жіліктің ұршық шұңқырымен буындасатын шар тәрізді басы денесімен үзын мойны аркылы жалғасады. Мойны мен денесінің шегі арасында екі ірі темпешік орналасқан: үлкен және кіші ұршық төмпешіктер. Бүл кұрылымдар ортан жілікте айналдыратын бүлшық еттердің бекуін қамтамасыз етеді. Ортан жіліктін денесі томен бағытта жуандап екі айдаршыққа айналады: медиальдықжәне латеральдық. Осы айдаршық-тардың арасында айдаршыктар аралык, шүнкырша байқалады. Айдар-шыктардың үстіңгі жағында бұлшык еттер мен байланыстырушы сіңір бекитін бұдырлы шоқы орналаскан. Тізе буынында қайсыбір кесіртке-лерде, кұстардың көпшілігінде болатын, бірак кейбір сүткоректілерде (сирендерде, киттәріздерде, қолқанаттыларда) болмайтын тізе тобығы деп аталатын сіңірден пайда болатын сүйек дамиды.
Сирақ сүйектері. Сирак сүйекаралык жарғақпен өзара байланыс-қан асықты жілік пен шыбық сүйектен тұрады. Шыбық сүйек асык жілікке қарағанда нашар жетілген.
Асықты жілік (tibia, большеберцовая кость) сирақтың медиальдық бетінде орналаскан біздің денеміздегі ең мыкты сүйек (20-сурет). Медиал-дык және латералдық екі айдаршығы бар жоғарғы эпифизі жаксы жетілген. Бұл айдаршықтар ортан жілікпен буындасуға буын беттерін қүрайды. Дистальдық эпифизде аяк басының асыкты сүйегімен буындасатын төменгі буын беті болады. Төменгі эпифиздің латеральдык бетінде шыбык сүйектің буындасуына кажет шыбық сүйектік ойынды бар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *