Тістер

Тістер
Сабақтың мақсаты: тіс жүйесі құрылысын қайталау; рептилийдер мен сүтқоректілердің тіс алмасу процесі мысалы ретінде тіс жүйесінің әр түрлі деңгейінің қалыптасуын қарастыру (мамонтардың горизонтальды және носортардың вертикальды).
Құрал жабдықтар мен материалдар: әртүрлі сүтқоректілерге жататын жануарлардың тістері: селедонтты, брахиодонтты, мезодонтты, лофодонтты.

Теориялық бөлім.
Тістер – қазба жұмыстары кезінде ең информативті және көп кездесетін скелет бөлшегі.
Тістер төменгі және жоғары жақтардың альвеоляр шұңқырларында орналасады. Әрбір тістің сауыты (коронка), түбірі және мойыны бар. Тістің іші қуыс, ол пульпа сүйықтығымен толған.
Тістің негізгі массасы дентін деп аталатын әктелген дәнекер ұлпасының түрінен тұрады. Дентиннің қоректенуі тіс пульпасының есебінен жүреді. Тіс сауытының дентині эмаль деп аталатын эпителийден пайда болатын өте тығыз әктелген ұлпамен қапталған. Тістің түбірі кемік сүйекке ұқсас материалмен – цементпен қапталған. Тіс қуысын қоршаушы дентин одонтобластер ден аталатын ерекше клеткалар қабатының астында жатады. Одонтобластлердің қызметі дентинді түзумен байланысты.
Жалпы сүтқоректілердің тістері дифиодонтты – екі рет тісейді (сүт тістер мен тұрақты тістер) және текодонтты (түбірлері ұяшықтарда орналасқан). Ал көне амфибияларда тістері субтекодонтты және акродонтты болатын. Сүтқоректілердің тіс жүйесінің гетеродонтизм шайнау актісіне байланысты тістердің жеке топтарының арасындағы еңбек бөлісуінің нәтижесінде пайда болған. Сүтқоректілердің гетеродонттық тістері эволюция процесінде рептилийдің қарапайым гомодонтты тістерінен бірте-бірте дамыған.
Сүтқоректілердің әрбір жоғарғы және төменгі жарты жақта күрек тістер – incissivi, ит (сойдақ) тіс – canini, кіші азу тістер – premolars, үлкен азу тістер – molare орналасады.
Сұтқоректілердің тіс жүйесі жоғарғы және төменгі тістердің бір бірімен сәйкесуімен ерекшеленіп, окклюзия деп аталады.
I3 C1 P3-4 M3
Сүтқоректілердің тіс формуласы: ————————
I3 C1 P 3-4 M3

Плацентарлы жануарларда тістің шайнау бетінде әр түрлі төмпешіктер пайда болған – негізгі: жоғарғы жақта кондар, төменгі жақта конидтер, қосымша конули және конулиды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *